Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Қоғам Ішкі саясат БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

(2019 жыл I-тоқсан)


«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайны бет ашылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аудан көлеміндегі кент және ауылдық округтерде тақырыптық билбордтар орналастырылды. 2019 жылдың I тоқсанында аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне, әлеуметтік желілерде (фейсбук) 30 ға жуық мақала  жарияланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған түрлі форматтағы 10  шара өткізілді.   Бағдарлама бойынша тиісті шаралар өз жалғасын табатын болады.




Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының Жалағаш ауданында іске асырылуы туралы


 

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайны бет ашылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.         Аудан көлеміндегі кент және ауылдық округтерде 15 тақырыптық билбордтар орналастырылды. Аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне, әлеуметтік желілерде 70 ке жуық мақалалар жарияланды.

Мақаладан бастау алатын «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша аудандық жұмыс тобы, Сарапшылар кеңесі, Жобалық кеңсе құрылып, Елбасы жолдаған мақаланы ілгерілету және ұйымдастыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шаралар жоспарында Елбасы мақаласында айтылған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы», «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде», «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобалары бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы негізгі тұжырымдамалық тәсілдерге сәйкес, Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына орай  «Өлкетану», «Отаным – тағдырым», «Кітап – білім бұлағы», «Саналы Азамат», бағытында жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу бағытындағы шаралар қамтылуда.

2018 жылғы 12 қаңтар күні «Рухани қазына» кіші бағдарламасы  «Мәдени мұра» базалық бағыты бойынша аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Ә.Тәжібаевтың «Той боларда» атты 2 актілі комедиясының премьерасы болып өтті. Спектакльдің мақсаты, жастарды жоғары деңгейдегі мәдени өнерге баулу арқылы рухани азықтандыру, бүгінгі ұрпақты әділдікке, шыншылдыққа баулу.

23 қаңтар күні «Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-Туған ел» базалық бағыты бойынша ауданық кітапханада «Отаным-өз үйім, отбасым-мерейім»  тақырыбындағы «дөңгелек- үстел» кеші өтті.

Бағдарламаның басым бағыттарының бірі «Цифрлы Қазақстан» жобасы. Бұл жобаға сәйкес ақпараттық жүйелерді қалыптастыру, жетілдіру, азаматтардың тиісті ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1400,0 мың теңге қаржы бөлініп,  ауылдық кітапханалар толығымен компьютермен жабдықталды.  

8 ақпан күні аудандық оқушылар Үйінде «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өтті. Байқауға ауданның барлық мектеп оқушылары қатысып, үздік деп таңылған оқушылар марапатталып, облысқа жолдама алды.

9 ақпан күні «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың аудандық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға № 31, 32, 33, 34, 114, 116, 201, 202, 246 орта мектеп оқушылары қатысып, үздік деп танылғандары облысқа жолдама алды.

16 ақпан күні ауданның барлық мектептерінде «Жақсы кітап-жан азығы»  тақырыбында  оқушылар арасында балалар мен жасөспірімдердің кітап сүюшілер қозғалысы. Барлық білім беру ұйымдарында кітап көрмелері мен кітап өнімдерін көпшілікке  таныстыру шарасы ұйымдастырылды.

«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық, аудандық бөлімшелерінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жалағаш ауданы аймағында орналасқан көне Жент қаласына саяхат жасады. Саяхаттауға белсенді «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері мен облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды. 

2018 жылдың 19 сәуір күні  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай бүгін Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Сенде тудым, сенде өстім» атты түрлі этнос өкілдерімен кездесу өткізілді.

2018 жылдың 28 мамыр күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жалағаш кентінде «Домбыра – думан» атты домбырашылар шеруі өтті.

Білім беру ұйымдарында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру бағытында барлық мектептерде Сыр өңірінің ақын жазушы шығармаларынан «Көп оқы, көп білуге ұмтыл!» оқуғы міндетті 30 кітап» акциясы ұйымдастырылды.

«Ақтерек» сауықтыру лагерінің 50-ге жуық тынығушысы өңірдегі қасиетті нысандарға саяхаттау мақсатында Қорқыт Ата кешенінде болып қайтты.  

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың 1 шілдесі мен 15 тамыз аралығында жыл сайын өтетін «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген бірқатар азаматтарға «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» номинациялары табысталды.

2018 жылғы 24 тамыз  күні аудан ардагерлері арасынды дәстүрлі VIII спартакиада болып өтті. Спартакиадаға кент және ауылдық округтен спорттың 4 түрі бойынша 18 команда, 120-ға жуық ардагерлер қатысты.

    2018 жылдың 5 қыркүйек күні Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттауға байланысты жастармен кездесу өткізілді.

Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің 120 жылдығына орай 9-10 сынып оқушылары арасында «Алып өнердің асыл нары – Темірбек Жүргенов» көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Қызылорда қаласынан және аудандардан 10-нан астам өнерпаз қатысты. Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар, қаржылай сыйлықтар табысталды.    

Жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың Темірбек Жүргеновтің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Нарком Жүргенов» пьесасы Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде сахналанды.               Дәуімбай елді мекенінде мемлекет және қоғам қайраткері І.Қабыловтың 115 жылдық мерейтойына орай саябақтың және кеуде мүсінінің ашылу салтанаты өтті.                                              Сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері І.Қабыловтың 115 жылдығына орай «Рухани жаңғыру және Ілияс Қабыловтың мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2018 жылғы 18 қазан күні орталық стадионда қазақ күресінен түйе палуандар сайысы өткізілді. Сайысқа Шымкент, Алматы қалаларынан, Қызылорда облысынан 12 палуан қатысты.  Жарыс жеңімпаздары диплом және қаржылай сыйлықтарға ие болды.                                 

Үстіміздегі жылы Жалағаш кентінде «Жеңіс» паркін абаттандару жұмыстарына 23340,8 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер «ОрдаМегаСтрой» ЖШС-і  жеңімпаз атанып абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткерлері Т.Жүргеновтің 120 жылдық, І.Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұ.Еспановтың 90 жылдық мерейтойларына орай Жалағаш кентінде «Тағзым» аллеясы ашылды.                                                                                                          «Тағзым» аллеясына мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновке, Социалистік Еңбек Ері Ұ.Еспановқа жалпы құны 18000,0 мың теңгеге бюсттері орнатылды.

 41944,0 мың теңгеге Қарақұм қөтерілісі құрбандарына арналған ескерткіш, 10000,0 мың теңгеге Семей, Чернобыль апаты зардаптарын жоюшыларға, Ауған соғысына қатысушыларға арналған белгілер қойылды.

 Мемлекет және қоғам қайраткерлері Т.Жүргеновтің 120 жылдық, І.Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұ.Еспановтың 90 жылдық мерейтойларына орай Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Ұлт келбетін ұлықтаған тұлғалар» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысқа Қостанай, Алматы, Қызылорда облыстарынан және Орал, Тараз, Астана, Шымкент қалаларынан 12 айтыскер қатысыты. Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға аудан әкімінің дипломдары және қаржылай сыйлықтар табысталды.                                                                «Алтын дән-2018» мерекесімен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері Т.Жүргеновтің 120 жылдық, І.Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұ.Еспановтың 90 жылдық мерейтойларына арналған шараларды Қазақстан эстрада жұлдыздары қатысқан Гала концертпен қорытындыланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында үстіміздегі жылдың 14 қараша күні сағат 11.00-де жалпыхалықтық диктант ұйымдастырылды. Жалпыхалықтық диктантқа ауданнан 6500 ге жуық адам қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында бес жоба бекітіліп, Рухани жаңғыру республикалық жобалық офисіне жолданды.

 

Олар:


Жоба атауы

Жоба мақсаты

Іске асырылу кезеңі

Қаржысы

1

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-Туған ел» базалық бағытының аясында  жүзеге асырылатын «Туған жерге саяхат» кіші жобасы

Аудан тұрғындарының ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихи мәдени құндылықтарға құрметпен қарап, өз өлкесінің тарихын терең білуге қызығушылығын  арттыру

2018-2019 ж.ж

1335,0 мың теңге

2

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-Туған ел» базалық бағытының аясында  жүзеге асырылатын «Ақындар айтысы» үйірмесі кіші жобасы

Ақындық таланты бар жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ақындық талабына сай суырып салмалық және жазба өлеңдеріне қарай дұрыс бағыт бағдар беру

2018-2019 ж.ж

2063,0 мың теңге

3

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-Туған ел» базалық бағытының аясында  жүзеге асырылатын «Жас қалам» кіші жобасы

Ауданның түрлі мекемелерінде қызмет атқарып жүрген жастарымыздың  және мектеп оқушыларының жемісті істерін көпшілікке дәріптеу және өнерлі жастарымыздың инновациялық тұрғыда ой өрісін шарықтатуда құлшыныстарын ояту

2018-2020 ж.ж

Қаржы көзі қажет етпейді

4

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-Туған ел» базалық бағытының аясында  жүзеге асырылатын «Цифрлы Қазақстан» кіші жобасы

Оқырмандарға кітаптарды  электронды нұсқада оқу, аса құнды сирек кітаптар мен өлкетану құжаттарын сақтау үшін кітаптардың электрондық көшірмесін жасау, жергілікті баспадан шығатын басылымды көшіру, виртуалды анықтама, веб-сайт арқылы кітапхана сайтына кіріп қордағы әдебиеттер мен іс-шараларды қашықтықтан оқып отыруға мүмкіндік жасау

2018-2020 ж.ж

Қаржы көзі қажет етпейді

5

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-Туған ел» базалық бағытының аясында  жүзеге асырылатын «Жүрек жылуы» кіші жобасы

Заманауи қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуі  мен олардың тұлғалық үйлесімде дамып өсуіне ат салысу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқу мәдениетін арттыру

2018-2020 ж.ж

Қаржы көзі қажет етпейді


 





«Рухани жаңғыру» бағдарламасын Жалағаш ауданында іске асыруға бағытталған жұмыс жоспары

Іс-шара атауы

Өтетін мерзімі

Қаралатын қаржы көлемі

Жауапты орындаушылар

II жартыжылдық

І. «ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ»

1.1 Өлкетану

1

«Таза көше», «Таза ауыл»жобаларын ұйымдастыру. Жобаға белсенді қатысушылар мен жеңімпаздарды жергілікті БАҚ арқылы кеңінен насихаттау

2017 жылғы қыркүйек-қараша аралығы

Қаржы қажет

етілмейді

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімі

2

«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру. Еңбек маусымының жабылу салтанаты

2017 жылғы

қазан

1,800 мың теңге

(облыстық бюджет)

Аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

3

Халықты, ерікті ұйымдарды тарта отырып, көгалдандыру жұмыстары бойынша жарты жылда бір рет (көктемде және күзде) 
«Тал күні» жобасын ұйымдастыру

2017 жылғы

қыркүйек-

қараша

аралығы

Қаржы қажет

етілмейді

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

4

«Эко-сақшы», «Таза өлке үшін», «Таза қала - жанға дауа», «Саябақтар шеруі»экологиялық акцияларын ұйымдастыру

Жыл көлемінде

-

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

кент және ауылдық округтер әкімдері

5

«Қазақстанның табиғаты»тақырыбында үздік фото және бейнематериалдардың аудандық конкурсы

2017 жылғы қыркүйек

Аудандық бюджет

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық ауылшаруашық бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

1.2 «Отаным – тағдырым»

6

Өңірлік кітапханаларда өлкенің тарихына, көрнекті тұлғалардың өмірі мен еңбек жолына арналған көрмелер ұйымдастырып, өткізу. Стендтер жасақтау

2017 жылғы

қазан-қараша аралығы

Аудандық бюджет

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

1.3 «Кітап – білім бұлағы»

7

«Музейге сый»«Кітапханаға кітап сыйла» акциялары

2017 жылғы қазан

Қаржы қажет

етілмейді

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

8

Облыс кітапханаларында Сыр өңірінің тарихына және Сыр бойынан шыққан тұлғаларға арналған кітап көрмесі

2017 жылғы қараша

Қаржы қажет

етілмейді

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

1.4 «Саналы Азамат»

9

Аудандағы үздік оқушылар арасында «Кім ұтқыр?», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық сайыстары

2017 жылғы қазан

Аудандық бюджет

Аудандық білім бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

10

«Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесуі

2017 жылғы қыркүйек

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында

Аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

11

«Тұлға тану» тақырыбында өз саласында жетістіктерге жеткен азаматтармен студент-жастардың еркін форматтағы кездесуі

2017 жылғы қазан

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында

Аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

12

Жұмысшы мамандықтар арасындағы «Үздік маман-2017» аудандық байқауы

2017 жылғы желтоқсан

Аудандық бюджет

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық білім бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

1.5. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

13

Кітап алмасу – буккроссинг арнайы орындарын ұйымдастыру

Жыл көлемінде

Аудандық бюджет

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

14

1 қыркүйек – Білім күнінеарналған шаралар

2017 жылғы

1 қыркүйек

Аудандық бюджет

Аудандық білім бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

15

«Досыңа кітап сыйла!»акциясы

2017 жылғы қыркүйек

Қаржылай шығындарды қажет етпейді

Аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

ІІ. «АТАМЕКЕН»

2.1 «Азаматтық бастамалар картасы»

16

30 тамыз - ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік салтанатты шара

2017 жылғы

29 тамыз

200,0

аудандық бюджет

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,

кент және ауылдық округтер әкімдері

17

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шара

2017 жылғы

30 қараша –

1 желтоқсан

100,0

аудандық бюджет

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,

кент және ауылдық округтер әкімдері

18

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік салтанатты шаралар

2017 жылғы

15-16 желтоқсан

276,0

аудандық бюджет

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,

кент және ауылдық округтер әкімдері

19

Ауыл жастарының слеті

2017 жылғы

Қыркүйек

Аудандық бюджет

Аудандық ішкі саясат бөлімі

20

«Жас Ұлан» көмек топтарын құрып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету шараларын ұйымдастыру

Жыл көлемінде

Қаржы қажет етілмейді

Аудандық білім бөлімі,

аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

21

Ауыл спортшыларының XXXI«Алтын күз-2017» облыстық спартакиадасы

2017 жылғы қазан

12 000,0

аудандық бюджет

Жалағаш ауданының әкімдігі, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы

/келісім бойынша/

22

Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған «Әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру. Жоба аясында «Ардагерлерді ардақтайық», «Балалар біздің болашағымыз», «Таза тіл», «EXPO-2017» ерікті жастар топтарын ұйымдастыру.

2017 жылғы тамыз-қараша

аралығы

-

Аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

2.2 «Әлеуметтік бастамалар картасы»

23

«Туған жерге тағзым»акциясы

Жыл сайын


Аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер

24

5 желтоқсан - Халықаралық еріктілер күніне арналған мерекелік шара. Шара аясында ең үздік, ең белсенді ерікті жастарды марапаттау

2017 жылғы желтоқсан

Қаржылай шығындарды қажет етпейді

Аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

25

Қайырымдылық жасаушылар» форумы

2017 жылғы қыркүйек

Қаржылай шығындарды қажет етпейді

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

26

«Алтын дән - 2017»салтанатты шарасы

2017 жылғы

29 қазан

Аудандық бюджет

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

III. «РУХАНИ ҚАЗЫНА»

3.1. «Өнегелік құндылықтар»

27

«Тарих толқынында» атты облыстық тарихи-өлкетану музейіне, өңіріміздегі тарихи мәдени орындар мен ескерткіштерге танымдық экскурсиялар ұйымдастыру

2017 жылғы қыркүйек-қазан айлары аралығы


Аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,аудандық білім бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

28

Отбасы күніне арналған шара

2017 жылғы

12 қыркүйек

Аудандық бюджет

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

кент және ауылдық округтер әкімдері

3.2 «Туған өлке мәдениеті»

29

«EXPO-2017» Халықаралық көрмесіне саяхат ұйымдастыру

2017 жылғы шілде-қыркүйек айлары

Аудандық бюджет

Аудандық ішкі саясат бөлімі

IV. «АҚПАРАТ ТОЛҚЫНЫ»

4.1 «Республикалық және өңірлік телерадиоканалдар»

4.2 «Баспа БАҚ»

30

Табиғатқа және тарихи-мәдени нысандарға деген құрметті арттыру, табиғатты аялап, табиғи ресурстарды үнемдеуді насихаттау мақсатында ақпараттық материалдар әзірлеу

Жыл көлемінде

Мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінетін қаражат есебінен

Аудандық ішкі саясат бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

31

«Пошта жәшігі: туған жерден хат» айдары аясында туған жер, туған өлке ұғымын жеке адамдардың сұхбаты, естеліктері арқылы (фото-бейнематериалдармен сүйемелдей отырып) насихаттау

Жыл көлемінде

Мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінетін қаражат есебінен

Аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық білім бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

32

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында интернет-портал құру, оны ілгерілету және әлеуметтік желілерде насихаттау

Жыл көлемінде

Қаржылай шығындарды қажет етпейді

Аудандық ішкі саясат бөлімі,

аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, кент және ауылдық округтер әкімдері

33

Есет батыр Көкіұлының 350 жылдығына арналған шаралар

Қазан

Бюджеттен тыс қаржы көздері

Аламесек ауылдық округі әкімі

34

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Сүйеніш Есіркепұлы Қомшабайдың 80 жылдығына арналған еске алу шарасы

Қараша

Бюджеттен тыс қаржы көздері

Мақпалкөл ауылдық округі әкімі

35

Аудан жастарының дәстүрлі форумы

Қараша

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында

Аудандық ішкі саясат бөлімі

36

«Әйел-қоғамның тірегі, тұрақтылықтың тұғыры» атты аудандық дәстүрлі ІІ әйелдер форумы

Желтоқсан

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында

Аудандық ішкі саясат бөлімі


Кіру