Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика

ҰБТ


10.08.2018 Жалағаш ауданы бойынша мектепбітірушілерінің 179-ы мемлекеттік грант иегері атанды. 





2016-2017 оқу жылының Ұлттық бірыңғай тест қорытындылары


2016-2017 оқу жылында 11 класты 293 оқушы аяқтаса, оның 215-і (73,3%) 21 маусым күні №202 орта мектеп базасында ашылған тестілеу пунктінде тест тапсырды. Қорытындысымен ауданның көрсеткіші 81,6 балды құрады. ҰБТ қорытындысымен 41 бітіруші (19%) 100-ден жоғары балл жинаса, 10 бітіруші шекті балдан төмен ұпай жинады. Аудан бойынша жоғары орташа балл 96,7 ( №123 ) болса, ең төменгісі 56,5 (№188) балды құрады. Ең жоғары жиналған балл-125 (№201). Мектептердің орташа балдары бойынша талдайтын болсақ: 90 балдан жоғары: №123,114, 32,117 мектептер, 80-89 балл аралығында: №201,119, 122, 246 мектептер, 70-79 балл аралығында №33,118,202,38,116,232,124,203,31 мектептер, 60 балға дейінгі 188 орта мектеп.

Алда тұрған басты міндеттердің бірі бітірушілерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырып, толық орналасуына мүмкіндік жасау. Жоба бойынша бүгінге күнге ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген 215 бітіруші жоғары оқу орындарына, оның ішінде педагогикалық 39 (19,1%), медициналық 83 (37,8%), техникалық 42 (19,1%), ауылшаруашылық 21 (9,5%), экономикалық 6 (2,7%), әскери 16 (7,3 %), басқа мамандықтарға 8 оқушы (3,6%) бару жоспарланып отыр.

ҰБТ қатыспаған 78 бітіруші (26,6%) арнаулы оқу орындарына түсуге ітлек білдіріп отыр. Олардың 19-ы техникалық (21,3%), 22-і медициналық (29,3%), 14-ы педагогикалық бағыттағы (16,8%) 10-і ауылшаруашылығы (13,3%), 7-і әскери (9,3%), 6-і басқа (8%) бағыттағы мамандықтарды таңдаған.



2015-2016 оқу жылының Ұлттық бірыңғай тест қорытындылары


 2015-2016 оқу жылында 11 класты 388 оқушы аяқтаса, оның 243-ы (62,6%) 3 маусым күні №202 орта мектеп базасында ашылған тестілеу пунктінде тест тапсырды. Қорытындысымен ауданның көрсеткіші 89,8 балды құрап, облыс бойынша 1 орынды иеленді.

ҰБТ қорытындысымен

57 оқушы (23,5%) 100-ден жоғары балл,

59 оқушы (24,3 %) 91-99 аралығында балл,

107 оқушы (44 %) 71-90 аралығында балл,

18 оқушы (7,4% ) 50-70 аралығында балл жинаса,

2 оқушы (0,8 %) 50-ден төмен ұпай жинады.

Аудан бойынша жоғары орташа балл 104,1 ( №123 ) болса, ең төменгісі 78,4 (№124) балды құрады.

Ең жоғары жиналған балл-122 (Маңмұрынов М-№119,) ҰБТ қорытындысымен барлығы 10 оқушы «Алтын белгі» белгісін иеленді ( №32-2, 33-1, 119-1, 123-3, 202-1, 246-1). №116-1, 117-1, 119-1, 201-2, 202-2, 233-1 мектептің 8 бітірушісі «Үздік аттестат» алды. 


Кіру