Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Қоғам Жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды  кәсіппен айналысуға

және жұмысқа орналастыруға тарту.

         Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында ағымдағы жылы Жалағаш ауданы Аламесек ауылдық округінің тұрғыны 3-топ мүгедегі Ибраев Бакыт Менлаевич өз кәсібін кеңейту мақсатында несие алуға өтініш білдірді.

Жұмыспен қамту орталығы кәсіпкер Ибраев Бакыт Менлаевичтің өтінішін қарап, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаржы ұйымына  бизнес жобасы қаржыландыруға ұсынды. Ұсынылған бизнес жоба Қаржы ұйымы тарапынан оң шешім тауып, егін шаруашылығымен айналысу мақсатында қажетті техника алуға 6000,0 мың теңге несие берілді.

Бүгінгі күні Б. Ибраев өз кәсібін кеңейтіп, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді оқу курстарынан өткен  4 жұмыссыз ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

         Сонымен қатар, Аламесек ауылының тұрғындары Нурымбетов Жаксибек мал шаруашылығымен айналысуға 1000,0 мың теңге, Жалағаш кентінің тұрғыны Саламатова Гульнара мал шаруашылығымен айналысуға 4000,0 мың теңге несие алып, кәсіппен айналысуда.

         2017 жылдың 1 қарашасына мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарынан 42 азамат жұмыс іздеуші  ретінде  хабарласты, 28 адам тұрақты жұмыстарға, 11-і қоғамдық жұмыстарға, 7-уі кәсіптік оқуға, 1-уі жастар тәжірибесіне жолданды. 3-уі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында несиемен қамтылып, кәсіппен айналысуда.

 


 

 




ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ІІІ ТОҚСАН


Статистика мәліметтеріне сәйкес Жалағаш ауданы бойынша жұмыс күшінің саны – 17585 мың адам, жұмыспен қамтылған халық саны – 16674 мың адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,5% құрады.

2017 жылы 680 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 673 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе 98,9% (оның 631-і тұрақты). Оның ішінде: ауылшаруашылық саласы 342,  білім саласына-30, экономикалық қызметтің басқа салаларында – 157, уақытша және маусымдық жұмыстар -42, құрылыс саласы – 4, көтерме және бөлшек сауда -88, көлік және қоймалау – 6, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет -4.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 1682 адам хабарласты, соның ішінен 618 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 36,7 пайызы) жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтарға жататын 34 адамның (соның ішінде: мүгедектер -22, жазасын өтеп келгендер –12, оралмандар - 0) 13-і жұмыспен қамтылды, соның ішінде: мүгедектер - 7, жазасын өтеп келгендер -6, оралмандар -0.

«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 10 рет өткізілді. Нәтижесінде 38 жұмыс берушілерден 83 жұмыс орындары ұсынылып, 83 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 16-29 жас аралығындағы жастар саны – 27 (32,5%).

 Әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 50 адамға 13,8 млн. теңге қаржы қаралып 9,6 млн. теңге қаржысы игерілді. Есепті мерзімге 35 мекемеге 68 адам жолданды. Оның ішінде 24-і (35,3%) 16-29 жас аралығындағы жастар.

 Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 80 адамға 27,2 млн. теңге қаржы бөлініп 19,8 млн. теңге қаржысы игерілді. Есепті мерзімге 52 мекемеге 96 адам жолданды.

 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 34 000,0 мың теңге қаржы қаралып, оның 25800,0 мың теңгесі игерілді. 49 мекемеге 479 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Оның ішінде 98-і (20,5%) 16-29 жас аралығындағы жастар.

  Бірінші бағыт:Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша республикалық бюджеттен 80 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралған. Ағымдағы жылдың 1 қазанға барлығы 119 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды. Олардың 60-ы оқуларын аяқтап 27-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

  Екінші бағыт:Бағдарламаның екінші бағыты аясында 179 жоба әзірленіп, қаржы ұйымына ұсынылды. Қазіргі таңда 66 жобаға оң шешім берілген. Есепті мерзімге барлығы 66 адамға 214,6 млн. теңге несие таратылды.



ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ II ТОҚСАН

Статистика мәліметтеріне сәйкес Жалағаш ауданы бойынша жұмыс күшінің саны – 17585 мың адам, жұмыспен қамтылған халық саны – 16674 мың адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,5% құрады.

2017 жылы 680 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 416 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе 61,2% (оның 374-і тұрақты). Оның ішінде: ауылшаруашылық саласы -184,  білім саласына-13, экономикалық қызметтің басқа салаларында – 81, уақытша және маусымдық жұмыстар -42, құрылыс саласы – 4, көтерме және бөлшек сауда -86, көлік және қоймалау – 2, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет -4.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 1024 адам хабарласты, соның ішінен 255 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 24,9 пайызы) жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтарға жататын 22 адамның (соның ішінде: мүгедектер –11, жазасын өтеп келгендер –9, оралмандар - 0) 10-ы жұмыспен қамтылды, соның ішінде: мүгедектер - 5, жазасын өтеп келгендер -5, оралмандар -0.

«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 6 рет өткізілді. Нәтижесінде 35 жұмыс берушілерден 50 жұмыс орындары ұсынылып, 50 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде әйел адам саны – 19 (38%).

 Әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 50 адамға 13 756,0 мың теңге қаржы қаралып, 5086,0 мың теңге қаржы игерілді. Есепті мерзімге 42 жұмыс берушілерден 126 жұмыс орындарына сұраныс түсіп, 32 мекемеге 62 адам жолданды.

 Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 80 адамға 27 216,0 мың теңге қаржы бөлініп, 10900,0 мың теңге қаржы игерілді. Есепті мерзімге 86 жұмыс берушілерден 292 жұмыс орындарына сұраныс түсіп,  39 мекемеге 58 адам жолданды.

 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 34 000,0 мың теңге қаржы қаралып, оның 18800,0 мың теңгесі игерілді. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 54 жұмыс берушілерден 885 жұмыс орнына сұраныс түсіп, 355 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Оның ішінде 273-і (76,9 %) әйел адам, 79-ы (22,3%) 16-29 жас аралығындағы жастар және 8-і мүмкіндігі шектеулі жан.

  Бірінші бағыт:Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша республикалық бюджеттен 80 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралған. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне барлығы 60 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды.

  Екінші бағыт:Бағдарламаның екінші бағыты аясында 86 жоба әзірленіп, 51 жоба қаржы ұйымдарына ұсынылды. Қазіргі таңда олардың ішінен 13- жобаға оң шешім берілген.




ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ І ТОҚСАН

Статистика мәліметтеріне сәйкес Жалағаш ауданы бойынша 2017 жылдың  1 тоқсанына жұмыс күшінің саны – 17585 мың адам, жұмыспен қамтылған халық саны – 16674 мың адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,5% құрады.

2017 жылы 680 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 145 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе 21,3% (оның 103-ы тұрақты). Оның ішінде: ауылшаруашылық саласы -39,  білім саласына-10, экономикалық қызметтің басқа салаларында – 32, уақытша және маусымдық жұмыстар -42, құрылыс саласы – 3, көтерме және бөлшек сауда -19.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 696 адам хабарласты, соның ішінен 168 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 24,1 пайызы) жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтарға жататын 9 адамның (соның ішінде: мүгедектер –5, жазасын өтеп келгендер –4, оралмандар - 0) 5- уі жұмыспен қамтылды, соның ішінде: мүгедектер - 2, жазасын өтеп келгендер -3, оралмандар -0.

«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 3 рет өткізілді. Нәтижесінде 23 жұмыс берушілерден 35 жұмыс орындары ұсынылып, 35 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде әйел адам саны – 13 (37,1%).

2017 жылы қабылданған Кешенді жоспар аясында 1523  адамды қамту жоспарланған, соның ішінде 452 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмысқа орналасқандар -168, әлеуметтік жұмыс орнына-55, жастар тәжірибесіне -40, қоғамдық жұмысқа 189.

 Әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 50 адамға 13 756,0 мың теңге қаржы қаралып, 1 175,0 мың теңге қаржы игерілді.  Есепті мерзімге 41 жұмыс берушілерден 121 жұмыс орындарына сұраныс түсіп, 27 мекемеге 55 адам жолданды.

 Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 80 адамға 27 216,0 мың теңге қаржы бөлініп, 3 125,0 мың теңге қаржы игерілді. Есепті мерзімге 78 жұмыс берушілерден 272 жұмыс орындарына сұраныс түсіп, 29 мекемеге 40 адам жолданды.

 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 34 000,0 мың теңге қаржы қаралып, оның 4 500,0 мың теңгесі игерілді. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 51 жұмыс берушілерден 882 жұмыс орнына сұраныс түсіп, 189 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Оның ішінде 148-і (78,3%) әйел адам, 44-і (23,3%) 16-29 жас аралығындағы жастар және 3-і мүмкіндігі шектеулі жан.

 Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша республикалық бюджеттен 80 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралған.

Кіру