Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика

Дін


Жалағаш ауданы бойынша  діни ахуал тұрақтылығын сақтау бағытында атқарылған жұмыстар туралы

(29.06.2018 ж.)

 

Ауданда діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және ҚМДБ қарасты аудан көлемінде 12 мешіт жұмыс атқаруда. Ауданда діни ахуал тұрақты.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 18 материал жарық көрді. Оның ішінде, жергілікті "Жалағаш жаршысы" газетіне – 11, интернет ресурстар және әлеуметтік желілерге – 7 ақпарат жарияланды.

Сондай-ақ, Жалағаш ауданында дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу және деструктивті діни ағым идеологиясының  теріс мәнін әшкерелеу бойынша МЕДИА-ЖОСПАР әзірленіп, бекітілді.

Жоспарға сәйкес 2018 жылғы ақпан айынан бастап, ай сайын ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері "Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңын іске асыра отырып, терроризмге қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша мақалалары жарияланып келеді.

Аудандық ішкі саяасат бөлімі арқылы 2018 жылға арналған әлеуметтік тапсырыс негізінде діни ахуал тұрақтылығын сақтау бағытына 1 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 2 000,0 мың теңге қаржы бөлініп "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорымен келісім шарт жасалынып, жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 36 шара ұйымдастырылып /27 кездесу, 1 семинар-тренинг, 3 "дөңгелек-үстел", 1 акция, 4 мәрте жеке кездесу/, оларға 1140 аудан тұрғындары қамтылды.





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ДІНИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

#заңжобасы
#дінсаласы

Бүгінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы дайындалып жатыр. Заң жобасының  мақсаты дін саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады. Ал заң жобасының негізіне дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы жатыр.

Бүгінде діннің атын жамылып қоғамдық құрылысты бұзуға әкелетін әрекеттер жылдан жылға ұлғаю үстінде. Қазақстанда да бұл негативті тенденция 2011 жылдан бастап күшейді. Аталмыш заң жобасы осындай тенденциялардың алдын-алу көздейді.

Заң жобасындағы жаңа нормалардың бірі ретінде шетелде діни білім алу шарттарының енгізілуін атауға болады. Бұл норма болашақ дін қызметкерлерінің алдымен Қазақстанда білім алып, содан кейін шетелде діни білімін тереңдету үшін баруға болатынын білдіреді. Болашақта осы норма екі мәселені шешетін болады: отандық діни мектептің дамуы мен деструктивті идеялардың енуіне тосқауыл болу.

Бірінші мәселенің шешілуі Қазақстандық мәдениетті бойына сіңірген, қоғамның нормаларын білетін және мойынсұнатын, қазақтың ежелгі дәстүрлі исламын толықтай түсінетін азаматтардың білім алуына, олардың ел игілігіне қызмет етуіне өз үлесін қосатын болады. Ал екіншісі алдыңғыдан туындайды. Яғни, мемлекеттің, қоғамның игілігін көрген, дәстүрлі исламның канондарына құныққан азаматтар деструктивті идеялардың енуіне жол бермей, оған қарсы қызмет жасауда белсенді болары анық.




2017 жылдың 10 айы бойынша діни бірлестіктер атқарылған жұмыстар туралы


Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында ауданда аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан көлемінде 12 мешіт жұмыс жасайды. Олардың барлығы да әділет органдарында тіркелген.

         Қазіргі уақытта Жаңадария, Мырзабай ахун ауылдық округтерінде мешіт болмаса, М.Шаменов ауылдық округінде мешіттің құрылысы мешіт салдырушы азаматтың (Айтмұрат Шәменов) қайтыс болуына байланысты аяқталмай Әділет департаментінен тіркеуден өткізілмеген. Аудан әкімдігі тарапынан Шәменовтер әулетімен бірге мешіт құрылысына байланысты ұсыныстар беріліп, бұл жұмыстар 1-2 жыл көлемінде толығымен шешімін табады деп күтілуде. Демеушілер арқылы барлық мешіттердің жағдайларын қалыпты ұстап отыру мүмкіндіктері қарастырылған. 

         2017 жылдың мамыр айында аудандық "Иманқұл" мешітіне 4 бейнебақылау камерасы, Еңбек ауылдық округіндегі "Мүсірәлі баба" мешітіне 2 бейне бақылау камерасы орнатылып, мешіт ішіндегі жағдай күнделікті бақылауға алынды. Қалған ауылдық округтерде бейнебақылау камерасын орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

         Мешіт имамдарының біліктілігі бойынша жоғарғы білімді 1-еу, медресе бітірген 1-еу, ҚМДБ-ның жанындағы 4 айлық институт бітірген 2-еу, қалған 8 имам сауат ашу курстарынан өткен.

         Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және Қызылорда облысының әкімдігінің бірлесуімен Алматы қаласында 2017 жылдың 18-22 қыркүйек, 25-29 қыркүйек аралықтарында «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті» университетіне имамдардың біліктіліктерін артыруға бағытталған 5 күндік оқыту семинарына ауданымыздан 9 имам оқыту курсынан өтті.

         Қазіргі таңда ауданымыздан екі шәкірт арнаулы орындарда білім алуда. Атап айтқанда,

         1. Мақпалкөл ауылдық округінен Шәкібек Айдос «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университетінің 2 курс студенті;

         2. Жалағаш кентінен Смағұл Арун Сәбитұлы Алматы қаласы Имам ағзам Әбуханифа медресесінің 1 курс студенті;

         Қызылорда облысы бойынша орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің шәкірті Н.Саткиева 2017 жылдың 26 мамыр - 25 маусым аралығында "Иманқұл" мешітінің әйелдер бөліміне дәріс беріп, дәріске 25 қыз бала қатысты.

         Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Имам ағзам Әбуханифа медресесінің 1 курс студенті А.Смағұл оқушыларға дәріс беріп, дәріске 33 оқушы қатысты.

         Бүгінгі таңда аудандағы діни ахуалды сипаттау мақсатында қойылған сауал нәтижелерін талдайтын болсақ, сұралғандардың басым бөлігі оңды жауап берген. Оның ішінде, тұрақты дейтіндер 49% және 48%-ы жақсы деп жауап берген. Керісінше, қиыншылықтың белгілері бар дейтіндер 2%-ды құрады. Сауалнама нәтижелері бойынша шиеленіс, дау бар дейтіндер 2%-ды құрады. Бұл сауалға жауап беруге қиналамын дейтіндер 1%-ды құрады.

Аудан тұрғындарына дәстүрлі дінді насихаттау мақсатында кент және ауылдық округтерде көрнекі ақпарат құралдары (билборд) орналастырылған және жергілікті баспасөз бетінде жыл басынанбері 28 мақалажарияланды. Интернет ресурстарда "фейзбук", "В-контакте" әлеуметтік желілеріне күнделікті бақылау жүргізіліп рұқсат етілген мәліметтер, дәстүрлі дінді түсіндіретін ақпараттар таратылуда.      ҚМДБ-ның қолдауымен "Адамзаттың асыл тәжі" тақырыбында 200 дана кітап, Құран Кәрімнің қазақша нұсқасы 100 дана аудан тұрғындарына таратылды.

2017 жылға арналған әлеуметтік тапсырыс негізінде 1 500,0 мың теңге қаржы қаралып, "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорымен келісім шарт жасалынып 11-ші, 31-ші тамыз күндері РАНТ мүшесі Қызылорда қалалық "Нұр" мешітінің ұстазы Батырбек Убаевтың қатысуымен ауданымызда адрестік кездесу жұмыстары жүргізіліп, мешіт  жамағаттарына уағыз насихат айтылды.

2017 жылдың 21 қыркүйек күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында философия ғылымдарының кандидаты, дінтану кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшесі, Астана қаласы Дін істері басқармасы Астана қаласы бойынша сарапшы, Дін істері комитеті Ғылыми зерттеу және талдау орталығының сарапшысы Кеңшілік Тышхан «Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары: өңірлік тәжірибе және проблемалар», «Руханият және дәстүр» тақырыбтарында семинар өткізді.

Семинарға аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері, дінтану пәнінің мұғалімдері, ҚМДБ қарасты барлық мешіт имамдары, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлері, Жалағаш аудандық «Қоғамдық кеңес» мүшелері, «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатыстырылды. Жоба аясында атқарылатын шаралар Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 48 шара ұйымдастырылып (6 дөңгелек үстел, 5 акция, 35 кездесу, арнайы ауданымызға шақырылған теолг мамандардың қатысуымен 2 оқыту семинар) 3740 аудан тұрғындары қамтылды.



 2017 жылдың 6 айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы


Жалпы аудан көлемінде барлығы 12 мешіт жұмыс жасайды. Олардың барлығы да әділет органдарында тіркелген.

Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында ауданда аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия, ҚМДБ қарасты барлық мешіт имамдары жұмыс атқарып келеді.

Аудан әкімінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №29 қаулысымен аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамына өзгерістер енгізіліп, 2017 жылға арналған Кеңестің жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу» мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобының құрамы жаңартылып, 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Топ құрамында беделді ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, мешіт имамы, жастар көшбасшылары, ішкі істер органының жауапты қызметкері, психолог және "дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ Жалағаш аудандық бөлімшесінің теолог маманы бар.

2017 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында аудан көлемінде діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы шараларға 1 500,0 мың теңге бөлінді.

Кіру