Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Білім

2017 жылғы І жартыжылдығында білім саласы бойынша атқарған жұмыстары туралы

            Аудан бойынша 20 мектепте 6250 оқушы 391 класс жиынтығында білім алды. Оларға 1142 мұғалім сабақ берді. Педагог - қызметкерлердің 1044-і жоғары білімді, 98-і арнаулы орта білімді. Біліктілік санаты бойынша 113-і жоғары, 426-ы бірінші санатты болса , 382-і екінші санатты педагогтар.

2017 жылы сала бюджеті 3 млрд 419 млн. теңгені құрап, 1 оқушыға бір жылға кеткен шығын орташа есеппен 436 мың теңгеге жеткен.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы

Бүгінгі күні ауданда 10 мемлекеттік, 13 жеке балабақша, 14 мектеп жанындағы шағын орталықтарда, барлығы 37 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2022 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде жеке балабақшаларда-876, шағын орталықтарда-355, мемлекеттік балабақшаларда-791 бала тәрбиеленуде.

Ауданда 1 мен 6 жастағы бала саны 5194, олардың мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылғаны 2022 бала 54 пайызды, 3 пен 6 жастағы балалардың саны-3339, олардың мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылған 1786 бала 100 пайызды құрап отыр.

2017 жылға 1245 орынға «Балапан» бағдарламасы аясында 6974,0 мың теңге қаржы бөлінді

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 275 тәрбиеші жұмыс атқарады. Олардың І санаттысы 43, ІІ санаттысы 83. Білім жетілдіру курстарынан 3 меңгеруші, 1 әдіскер, 40 тәрбиеші білімдерін жетілдірсе, жеке балабақшаның 22 тәрбиешісі ақылы негізде көшпелі курстан өтті. Жыл басынан бері аудандық 2, облыстық 2 семинар- практикум жұмыстары ұйымдастырылды. Семинар жұмыстарына 136 тәрбиеші қатысып, әдістемелік көмектер алды.

Мектептердің техникалық жай күйі

Аудандағы 20 мектептің барлығы типтік жобада салынған.

Шәменов ауылындағы №34 орта мектеп ғимараты апатты жағдайда. №34 орта мектеп 1991 жылы типтің жобада салынған. Жобалық қуаты 704 орындық. Қазіргі уақытта 1-11 кластарда 181 оқушы, мектепалды даярлық тобында 24 тәрбиеленуші, барлығы 205 бала білім алуда. 2016 жылдың қыркүйек айында «КZ Құрылыс сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мектеп ғимаратын апаттық жағдайда деп эксперттік қорытынды шығарып, мектеп ғимаратының құрылысын жаңадан салу қажеттілігі туындап отыр. Бұл мақсатта аудандық бюджеттен 8050,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Проект-Сервис» ЖШС-гі 300 орындық мектептің жоба –сметалық құжатын дайындады. 1183,0 мың теңгеге мемлекеттік сараптама жасалды. Жаңа мектеп ғимараты салынатын жер телімі белгіленді.

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы жалпы жәй жөндеу жұмыстарына барлығы 17 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жасалуда.

2017 жылы Ақарық ауылындағы №124 орта мектептің жылу қазандығына күрделі жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 12,3 млн теңге бөлініп, тендер қорытындысымен «Асанас-Дар» ЖШС 9856,0 мың теңгемен жеңімпаз атанды.

№188, 117, 201 мектептердің ғимараттарын күрделі жөндеуге жоба-сметалық құжат әзірленуде. Бұл мақсатта аудандық бюджеттен 8,2 млн теңге бөлінді.

17 мектепке бейне бақылау камералары орнатылып, аудандық бюджеттен 3764,0 мың теңге бөлінді.

№31, 32, 123, 201 және аудандық оқушылар Үйіне облыстық бюджет есебінен «Робототехника» кабинеттерін сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда. Бөлінген қаржысы 16771,0 мың теңге.

Аудан мектептеріне 385 дана оқушы партасы алынып берілді. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 4890,0 мың теңге қаржы жұмсалынды.

Білім саласы бойынша 19 мекеме шағын бу қазандықтары (сұйық отын), 2 (№ 31,188 мектеп) мекеме автономды бу қазандықтары (қатты отын) арқылы жылытылады.

От жағу маусымына 1 жылға 723 тонна қатты отын, 2072 тонна сұйық отын қажет.

2017 жылға от жағу маусымына мектептерге 178806,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде қатты отынға 6791,0 мың теңге, сұйық отынға 126437,0 мың теңге бөлінген. 2017 жылдың I жартыжылдығына қатты отынға 2404,5 мың, сұйық отынға 148060,3 мың теңге жұмсалынды.

Міндетті оқу қоры

Міндетті оқу қорынан әлеуметтік әлжуаз отбасы балаларын қолдауға 89866,0 мың теңге қаралып, 972 балаға киім-кешек алуға, 502 оқушыны демалдыру, 500 оқушыны Астана қаласына саяхатқа жіберуге, 1379 балаға ыстық тамақ ұйымдастырылуда.

2017-2018 оқу жылына мектеп оқушыларын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 61644 дана оқулық алуға 65,0 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар ұйымдастырыуда.

Ұлттық бірыңғай тест қорытындылары

2016-2017 оқу жылында 11 класты 293 оқушы аяқтаса, оның 215-і (73,3%) 21 маусым күні №202 орта мектеп базасында ашылған тестілеу пунктінде тест тапсырды. Қорытындысымен ауданның көрсеткіші 81,6 балды құрады. ҰБТ қорытындысымен 41 бітіруші (19%) 100-ден жоғары балл жинаса, 10 бітіруші шекті балдан төмен ұпай жинады. Аудан бойынша жоғары орташа балл 96,7 ( №123 ) болса, ең төменгісі 56,5 (№188) балды құрады. Ең жоғары жиналған балл-125 (№201). Мектептердің орташа балдары бойынша талдайтын болсақ: 90 балдан жоғары: №123,114, 32,117 мектептер, 80-89 балл аралығында: №201,119, 122, 246 мектептер, 70-79 балл аралығында №33,118,202,38,116,232,124,203,31 мектептер, 60 балға дейінгі 188 орта мектеп.

Алда тұрған басты міндеттердің бірі бітірушілерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырып, толық орналасуына мүмкіндік жасау. Жоба бойынша бүгінге күнге ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген 215 бітіруші жоғары оқу орындарына, оның ішінде педагогикалық 39 (19,1%), медициналық 83 (37,8%), техникалық 42 (19,1%), ауылшаруашылық 21 (9,5%), экономикалық 6 (2,7%), әскери 16 (7,3 %), басқа мамандықтарға 8 оқушы (3,6%) бару жоспарланып отыр.

ҰБТ қатыспаған 78 бітіруші (26,6%) арнаулы оқу орындарына түсуге ітлек білдіріп отыр. Олардың 19-ы техникалық (21,3%), 22-і медициналық (29,3%), 14-ы педагогикалық бағыттағы (16,8%) 10-і ауылшаруашылығы (13,3%), 7-і әскери (9,3%), 6-і басқа (8%) бағыттағы мамандықтарды таңдаған.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру шараларының қорытындылары

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастыру жоспарланды. Барлық демалыспен қамтылатын оқушы саны-3345 / 2016 жылы 2955 бала/

Оның ішінде:

-Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне-2166;

-Кент сыртындағы «Ақтерек» сауықтыру лагеріне- 402

-Облыс көлеміндегі лагерьлерге -105

/ «Талдысу»-70, «Қамбаш»-20, «Арай-Санрайс»-15/

-Облыстан тыс лагерьлерге-159

/ «Таң-нұры»-34, «Лесная сказка-20», «Машат-Ерке»-95, «Қапшағай»-10/

-Астана қаласына туристік саяхат-513

Бүгінгі күнге жоспарлаған балалардың 2578 демалды ( Оның ішінде:

-Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне-2166;

-Кент сыртындағы «Ақтерек» сауықтыру лагеріне- 162

-Облыс көлеміндегі лагерьлерге -15

/ «Арай-Санрайс»-15/

-Облыстан тыс лагерьлерге-34

/ «Таң-нұры»-34/

-Астана қаласына туристік саяхат-201

Барлық демалыспен қамтылатын 3345 оқушының жолдама қаржылары төмендегі бағытта жүзеге асуда.

Қаржы талап етпейтін жолдама-2166

Міндетті қоры есебінен-1002

Республикалық бюджеттен-10

Кәсіподақ есебінен-94

Демушілер есебінен-68

Ата-ана есебінен -5

Кіру