Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Экономика
Басты бет Қоғам Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау


Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының 2018 жылдың 6 айында атқарған жұмысы туралы.

  Қазіргі таңда  35327 аудан халқына – аудандық орталық аурухана,   4 ауылдық аурухана, 1 аудандық емхана,  10 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік - акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

         Қызмет көрсету территориясында статистикалық мәлімет бойынша 36019 халық болса,оның РПН бағдарламасына тіркелгені-35327 ,оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 10954, жасөспірімдер –1438, ересектер – 22935.

Емханаға қарасты күндізгі   стационар    қызметі

      Амбулаториялық деңгейде жалпы 120 төсек орындық күндізгі стационарда 2018 жылы 1147 науқас емделіп шықты,барлық өткізілген төсек күн саны -9371(2017 жылы-1319 науқас емделіп,10469) төсек күнді құраған,      

     Емханаға қарасты күндізгі   стационардың 2018 жылдың 6 айында тапқан жалпы қаржы көлемі – 27 862 753,09 теңге (2017 жылы – 30 841 910,93)

Күндізгі   стационар    қызметі

2018 жыл 6 ай

2017 жыл 6 ай

1

Төсек саны

120

120

2

Емделіп шыққан науқас саны

1147

1319

3

Өткізілген төсек күні

9371

10469

4

Тапқан қаржы көлемі

27 862 753,09 теңге

30 841 910,93 теңге

 

Скрининг бағдарламасы бойынша

       ҚРДСМ-ң Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп қарауды жүргізу ережесін бекіткен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 25.12.2017 жылғы 995 бұйрығына сәйкес алдын ала (скрининг) тексеру жұмыстары жүргізілді. 

   Қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау – 2018 ж. жоспарланғаны-2818; орындалғаны-1867-66,25%; анықталғаны-177-9,48% «Д» есепке алынғаны -177 -100% ;  (2017 ж. жоспары-2857, орындалғаны-1800-63,0 %, анықталғаны-183-10,17%; «Д» есепке алынғаны -183-100,0%)

  Қант диабеті ауруларын ерте анықтау-2018 ж.  жоспарланғаны-2818; орындалғаны-1951- 69,23 пайыз; Анықталғаны-17-0,87% ; «Д»есепке алынғаны-17-100%; (2017 ж  жоспары-2857, орындалғаны-1804-63,14%, анықталғаны-12-0,67%; «Д» есепке алынғаны -12-100%)

   Глаукома ауруын ерте анықтау-2018 ж.  жоспарланғаны-3152; орындалғаны-2101-66,66 пайыз; Анықталғаны-7-0,33% «Д» есепке алынғаны-7-100%;  (2017 ж  жоспары-3145, орындалғаны-1961-62,35%,анықталғаны-14-0,71%; «Д» есепке алынғаны -13-92,86%)

Сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2018 ж. жоспарланғаны-1275, орындағаны-474-37,18 %, анықталғаны-33-6,96%: «Д» есепке алынғаны-33-100%; (2017 ж жоспары-705, орындалғаны-470-66,57%, анықталғаны-39-8,30%; «Д» есепке алынғаны -39-100%)

   Жатыр мойны қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2018 ж. жоспарланғаны-1650; орындалғаны-550-33,3 пайыз; анықталған ауру-40, «Д»есепке алынғаны-40 (2017 ж.  жоспары-720, орындалғаны-113-15,69 пайыз,анықталғаны-0; «Д» есепке алынғаны -0)

   Тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2018 ж. жоспарланғаны-1441; орындалғаны - 898-62,32%;анықталғаны-0; «Д» есепке алынғаны-0; (2017 ж жоспары-1440, орындалғаны-923-64,10%,анықталғаны-0%; «Д» есепке алынғаны -0%)

 

Суицид.

       Суицид (өз-өзіне қол жұмсау) жағдайлары денсаулық сақтау саласында қазіргі таңда басымдылықпен қаралатын бағыт болып отыр, өйткені суицид жасөспірім кезеңі мен еңбекке қабілетті жастағыларды қамтып, өлім-жітім жағдайымен аяқталады.

      Осы маңызды бағыт бойынша Жалағаш  аудандық  ауруханасында  4  психолог  қызмет  атқарады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 02.02.2015 жылғы №84 бұйрығына сәйкес психолог мамандар  суицидтің  алдын - алуға  жұмыстар жасауда.  2018 жылдың 6 айында  өзіне-өзі қол жұмсау әрекетімен барлығы 3 жағдай тіркелсе, оның ішінде 1-і  аяқталған, 2 аяқталмаған (2017ж-5 жағдай, аяқталғаны -2, аяқталмаған-3). 2018 жылда аяқталмаған суицид жағдайымен жасөспірімдер тіркелген жоқ.

Емдеуге жатқызу бюросы бойынша

    Ауруханаға емханадан жоспарлы түрде портал арқылы 1252  науқас жатқызылған(2017 ж-1413) бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген.Сонымен қатар шеттетілген науқастар-8 (2017 жыл-18)

    Шеттетілген науқастардың себебі бойынша 1-еуі ауруханаға жатқызуға қарсы көрсетілімі болғаны үшін, 6-еуі отбасылық жағдайына байланысты жазбаша түрде бас тару, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны – 1.  

    Сонымен қатар, Алматы және Астана қаласының ғылыми зерртеу орталықтарына жоданған науқастар саны – 65, оның ішінде балалар – 24, шеттетілген науқастар жоқ.

Ауруханада көрсетілген көмек

     Қазіргі таңда аудандық аурухана бойынша 140 төсек орын жұмыс жасайды. Оның ішінде 100 төсек орын кент орталығында,

-15 төсек жұқпалы аурулар бөлімшесінде,

- 25 төсек орын  терапия бөлімшесінде,

-15 төсек орын хирургия бөлімшесінде,

- 25 төсек орын перзентхана мен гинекология бөлімшесінде,

- 20 төсек орын балалар бөлімшесінде

- 40 төсек орын ауылдық ауруханалар. (Аққұм, Аққыр, Қаракеткен және Мәдениет ауылдары.)

     Аурухана құрамында күндізгі аурухана 40 төсек орын жұмыс жасайды: 15 төсек орын ауданда,

                  15 төсек орны Мәдениет ауылында күндізгі тері-жіңішке аурулар бөлімінде,

                10 төсек орын Ақарық ауылында.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  бойынша

      2018 жылдың 6 айында 13938мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде «egov» – электронды үкімет веб порталы арқылы бастапқы медициналық- санитариялық ұйымға тіркелу -  133, дәрігердің қабылдауына жазылу -  5887(65,1%), дәрігерді үйге шақыру  - 10028(88,3%)  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Халыққа «egov» – электронды үкімет веб порталы арқылы тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру қызметтер бойынша аудандық емханада «egov» бұрышы ашылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2018 жылдың 6 айында көрсетілуі

Мемлекеттік қызметтің атауы

Қағаз жүзінде

Электронды түрде

1

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу

714

133 – 18,6

2

Дәрігердің қабылдауына жазылу

9033

5889 – 65,2

3

Дәрігерді үйге шақыру

1249

1028 – 82,3

4

Медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру (№ 035-2/у: №079/у)

983

5

Медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру

914

6

Медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру

594

7

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу

0

8

Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту (форма №086/у)

451




                                      Амбулаториялық-емханалық қызметі бар  Жалағаш аудандық орталық ауруханасына 2017 жылы атқарылған жұмысы туралы



          Аудан бойынша 1 аудандық  емхана, 10 дәрігерлік емхана, 3 медициналық пункт, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 аудандық  аурухана, 4 ауылдық аурухана халыққа медициналық қызмет көрсетеді.   

Аталған емдеу мекемелерде 93 дәрігер, 479 орта буын медицина қызметкер жұмыс жасайды. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу 27,1 %.

2017 жылы 38052 аурушаңдық тіркелген, оның ішінде балалар 9818, жасөспірімдер 1794, ересектер 26440 адам.  

2017 жылы ауданда дүниеге келген бала саны 699, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 балаға кем туылған. Шетінеген бала саны 5, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 балаға көбейген. Сонымен қатар, жалпы қайтыс болған адам саны 182, былтырғы жылмен салыстырғанда 18 адамға азайған. Туберкулезбен ауырған 21 адам тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8 адамға азайған.

Үстіміздегі жылы Жалағаш аудандық орталық ауруханасының жаңа ғимараты құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 32,0 млн. теңге қаралды.





Амбулаториялық-емханалық қызметі бар  Жалағаш аудандық орталық ауруханасына 2017 жыл 9 айда атқарылған жұмысы туралы


Аудан бойынша 1  аудандық  емхана, 10 – дәрігерлік емхана, 3-медициналық пункт, 4-фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 аудандық  аурухана 140 төсектік, қыстақ орталығында - 100 төсектік  аурухана, 40-төсектік 4 ауылдық аурухана  халыққа медициналық қызмет көрсетеді.    

Аталған    емдеу   мекемелерде 93 дәрігер, 470 орта буын медицина қызметкер   жұмыс жасайды. 10 мың тұрғынға  шаққанда  дәрігермен    қамтылу  27,1.

           I .Біліктілік санаттылығы бар дәрігерлер  -  36 (38,7%), жоғарғы –18(19,3%),                       I-санатты-12(12,9%) , ІІ-санатты -6(6,4%). Санаттылық пайызы -38,7%,

          II. Біліктілік санаттылығы бар орта буынды қызметкерлер – 143(30,4%), Жоғарғы –82 (57,3%), Бірінші -54(37,8%) , Екінші -7(4,8%). Санаттылық пайызы  -30,4%.

Қызмет   көрсететілетін      территорияда    халық  саны  35086, оның ішінде қыстақ бойынша 14322,  ауылдық жерлерде – 20764

14 жасқа дейінгі бала саны – 10808, жасөспірім - 1556, ересектер – 22722.  

        Негізгі көрсеткіштер бойынша алатын болсақ:

        Туу көрсеткіші аудан бойынша 14,9(16,0) яғни төмендеп тұр. Туылған бала саны 2017-жылы 513(541), яғни  28 нәрестеге азайған.

        Жалпы өлім көрсеткіші - 4,0 (2016 ж-4,9) облыстық көрсеткіш(3,8), сәби өлімі -5,9(2016ж-7,3) обл көрсеткіш-7,9 болып тұр , ана өлімі жоқ. Жалпы өлім-жітім былтырғы жылмен салыстырғанда 0,9 көрсеткішке азайған, бірақ көрсеткіш РПН бағдарламасындағы бүгінгі күнгі халық санымен есептелінуіне байланысты облыстық көрсеткіштен жоғары болып тұр. Жалпы өлім жітімнің көрсеткішіндегі еңбекке қабілетті жастағылардың саны 2017 жылы - 43 – 30,9 %; 2016 жылы – 57 – 33,9 %; Еңбекке қабілетті жастағылар арасындағы өлім-жітім былтырғы жылмен салыстарғанда 14 жағдайға азайған.

      Табиғи өсім – 11,0%, (2016ж 9-ай 11,4%)

      Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 2017 жылдың 9 айында жалпы 13044-69 380 027,93 тг.ге (18095-109048316,70) рецепт жазылған.

Өлім - жітім     көрсеткіштер

      Аудан   бойынша  2017 жылдың 9 ай    мерзімде  барлығы  139  адам  қайтыс  болды,  мың тұрғынға шаққандағы    көрсеткіш – 4,0 %. Облыстық көрсеткіш 3,8%

2016 жылдың 9 айында 168 адам қайтыс  болды,  1000  адамға   шаққандағы    көрсеткіш-4,9%.

       Негізінен қайтыс болғандардың аурушаңдығына сәйкес жүрек қан тамыр аурулары өткен жылмен салыстырғанда 2 адамға азайған. Жүйке жүйесінің аурушаңдығымен қайтыс болу жағдайы 2016 ж 9 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 9  адамға көбейген.

Өлім жітім көрсеткішін назология бойынша талдайтын болсақ:

1-ші орында қантамыр жүйесі ауруларынан болған өлім –жітім болып тұр.                                           2017 ж 9 айда -87,5; облыстық көрсеткіш-81,8;

2- ші орында басқа (прочие) аурулардан қайтыс болғандар - 29- 84,5; облыстық көрсеткіш-65,2;

3- ші орында қатерлі ісіктен қайтыс болғандар – 40,8; облыстық көрсеткіш – 48,7;

    Қан айналым жүйесінің өлім көрсеткіші облыстық көрсеткіштен жоғары болғанмен былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеу байқалады. 2016 жылы 92,9% болса 2017 жылы 87,5 % ға төмендеген. Оның ішінде:

-                     жедел инфаркт миокардынан 2016 жылы 2 адам тіркелсе, 2017 жылы қайтыс болу жағдайы жоқ.

-                     Жедел ми қан айналым бұзылысы бойынша өлім көрсеткіші 2016 жылы-46,5 % болса, 2017 жылы 32,1 % ға төмендеген. Осы қайтыс болғандардың ішінде еңбек қабілетті жастағылар бойынша 2016 жылы 9 жағдай тіркелсе, 2017 жылы 6 жағдайға төмендеген.

    Қатерлі ісік бойынша 2016 жылы 20 жағдай тіркелсе, 2017 жылы 14 жағдайға төмендеген. Яғни 2016 жылы – 63,9 % болса, 2017 жылы 40,8 % ға төмендеген. Қатерлі ісік бойынша 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы 2016 жылы 37,7 % болса, 2017 жылы 44,8 % ға жоғарылаған.

    Басқа жағдайдағы диагнозбен  өлім көрсеткіштерін талдасақ 2017 жылы басқа диагнозымен қайтыс болған 29 адамның 11-і сот шешімімен, 3-і асылып өлген, туа болған ақаумен-2, ми қыртыс астылық деменция – 6. Алкоголизм – 2. Кенеттен қайтыс болған – 5,

     Жыл   басында   диспансерлік   есепке      барлығы   9156 науқас   тұрды, есепті уақыт ішінде 1459 ауру жаңадан «Д» есепке алынып, 2121 тұрғын есептен шығарылды, қазіргі таңда есепте 8494 науқас есепте тұр.

   ҰОС – ның ардагерлері- жоқ, 4 – Чернобыль. АЭС апатын жоюға қатысқандар – 22   интернационалист  жауынгер, 81 – Семей  ядролық  полигонында  қызмет  еткен азаматтар   тұрады. 

  2017 жылдың 9 айлық  есебі  бойынша жалпы  қабылдау былтырғы жылмен  салыстырғанда  1032-ге  көбейген. Үйге барып қарау былтырғы жылмен салыстырғанда – 167 жағдайға көбейген.

 Биылғы жылы бірінші рет тіркелген аурулардың ішінде бірінші орында қанайналым жүйесінің  аурулары тұр 2017 ж-6635-21,7 %, соған қарамастан алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда 714-ге  көбейген.

Екінші орында өкпе-тыныс алу жолдарының аурулары 2017 ж 5546-18,1%, 2016  жылмен салыстырғанда 394 ауруға азайған.

Үшінші орында бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары 2017 ж-2504-8,2%, 2016 ж - 2321 яғни 183 ауруға көбейген.

Ас қорыту жүйесінің аурулары, 2017ж 2195-7,2%,  2016ж 2246-7,3%;

Жүйке жүйесі аурулары, 2017ж 2172-7,1%,  2016ж-2016-6,6%;

Көз аурулары, 2017ж 1922-6,3%,  2016ж 2170-7,1%;

Ұйымдастыру   - әдістемелік  жұмыстары

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі  бойынша аудан тұрғындары  арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстары барысында атқарылған іс-шаралар туралы:

Тұрғындармен өткізілген  жалпы кездесу саны 146 кездесу, қатысқандар – 28169 тұрғын .

Аудандық  аурухананың бас  дәрігердің  орынбасарларының басшылығымен 5 қызметкерден тұратын түсіндіру тобы құрылды. Түсіндіру тобы  аудандағы барлық елді мекендерді аралап,  тұрғындармен кездесіп  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  17 елді мекендердің әкімдері мен бас мамандары оқытылды.  Түсіндіру тобымен  530 медициналық қызметкерлерге семинар жүргізілді.

-                     Жергілікті баспасөз беттерінде жарық көрген мақала саны – 62.

-                     МӘМС-ға  байланысты тұрғындар арасында таратылған буклеттер - 9000    , брошюралар – 21000

-                     Жарнама орындарында  6 билборд ілінді.

-                     МӘМС-ға байланысты С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина Университетінің мамандарымен оқытылған дәрігерлер – 78. Қызылорда медициналық колледжі мамандарымен оқытылған орта буынды медициналық қызметкерлер  саны – 440. 

-                     Емхананың бірінші қабатынан МӘМС  жүйесін түсіндіру мақсатында арнайы кабинет  ашылып, жауапты  етіп медицина қызметкері  бекітілді. Жүгінгендер 3214  адам.

"Рухани жаңғыру: ел ертеңінің бастауы" атты мақаласын талдау мақсатында бас дәрігердің қатысуымен 3 жиналыс өтті, кешенді медиа жоспарға байланысты 22 семинар сабақ жүргізілді және Жалағаш аудандық жастар денсаулық орталығы ұжымымен бірігіп 4 ашық есік күні жүргізілді: 1) Дүние жүзілік жүрек күніне орай «Сау жүрекке таңдау жаса!!!» ұранымен кең көлемді акция(аудандық емхана) 2) «Өз денсаулығын өз қолыңда» атты ұранымен(Халыққа қызмет көрсету орталығында) 3) «Туберкулездің алдын алу» мақсаында Еңбек және Мақпалкөл ауылдарында аудан әкімі мамандары облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің мамандарының қатысуымен кең көлемді акция ұйымдастырылды.

Барлығы іс – шара -45, оның ішінде аудандық емханада – 8, қатысушылар саны -275

      Ересектер арасында алғашқы рет мүгедектікке шығуды нозология бойынша сараптағанда, I орында Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары – 17 (28,8%). 2016 ж 16-32 %.  II орында–қатерлі ісіктер 12(20,3%). 2016 ж – 10 (20%). III орында тірек-қимыл мүшелерінің аурулары  – 10 (17). 2016 ж – 7 (14%).

     2017 жылдың 9 ай бойынша скринингтік тексерулер 2016 жылмен салыстырғанда барлық көрсеткіш бойынша жоғары.

     Орындалу бойынша:  облыстық көрсеткіштен төмен болып тұрған санаттар: Тоқ және тік ішек қатерлі ісігінің ерте анықталуы бойынша халықтың нысаналы тобының вахталық кезекшілікпен жұмыс жасайтын тұрғындар жұмыста болуына байланысты орындалу ағымдағы жылдың қазан айында жүргізілуде.

Асқазан өңеш қатерлі ісігін ерте анықталуы бойынша скринингтік тексерудің орындалуы

эндоскопист дәрігер Д.Ойнаровтың шілде айында кезекті еңбек демалысында, Облыстық онкология орталығында 21.08 - 04.09.2017 ж. оқуда болуына байланысты жоспар толық орындалмады. 2017 жылдың 9 айында 65 қатерлі ісік алды ауруы, 3 қатерлі ісік, 8 полип анықталды. Электронды базаға енгізілу ерекшелігіне байланысты, қатерлі ісік, полип нақтыланған 11 науқас ғана есептен көрініп тұр. 11 адамның барлығынан бипопсия алынды.

     Анықталуы бойынша: Жүрек қан тамыр жүйесі ауруларын ерте анықталу бойынша «Артериальды гипертензия I дәрежесі» диагнозы қойылған науқастар 3 ай бақылауға алынып, қан қысымы тұрақталуына байланысты  анықталу және Д есепке алыну көрсеткішінен алынып тасталды.

Қант диабеті бойынша глюкозаға толеранттылық бұзылысы анықталған науқастар бақылауға алынып, қандағы қант деңгейі тұрақталуына байланысты анықталу және «Д «есепке алыну көрсеткішінен алынып тасталды.

Глаукома ауруын ерте анықтау мақсатында көзішілік қысымы жоғары болған науқастар Глаукома диагнозы бойынша күдік туындауына байланысты глаукомалық кабинеттен толық тексерілуден өтіп, диагноз жоққа шығарылды. Диагноз нақтыланған науқастар ғана анықталу бойынша базаға енгізілді.  

Сүт безі ісігін ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеру бойынша қатерсіз ісікке күмәні бар әйелдердің 16-сы әлі де тексерілу үстінде. Биопсияға жоспар бойынша 11 әйел түсіру керек болса 9 ай бойынша 20 әйелге биопсия жасалған.

Тоқ және тік ішек ісігін ерте анықтау мақсатында жүргізілген гемокульт тесттен 6 оң нәтиже анықталып 5-і колоноскопиялық тексеруден өтті. 1 қатерлі ісік анықталды қалған 4-де қатерлі ісік және ісік алды ауруы анықталмағандықтан электронды базаға енгізілмеді(қойылған қорытынды: Внутренный геморрой)

Қуық асты безінің ісігін ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеруден өткен 350 ер адамның 5-де жалпы ПСА деңгейінің жоғары болуына байланысты ТРУЗИ-дан өтуге облыстық онкология орталығындағы дәрігермен кезекке қоюға байланысты келісім шаралары жүргізілді. 5-тен 1-і тексерілді. Қалған науқастар тексеруден өтпеуіне байланысты, 9 ай бойынша анықталу, Д есепке алыну көрсеткіштері белгісіз.

Жатыр мойын обырын ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеруден өтіп, ісікке күмәні бар әйелдерден 20-сы әлі де тексерілуден өтуде.

Емханаға қарасты күндізгі   стационар    қызметі

    Аудан    бойынша   күндізгі стационардағы төсек саны емханада– 120(110)

Емделіп     шыққандар  саны-1789(1535)

Барлық   өткізілген   төсек   күн     саны-14188(12106)

1 науқастың    орташа    емделу- 7,9(7,8)

Ауруханаға жатқызу порталы бойынша

    Жалпы жатуға жолданған науқастар саны-2150(2016-1450), оның ішінде ауруханадан шеттелтілген науқастар саны-30(11). Шеттетілу бойынша жіктейтін болсақ:  бөлім дұрыс көрсетілмеу -3(1), ауруханадан емделуге бас тарту -4(15жазбаша түрде), жедел жатқызылғаны-6(2),  ауруханаға жатуға қарсы көрсетілімдері бар -2(3), ауруханаға жатуға келмеген1, ауруханаға жатуға көрсеткіш болмаған-2 науқас.

Тәуліктік ауруханаға жату көрсеткіштері 9 ай 2016-2017 жж:

Міндетті әлеуметтік медицианалық сақтандыру жүйесіне өтуге байланысты аудандық ауруханадан 40 төсек орын тамыз айынан бастап қысқартылды. Тері-жіңішке аурулар бөлімшесінің 15 тәуліктік төсек орны күндізгі төсек орнына ауыстырылды. Жалпы ауруханада емделіп шыққан науқастар саны -3963(3576), өткізген төсек күндері-33400(29938), төсек орын айналымы -28,4(19,9), төсек орын жұмысы -238,6(166,3), ауруханалық өлім-жітім-0,3(0,3), науқастың төсекте орташа болу 8,4(8,3), төсек орынның орындалу пайызы-99,7(69,5) болып тұр.

   Орталық ауруханаға қарасты күндізгі стационар жұмысы: ем қабылдап шыққандар -823-67,4(1046-41,8) болып тұр. 2016 жылда 8 айға дейін 4 ауылдық аурухана уақытша күндізгі стационарға ауысытырылды.Сондықтан 2016 жылы емделіп шыққандар саны көп болған.

     Түскен науқастар саны -411 науқасқа, шыққан науқастар саны – 387 науқасқа көбейген, төсек орын жұмысы  72,3 – ке көбейген, төсек орын айналымы 8,5- ге, төсекте орташа болу көрсеткіші 0,1-ге азайған, анасымен өткізген төсек күндер 31-ге азайған, төсек орының орындалу пайызы 30,2-ге көбейген.

      Бөлімшелер бойынша алатын болсақ ең жоғарғы төсек орынның орындалу пайыздық көрсеткіші терапия бөлімшесі – 143,8%  және жұқпалы аурулар бөлімі-135,1%  болып отыр. Ең төмен пайыздық көрсеткіш перзентхана бөлімшесі 54,5%. Аудан орталығындағы ауруханада ересектерге арналған неврологиялық 5 төсек орыннан ем алып шыққаны – 376, ересектерге арналған кардиологиялы 5 төсек орыннан ем алып шыққаны – 213 және балаларға арналған неврологиялық 5 төсек орыннан ем алып шыққаны – 90. 

         2016 жыл 9 ай қорытындысы бойынша летальдық көрсеткіш-0,3%, 2017 жылдың 9 ай – 0,3%.

 2016 жыл 9 айда қайтыс болған науқастар саны – 10, терапия бөлімі – 5, жұқпалы аурулар бөлімі-2, балалар соматикасы – 1, хирургия – 2.

 2017 жыл 9 айда қайтыс болған науқастар саны – 14, терапия бөлімі – 11, балалар соматикасы – 1, нәресте – 2.

Онкологиялық кабинетінің  жұмыстар туралы

Онкологтың қабылдауында 2017ж 9 ай 1531 адам, 2016ж 9 ай 1533 адам болды,  оның ішінде:ауру бойынша 467(429), проф қарау-1064(1104), үйден қарау-51(63).

ФГДС тен 2017ж-1052(2016-782) адам өтті. Проф қарау – 681(579), ауру бойынша – 371(392), анықталған қатерлі ісік – 4(2016-1), асқазан жарасы – 35, полип – 8, эрозия – 121.

УЗИ: 2017ж – 3210, ісік алды – 191.

Ерлер қарау кабинетінен өткендер: -793(2016-558), анықталған науқас-182(2016-160), мелонома-1.        

Жұқпалы аурулар  кабинеті бойынша.

2016 жылдың 9 айында тіркелген жұқпалы аурулар:

Жедел ішек инфекциясы-20. Оның ішінде балалары – 12.

Сарып ауруы 2017ж 9 ай – 3. Оның ішінде балалары – 2.

Созылмалы вирусты гепатит В 2016ж 9 ай - 12.

Созылмалы вирусты гепатит С 2016ж 9 ай - 4. Жыл басынан бастап 4 науқас вирусқа қарсы препараттармен(пегинтрон,пегасис ,копегус)тегін қамтамасыз етіліп,ай сайын бақыланып  отыр.

Энтеробиоз-2017 ж  ай - 15. Барлығыда балалар үлесінде.

Ауызбен суландыру бекетінен өткендер – 69 бала, сауығып шыққаны – 60, 9-ы стационарға жолданды.

Диспансерлік есепке алынғаны – 14, шыққаны-6, қазіргі таңда – 100 науқас есепте тұр.

Диагностикалық орталыққа жолданғаны – 69, ПЦР-ға жолданғаны-98, жұқпалы кабинет арқылы 587 науқас қарауда болып оның ішінде 11-і стационарға жолданған. Жұқпалы аурулардың алдын-алу барысында түрлі тақырыпта 9  семинар, 2 дәріс өткізіліп, жергілікті баспасөзге жедел ішек инфекциясы тақырыбында мақалалар жарияланды. Тұмау және вирусты гепатиттердің алдын-алу барысында халыққа қызмет көрсету орталығында «Иманқұл» мешітінде дәрістер өткізілді. Аса қаупті індеттердің алдын-алу барысында Қармақшы обаға қарсы күрес станциясы мамандарымен семинар өткізілді.

Жалағаш ауданы бойынша  2017 жылдың 9 айында туберкулезге қарсы  атқарылған жұмыстарына жалпы шолу.

                 Туберкулезге қарсы күрестің Ұлттық стратегиясының негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы №597 қаулысымен бекітілген «ҚР туберкулезбен күрес жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспар» болып табылады. Жоспардың мақсаты, туберкулезге қарсы күресті саяси тұрғыдан қолдау, жұмысты күшейту, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсарту, мультирезистентті туберкулезді, балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулезді азайту. Аудан бойынша осы бағытта  іс-шаралар  жасалынып, жұмыстар атқарылуда.

 Аудан бойынша тұрғындар саны-35086, оның ішінде балалар-10808, жасөспірімдер-1556. Бүгінгі таңда басшылыққа алынған бағдарламалар бойынша атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде аудан көлемінде туберкулез ауруының негізгі көрсеткіштері төмендеуде. Өткен жылмен салыстырғанда туберкулезбен аурушаңдық аудан бойынша 2016 жыл 9 айында жаңа жағдаймен 23 адам тіркеліп 62,4% болса, 2017 жылдың 9 айында 19 науқас тіркеліп  51,6% болды.Туберкулезден арушаңдық көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда төмендегенімен облыстық  көрсеткіштен жоғары болып отыр.(Облыстық көрсеткіш- 6,0% )Аудан бойынша балалар арасында 2016-2017жылдар туберкулез тіркелген  жоқ.2016 жылы 3 жасөспірім тіркелді. 2017ж 9 айында  жасөспірім алынған жоқ.Аудан бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулез тұрақты деңгейде.


Жаңадан есепке алынған науқастардың клиникалық құрамы бойынша 13 науқас өкпе туберкулезі, 6 науқас өкпеден тыс туберкулезбен тіркелді. Жаңадан алынған аурулардың әлеуметтік құрамын талдасақ  11 науқас  жұмыссыздар- 53%  1 науқас студент – 7,1% ,4 науқас зейнеткер-23,5%, 3 науқас  әр түрлі жұмыс істейтіндер-17

Айығу көрсеткіші

2016жылдың  9 айында МБТ+ болып 5 науқас тіркелді. Қәзіргі таңда 3 науқас «сауықты» нәтижесімен емін аяқтады.  Айығу көрсеткіші-  75,0% 

 1 науқас «сәтсіз ем» нәтижесімен ДОТС+ емге көшірілді.

 1 науқас бірден МЛУ түрімен тіркелді.

Қайталанған жағдай. `(Рецидивтер)

2016жылдың 9 айында туберкулезбен қайталап ауырып 11 науқас тіркелген болса,  2017 жылдың 9 айында туберкулезбен қайталап ауырып 9 науқас тіркелді.Олардың ішінде 8науқас өкпе туберкулезімен, 1 науқас сүйек туберкулезімен тіркелген. Қайталап ауырған науқастардың ФГ-қ архивтері бар,жыл сайын ФГ-қ тексеруден өтіп тұрған.Әлеуметтік құрамы бойынша 9 науқастың 7-еуі (78%) зейнет жасындағы кісілер (60 жастан жоғары),және қосымша ауруларымен есепте тұратын науқастар.

                     Аудан бойынша туберкулезден өлім-жітім.

Аудан бойынша туберкулезден өлім-жітілік көрсеткіш тұрақталып тұр. 2017 жылдың 9 айында туберкулезден қайтыс болған науқас жоқ. 2016жылы 1 науқас қайтыс болды.                      


Жалпы  2017ж  9 айда тыныс алу органдары туберкулезімен есепке  алынған 13 науқастың  13-де  ФГ-қ әдіспен  анықталған. 68,4%

Бакскопиялық  (қақырық тексермесі) жолмен анықталған 2 науқас. 10,5%

3 науқас шағымы арқылы тексеруде анықталды. 15,7 %

1 науқас гистологиялық тексеруде анықталған. 5,2 % (Оспанова.А. д/з: Емшек безі туберкулезі)

Туберкулездің мультирезистентті түрі.

Есепке алынған науқастар арасында «туберкулездің көп дәріге тұрақты» түрімен ауыратын науқастар көбейіп отыр.

 2017 жылдың 9 ай есебі бойынша көп дәріге тұрақты түрімен жаңадан 7 науқас алынды. 100 000 адамға шаққанда -19 пайыз. 2016 жылдың 9 айында 6 жағдай тіркелді-16,3%.

Биылғы 9 айда  туберкулездің мультирезистентті түрімен жаңа жағдаймен .

тіркелген 7 науқасты талдағанда 4 науқас сырттан келгендер.

Жолдасов Ғалымжан 1988ж.т Бірнеше жылдардан бері (7жыл)  Теміртау қаласында тұрады,жұмыс жасайды. Қәзір Теміртау қаласында емін жалғастыруда. .Ауруханадан шыққаннан кейін қайтадан кетіп қалды.

2.Исламов.Нұрлан. 1987ж.т  Алматы қаласынан келді. 11 жылдан бері Алматыда тұрады ,жұмыс жасайды.

3.Бұзауов Нұрлан  1966ж.т. 2006-2015ж Москвада түрған,2015ж бастап Астанада тұрған. ауырған соң келген.

4.Әбдікаримов Самат.1988ж.т.Қызылорда қаласында тұрады ,жұмыс жасайды.Ауруханадан шыққанннан кейін қалаға қайта кетті.

Екі науқас отбасылық,туысқандық туберкулез науқастарымен қатынаста болған.

1.Тұрақбай Нүркен. 2003ж

2.Ідіріс Жомарт 1997ж.т

1 науқас «Қант диабетімен» ДЕ-е тұрады. Өкпеге жасалған отадан кейін МЛУ түріне ауыстырылды.

Жалпы «туберкулездің көп дәріге тұрақты» түрімен 29 науқас есепте тұрады. Бұл жалпы аудан бойынша туберкулездің белсенді тобындағы науқастардың 60 %.

Қазіргі таңда туберкулездің белсенді түрімен 51 науқас есепте тұрады.Оның ішінде 32 науқас стационарлық емнен кейінгі,  амбулаторлы емді жалғастыруда .18 науқас елді-мекендерде болса, 14 науқас кент орталығындағы «бақылап емдеу» пункттерінде емделуде.19 науқас стационарлы ем қабылдауда.

Туберкулездің алдын-алу жұмыстарының бірі нәрестелерді БЦЖ вакцинасымен қамту,Манту сынамасын жасау.

Аудандық перзентханада 2017 жылдың 9 айында туылған 269 нәрестенің 264-не БЦЖ вакцинасы жасалынған- 98,1% , 4 нәрестеге медициналық қарсылықтарға байланысты БЦЖ вакцинасы жасалынбаған. Емхана жағдайында жасау жоспарланған. 1 бала қайтыс болған. 

                                 

Манту сынамасының 2017 жылдың 9 айға жоспары 3651, қамтылғаны 3626 бала,орындалуы-99,3 пайыз. Манту сынамасымен қамтылып оң нәтижелі болған 1210 баланың ішінен тереңдете тексерілуге 491 бала  іріктелген. Тексеруден өткені-333 бала.  Тексеру нәтижесінде 258 бала «Вираж»  диагнозымен есепке алынған.Оның ішінде 10 балаға           химиопрофилактикалық ем берілген. Манту сынамасы бойынша туберкулез анықталған бала жоқ.

ҚР ДС және ӘДМ-нің №19 бұйрығына сай аудан көлемінде жаңа әдіс Диаскинтест ендірілді.Бұл әдіс туберкулез дертін туберкулез таяқшасын жұқтырғандар арасында ерте анықтауда, БЦЖ вакцинамен қамтылған 1 жастан асқан нәрестелер арасында Манту сынамасының оң нәтижесінің этиологиясын және дерттің белсенділігін дәлелдеуге маңызы зор. Бұл әдіс спецификалық болғандықтан тубдиспансерде жасалады.

Жыл басынан диаскинтестпен қамтылғандар-  350, оның ішінде теріс нәтиже- 307, күмәнді-4, оң нәтиже-39.  Туберкулез анықталғаны жоқ.

Туберкулез ошағындағы іс шаралар.

БК+ (туберкулез таяқшасын бөлетін жұқпалы түрі) науқастармен қарым-қатынастағылар саны-44, оның ішінде ересектер-27, жасөспірім-1,балалар-8.

БК- (туберкулез таяқшасын бөлмейтін науқастар)  науқастармен қарым-қатынастағылар саны-122,оның ішінде  ересектер-26,жасөспірімдер-7,балалар-89.

МЛУ науқастармен қатынастағылар саны-96, оның ішінде ересектер-49,жасөспірімдер-6,балалар-41. Барлығы контакт есебінде тұрған отбасы мүшелері 6 ай сайын толық тексеруден өтіп тұрады.Тексерілмей жүргендер жоқ.

Туберкулезді ерте анықтаудың негізігі әдістерінің бірі қақырықты бакскопиялық жолмен тексеру.

Аудан бойынша бакскопиялық көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда жоғарылады. 2016 ж 9 айында анықтау көрсеткіші-2,7% болса, 2017ж 9 айында анықталу көрсеткіші- 4,9% .көтерілді. Биылғы жылдың сәуір айында ескі ғимараттағы бактериологиялық лаборатория жаңа емхана базасына көшіріліп,қажетті медициналық жабдықтар жаңартылды. Бактериолог дәрігер Алматы білім жетілдіру институтында білімін жетілдірді. Бак лаборанттар ОТҚКД-е (облыстық туберкулезге қарсы диспансер) қайта оқытылды.

Санитарлық ағарту жұмыстары

Санитарлық-ағарту жұмыстары күн тәртібінен түспейтін жұмыс, соған байланысты аудандық орталық емхана  қызметкерлері  «Туберкулездің алдын-алу және ерте анықтау» тақырыбында 25 семинар сабақтар өткізді.Емхана дәрігерлері,медбикелері «туберкулезді ерте анықтау»тақырыбында курстарда оқытылды, аттестациядан өткізілді. Жыл басында бұйрыққа сай бекітілген мониторинг тобы елді мекендерді аралап мониторинг жүргізді, туберкулезге қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға бақылау жасап, практикалық көмектер көрсетті.

Жедел шақырту кабинеті

      «103» жедел көмек көрсету қызметі облыстық Жедел жәрдем станциясына ауысуына байланысты Аудандық емхананың бірінші қабатында шұғыл көмек көрсету кабинеті ашылды.

Жедел көмек көрсету кабинетінде 1дәрігер,2фельдшер,1 медбикеден тұратын бригада жұмыс атқарады.

  Жедел шақырту бригадасының құрылу мақсаты: Емханаға шұғыл кезек күттірмейтін жағдайда келген науқастарға көмек көрсету және созылмалы ауруы бар науқастардан түскен үйге шақыртуларға қызмет көрсету. Таңертең сағат 8:00 ден кешкі сағат 20:00 дейін созылмалы ауруы бар науқастардың ауруы өршіп,емханаға баруға мүмкіндік болмаған жағдайда 103 номеріне хабарласпай « 21-6-45» телефон номері арқылы жедел көмек көрсету бригадасын шақыртуға болады. Емхана бригадасы шақыртуға барғанда,тиісті жедел көмек көрсетіліп,науқастардың жағдайы аймақтық медициналық қызметкерлерге хабарланып,әрі қарай тексерулерден өтіп,емделіп бақылауға алынатын болады.


Кіру