Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Қоғам Ішкі саясат

Ішкі саясат

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің 2019 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

Жалағаш ауданы бойынша 2019 жылдың I тоқсаны бойынша ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, шиеленісуі мүмкін  жағдайлар, ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына  кері әсерін тигізуі мүмкін болжамдар, іс-шаралар, түрлі саяси партиялардың іс-қимылдары, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілгендігі және өткізуге арыздар тіркелген жоқ.

 

Қоғамдық саяси маңызы бар шаралар:

2019 жылы Жалағаш ауданының  қоғамдық - саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 53 түрлі шаралар енгізіліп, бекітілді. Оның ішінде 47 шара мерекелік күндер мен ұйымдастырылатын шаралар болса, өткізілетін мерейтойлар саны 4, республикалық деңгейде спорттық турнирлер саны 2.

2019 жылдың I тоқсанында қоғамдық - саяси маңызды шаралардың 7-уі өткізілді. Олар: аудан әкімінің Жалағаш кенті және ауылдық округтерде тұрғындар алдындағыы есепті кездесуі, аудан тұрғындары алдындағы есепті кездесуі, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған, 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған, 22 наурыз – Наурыз мерекесіне арналған шаралар өткізілді.  

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында:

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайны бет ашылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аудан көлеміндегі кент және ауылдық округтерде тақырыптық билбордтар орналастырылды. 2019 жылдың I тоқсанында аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне, әлеуметтік желілерде (фейсбук) 30 ға жуық мақала  жарияланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған түрлі форматтағы 10  шара өткізілді.   Бағдарлама бойынша тиісті шаралар өз жалғасын табатын болады.

Мемлекеттік ақпараттық саясат:

Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті  жұмыс жасауда.

Интернет желісінде 1 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар («Жалағаш жаршысы» газеті).

Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 10 қаңтарында «Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі  Бас медиа-жоспары» бекітілді.

2019 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 7 млн 215 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша бүгінгі күні аудан бойынша 5003 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің  74%-ын құрайды.

 

Жалағаш ауданы көлемінде жұмыс жасайтын БАҚ туралы ақпарат:

Жалағаш ауданы бойынша қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын ақпараттандыру бойынша 1 газет жұмыс жасайды. 2019 жылдың 1 қаңтарына «Жалағаш жаршысы» газетінің 3153 дана таралымы бар.

 

Діни ахуал туралы:

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан көлемінде 12 мешіт жұмыс жасайды. Олардың барлығы әділет органдарында тіркелген.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 5 мақала жарық көрді. Оның ішінде, жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетіне – 2, интернет ресурстар және әлеуметтік желілерге – 3 ақпарат жарияланды.

Жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 23 шара ұйымдастырылып оларға 850 аудан тұрғындары қамтылды.

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы  2019 жылға арналған әлеуметтік тапсырыс негізінде 1 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 2000,0 мың теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес «Сыр алаңы» қоғамдық қоры (1750,0 мың теңге)  жеңімпаз болып танылды.

 

Үкіметтік емес  ұйымдармен жұмыс:

Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 25 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 12-і қоғамдық қор болса, қалған 13-уі қоғамдық бірлестіктер.

13 қоғамдық бірлестік және 7 қоғамдық қор ҮЕҰ Дерекқорлар базасына енгізілді. 5 қоғамдық қор жұмысын уақытша тоқтатқан. 2 қоғамдық бірлестік Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалдары облыстан енгізілген.

Мемлекеттік рәміздердің пайдалануы мен насихатталуы:

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылуы, осы арқылы азаматтарға патриоттық тәрбие беру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Кент орталығында мемлекеттік рәміздерге арналған билборд орналастырылған және Жалағаш кенті мен Бұқарбай батыр ауылдық округі орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер алаңдары бар. Барлық білім беру мекемелерінде аптаның әр дүйсенбісінде сабақ оқушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін айтуымен басталады. Бұл білім беру мекемелерінде дәстүрге айналып отыр.       

2019 жыл бойынша жергілікті бюджеттен ҚР-ның Мемлекеттік Рәміздерін сатып алуға 5 млн теңге қаржы қаралып, өлшемі 500 мм болатын 45 дана және 1000мм болатын 5 дана жаңа үлгідегі Мемлекеттік Елтаңба, өлшемі 1х2м болатын 180 дана және өлшемі 1,5х3м болатын 20 дана Мемлекеттік Ту сатып алынды. 

Қазіргі таңда Мемлекеттік Елтаңбаларды сатып алуға бюджеттік өтінім арқылы аудандық жергілікті бюджетке қажетті қаржы көлеміне сұраныс берілді.      

             


Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы

 

Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болды.

Жыл көлемінде ауданда шиеленісуі мүмкін  жағдайлар, ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына  кері әсерін тигізуі мүмкін болжамдар, іс-шаралар, түрлі саяси партиялардың іс-қимылдары, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілгендігі және өткізуге арыздар тіркелген жоқ.

2018 жылдың қорытындысымен аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылық деңгейіне сұралғандардың басым бөлігі оңды пікір білдірген. Өзге жауаптармен салыстырғанда жақсы деп жауап бергендер басымдық танытып отыр, яғни жақсы дейтіндер үлесі І тоқсанда 59%-ды құраса, ІІ тоқсанда 60%-ды, ІІІ тоқсанда 59% және ІҮ тоқсанда 60% сұралған респонденттің пікірінен құралған.

Сәйкесінше, аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты деп баға бергендер үлесі І тоқсанда 37%-ды құраса, ІІ тоқсанда 35%-ды, ІІІ тоқсанда 36% және ІҮ тоқсанда 37% респонденттің пікірінен анықталды.

Дегенмен, аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылық деңгейін тұрақсыз дейтіндер І тоқсанда 1%-ды құраса, ІІ тоқсанда мүлде кездеспесе, ІІІ тоқсанда 1% және ІҮ тоқсанда 1% сұралған респонденттің пікірінен құралып отыр. Сондықтан, аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылық деңгейіне қатысты сауалға тұрақсыз және жауап беруге қиналғандар пікірін ескеріп, тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігі ұсынылады.

        

Шиеленіс ошақтары картасына байланысты:

2018 жылғы IV тоқсанға бекітілген облыс аумағындағы әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасына барлығы 23 мәселе енгізілген. Оның ішінде Жалағаш ауданына қатысты 2 мәселе бар.

1. М.Шәменов ауылының Ә.Бердаулетов атындағы №34 орта мектеп ғимараты 1991 жылғы 704 орындық болып салынған. Қазіргі таңда мектептің іргетасы отырып, қабырғалары жарылып апатты деп танылуда.

Аталған мәселеге байланысты 140 орындық жаңа мектеп ғимаратына жергілікті бюджеттен 7 млн теңге бөлініп, жоба-сметалық құжат әзірленуде. Қазіргі таңда жоба сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

2. Жас мамандарға арналған «Диломмен ауылға» бағдарламасының бекітілген әлеуметтік көмекті толық көлемде алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу жұмыстары енгізілген.

Олар бойынша аудандағы мекеме, бөлім басшыларына тиісті хаттар жолданып, аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы қажетті ақпарат облыстық ішкі саясат басқармасына жолданып отыр.

 

Қоғамдық саяси маңызы бар шаралар:

Өткен жылы  Жалағаш ауданының  қоғамдық саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 48 түрлі шаралар енгізіліп, аталған шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып, өткізілді.

2019 жылы Жалағаш ауданының  қоғамдық саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 53 түрлі шаралар енгізіліп, бекітілді.   Оның ішінде 47 шара мерекелік күндер мен ұйымдастырылатын шаралар болса, өткізілетін мерейтойлар саны 4, республикалық деңгейде спорттық турнирлер саны 2.

 

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында:

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайны бет ашылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аудан көлеміндегі кент және ауылдық округтерде 15 тақырыптық билбордтар орналастырылды. Аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне, әлеуметтік желілерде (фейсбук) 80 ге жуық мақалалар жарияланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған түрлі форматтағы 40  шара өткізілді.           2019 жылы

бағдарлама бойынша тиісті, шаралар өз жалғасын табатын болады.   

 

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс:

Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасауда.

Интернет желісінде 1 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар («Жалағаш жаршысы» газеті).

Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 10 қаңтарында «Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.

2018 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 9 млн 15 мың теңге бөлінді.

Есепті мерзімде аудан әкімінің қатысуымен 2 брифинг берілді, «Qyzylorda» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 1 тікелей эфирдегі сұхбат, облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан 1 баспасөз туры ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша бүгінгі күні аудан бойынша 5003 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 74%-ын құрайды.

 

Діни ахуал туралы:

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан көлемінде 12 мешіт жұмыс жасайды. Олардың барлығы әділет органдарында тіркелген.

Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы 2018 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде діни ахуал тұрақтылығын сақтау бағытындағы  әлеуметтік жоба аясында және аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 69 шара ұйымдастырылып /37 кездесу, 6 семинар-тренинг, 6 "дөңгелек-үстел", 12 акция, 8 мәрте жеке кездесу/, оларға 3580 аудан тұрғындары қамтылды. Аудан көлемінде дәстүрлі емес діни бағытын ұстанып жүрген 3 адам есепте тұрады. Үстіміздегі жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, дәстүрлі емес діни бағыт ұстанатын азаматтар санын азайту көзделіп отыр. 

   

Үкіметтік емес  ұйымдармен жұмыс:

Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 25 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 12-і қоғамдық қор болса, қалған 13-уі қоғамдық бірлестіктер. Оның ішінде 2-уі жастар ұйымдары.

2018 жылы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 8000,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 6 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылды.

11 қоғамдық бірлестік және 6 қоғамдық қор 2018 жылы ҮЕҰ Дерекқорлар базасына енгізілді. 6 қоғамдық қор жұмысын уақытша тоқтатқан. 2 қоғамдық бірлестік Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалдары облыстан енгізілген.

2019 жылы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 8000,0 мың теңге қаржы бөлініп, Қазіргі уақытта 6 әлеуметтік жобаға конкурс жарияланды.

 

Жастар саясаты:

Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 8865 азамат тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 24,7 пайызын құрайды.

Оның ішінде ауылдағы жастар саны 4942 болса, кент орталығындағы жастар саны 3923 болып отыр.

2018 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн теңге бөлінді.  Оның ішінде       4,5 млн. теңгеге 4 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру қолға алынды.  Сонымен қатар 2018 жылы ауданда алғашқы рет Жалағаш ауданы әкімінің “Жалын” жастар сыйлығы ұйымдастырылып, 12 тамыз           Халықаралық жастар күні қарсаңында белсенді 10 жасқа (әрқайсысына 50 000 теңгеден)  қаржылай сыйлық табысталды.                     

Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен Жастар корпусын дамыту (Zhas Project) жобасы қолға алынып, барлығы 300-ден астам жастар қызығушылық танытты. Нәтижесінде барлығы 80-ге жуық жоба ұсынылып, қорытындысымен 22 жеңімпаз грант иегері атанып, жұмыс жасауда.

«Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» арқылы әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 122 шара ұйымдастырылып, оған 8911 жас қамтылған.

Өзіңізге белгілі, Елбасы Жарлығымен «2019 жыл - Жастар жылы» деп жарияланып, 23 қаңтар күні салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Сонымен қатар, жастардың әлеуетін одан әрі қарай қолдау мен дамытуға байланысты нақты тапсырмалар берілді.                                  Осыған байланысты, облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің келісімімен және өзіңіздің бекітуіңізбен 8 бағыт бойынша 143 тармақтан тұратын «Жалағаш ауданында Жастар жылын атап өтудің кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілді.   


Аудандық ішкі саясат бөлімі бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы

 

Жалағаш ауданы бойынша қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

2017 жылға арналған Жалағаш ауданының қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жоспарға 51 қоғамдық-саяси, мәдени, спорттық шаралар енгізілді.

 

Мемлекеттік рәміздердің пайдалануы мен насихатталуы:

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылуы, осы арқылы азаматтарға патриоттық тәрбие беру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Кент орталығында мемлекеттік рәміздерге арналған билборд орналастырылған және Жалағаш кенті мен Бұқарбай батыр ауылдық округі орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер алаңдары бар. Барлық білім беру мекемелерінде аптаның әр дүйсенбісінде сабақ оқушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін айтуымен басталады. Бұл білім беру мекемелерінде дәстүрге айналып отыр.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай аудан көлемінде көптеген шаралар ұйымдастырылады. 2017 жылғы 3 маусым күні аудан орталығында «Менің Қазақстаным» атты мерекелік шара өткізілді.

   

Діни бірлестіктермен жұмыс:

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында ауданда аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия жұмыс атқаруда.

Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, терроризмге қарсы комиссия құрамдарына өзгерістер енгізіліп, 2017 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді. Аталмыш жоспарға сәйкес комиссия отырыстары өткізіліп, нақты тапсырмалар беріліп, жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Жыл басынан бастап республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен 8 дөңгелек үстел, 6 акция, 51 кездесу өткізіліп, барлығы 3200 адам қамтылған.

 

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы:

Жалағаш ауданы бойынша 14 пен 29 жас аралығында 8865 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш халық санының 24,7 пайызын құрайды. Оның ішінде кент жастары - 3923, ауыл жастары - 4942 (Ерлер саны - 4564, қыздар саны – 4341).

Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының 2017 жылы жүргізген жастар санағы қорытындысымен жұмыссыз және NEET санатындағы 496 жас анықталды.

2017 жылы жергілікті бюджет есебінен жастар саясаты саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар ұйымдарын қаржыландыру бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 1 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа аудандық бюджеттен 2 млн 290 мың теңге қаржы бөлініп, Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі арқылы іс-шаралар жүзеге асырылды.

Жастардың бос уақыты мен демалысы үшін жағдайлар жасау, шығармашыл жастарды қолдау мақсатында конкурстар, ойындар, дарынды жастар арасында турнирлер өткізу бойынша Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылы  әр түрлі бағыттағы 94 шара ұйымдастырылып, оған 6450 жас қамтылды.

 

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс:

Жалағаш ауданы бойынша Әділет органдарында тіркелген 23 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 11-і қоғамдық қор болса, қалған 12-уі қоғамдық бірлестіктер. Оның ішінде 2-уі жастар ұйымдары.

2017 жылы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 7 500,0 мың теңге қаржы бөлініп, 6 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылды.

 

Мемлекеттік ақпараттық саясат:

Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті  жұмыс жасауда.

Интернет желісінде 1 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар («Жалағаш жаршысы» газеті).

Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 10 қаңтарында «Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі  Бас медиа-жоспары» бекітілді.

2017 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 7 млн 215 мың теңге бөлінді.

Есепті мерзімде аудан әкімінің қатысуымен 2 брифинг берілді, «Qyzylorda» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 1 тікелей эфирдегі сұхбат,  облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан 1 баспасөз туры ұйымдастырылды.

 

Жалағаш ауданы көлемінде жұмыс жасайтын БАҚ туралы ақпарат:

Жалағаш ауданы бойынша қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын ақпараттандыру бойынша 1 газет жұмыс жасайды. 2017 жылдың 1 қаңтарына «Жалағаш жаршысы» газетінің 3081 дана таралымы бар.



Аудандық ішкі саясат бөлімі бойынша 2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы

 

Жалағаш ауданы бойынша қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

2017 жылға арналған Жалағаш ауданының қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жоспарға 51 қоғамдық-саяси, мәдени, спорттық шаралар енгізілді.

 

Мемлекеттік рәміздердің пайдалануы мен насихатталуы:

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылуы, осы арқылы азаматтарға патриоттық тәрбие беру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Кент орталығында мемлекеттік рәміздерге арналған билборд орналастырылған және Жалағаш кенті мен Бұқарбай батыр ауылдық округі орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер алаңдары бар. Барлық білім беру мекемелерінде аптаның әр дүйсенбісінде сабақ оқушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін айтуымен басталады. Бұл білім беру мекемелерінде дәстүрге айналып отыр.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай аудан көлемінде көптеген шаралар ұйымдастырылады. 2017 жылғы 3 маусым күні аудан орталығында «Менің Қазақстаным» атты мерекелік шара өткізілді.

Алдағы уақытта аудандағы бірқатар мекемелерге жаңа үлгідегі Мемлекеттік Елтаңба алу үшін қосымша қаржы бөлу қажеттігі туындап отыр.

           

Діни бірлестіктермен жұмыс:

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында ауданда аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия жұмыс атқаруда.

Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, терроризмге қарсы комиссия құрамдарына өзгерістер енгізіліп, 2017 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді. Аталмыш жоспарға сәйкес комиссия отырыстары өткізіліп, нақты тапсырмалар беріліп, жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен 6 дөңгелек үстел, 5 акция, 35 кездесу өткізіліп, барлығы 3140 адам қамтылған.

 

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы:

Жалағаш ауданы бойынша 14 пен 29 жас аралығында 8865 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш халық санының 24,7 пайызын құрайды. Оның ішінде кент жастары - 3923, ауыл жастары - 4942 (Ерлер саны - 4564, қыздар саны – 4341).

Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының 2017 жылдың жартыжылдығында жүргізген жастар санағы қорытындысымен жұмыссыз және NEET санатындағы 496 жас анықталды. Олардың жұмыссыз екенін анықтау мақсатында жүргізілген адрестік жұмыстар нәтижесінде көпшілігі оқу орнын бітіріп, жұмыс таппай жүрген, жоғары немесе орта арнаулы білімі жоқ жастар мен бала күтіміндегі аналар, сондай-ақ денсаулығына байланысты жарамсыздар мен жұмыстан өз еркімен босаған жастардан құралып отыр.

2017 жылы жергілікті бюджет есебінен жастар саясаты саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар ұйымдарын қаржыландыру бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 1 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа аудандық бюджеттен 2 млн 290 мың теңге қаржы бөлініп, Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі арқылы іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Аудан бойынша жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікпен шұғылдануға тарту және жас кәсіпкерлер базасын қалыптастыру жұмыстары нәтижесінде 168 жас кәсіпкер анықталды. Жастар ресурстық орталығы аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу арқылы жастарды кәсіпкерлікке баулу және олардың сауаттылығын арттыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Семинарларға Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының «Бизнес тренерлері» шақыртылып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға арнайы кәсіпкерліктің негізгі курсынан өткендігі жөнінде сертификаттар табысталды.

Жастардың бос уақыты мен демалысы үшін жағдайлар жасау, шығармашыл жастарды қолдау мақсатында конкурстар, ойындар, дарынды жастар арасында турнирлер өткізу бойынша Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 6 айында 39 - кездесу, 6 - мерекелік шара, 6 - акция, 4 - әртүрлі бағыттағы шара, 6 - қоғамдық түнгі рейд, 6 - кеңес беру, 3 - оқу-семинарлар өткізілді.

Жастар ресурстық орталығы арқылы ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда бірқатар кедергілердің орын алып отырғанын айта кеткен жөн. Мысалы, аудан жастарының төлқұжатын дайындауда аудандық бөлімдер мен мекемелер тарапынан ақпаратты дер кезінде алу қиындығы туындап отыр. Аудандық бөлімдер мен мекемелерде жастар саясатына жауапты етіп бір маманға бөлім басшысының бұйрығымен міндеттеу ұсынылады

Кент және ауылдық округтердегі жастар саясатын жүзеге асыру міндеттелген мамандар тапсырмаларға немқұрайлылықпен қарап, тиісті жұмыстарды өз деңгейінде орындамай отыр. 2017 жылдың 5 айында кент және ауылдық округтерде жастар саясатын жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың есебін тапсыруға Аққұм, М.Шәменов, Жаңадария, Жаңаталап, Ақсу ауылдық округтерінің жауапты мамандары жауапсыздық танытып, есеп беру жиынына қатыспаған. Сонымен қатар Жалағаш кенті, Аққұм, Мәдениет ауылдық округтерінде жастар ісіне жауапты мамандардың жас ерекшелігі ескерілмей жүктеліп отыр. Бұл өз кезегінде аудан бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда және орталық жұмысын үйлестіруде кедергі келтіріп отыр.

           

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс:

Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 23 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 11-і қоғамдық қор болса, қалған 12-уі қоғамдық бірлестіктер. Оның ішінде 2-уі жастар ұйымдары.

2017 жылы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 7 500,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 6 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылуда.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған Көрмесіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерді апару қызметін ұйымдастыруға 7 985,0 мың теңгеге қаржы қаралып 2017 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында 140 ардагерлерді Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесіне саяхат жасауға «Самұрық» Инновациялық иделяарды дамыту орталығы» қоғамдық қорымен келісім шарт жасалынып 23-28 маусым аралығында 52 ардагер саяхат жасап келді.

 



Кіру