Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Жастар саясаты

Қаржыландыру көлемі


2016 жылдың 18 маусымында Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық округінде облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен өткен Жастар саясаты жөніндегі облыстық көшпелі кеңес отырысында Қызылорда қаласында және барлық аудандарда жастар ресурстық орталықтарын құру туралы тапсырма берілген болатын. Осыған орай аудандық бюджеттен 11 млн 518 мың теңге қаржы қаралып, аудандық ішкі саясат бөлімі жанынан 7 штаттық бірліктен тұратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған жастар ресурстық орталығына қажетті құрал-жабдықтар алынып, «Мәдениет және өнерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратына орналасты.

2017 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 1 әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады. Осы мақсатқа аудандық бюджеттен 2 млн 290 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсы қорытындысымен Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі күні келісім-шарт жасалынып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша


Орталық жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар «Дипломмен - ауылға», «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резерві», «Жас құрылысшылар» жасағына жастардың белсене қатысуын ұйымдастырумен қатар, «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы», «Қолжетімді баспана - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Серпін - 2050» және тағы да басқа бағдарламалар мен жобаларды ауылдық округтерде, орталық базарларда тұрғындарға кеңес беру жұмыстары арқылы насихаттап келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында Жалағаш кенті және ауылдық округтерде кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізді.

 

2017 жылдың І тоқсанында өткізілген іс-шаралар, жастардың жұмыспен қамтылуы


Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың І тоқсанында 3 – мерекелік шара, 2 - акция, 19 – әртүрлі бағыттағы шара, 2 - кеңес беру жұмыстары, 1 рет жастар санағы жүргізілді. Сонымен қатар, 142 жасқа түрлі мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес берілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарына 55 адам орналастырылса, оның 20-сы жастар. Қоғамдық жұмыстарға 189 адам жіберілсе, оның 46-сы жастар. Жастар тәжірибесіне 40 жас орналастырылған. Тұрақты жұмыстарға 168 адам орналасса, оның 75-і жастар.

Жастар ресурстық орталығы арқылы Жалағаш ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағына 2016 жылы 138 жас маусымдық жұмыспен қамтылса, 2017 жылы 200-ден астам жасты жұмыспен қамту көзделуде.

 

Жастар арасындағы құқықбұзушылық туралы


2017 жылдың 3 айында Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті нығайтуда, қылмысқа қарсы күресте, азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғауда біршама профилактикалық жұмыстары жүзеге асырылды.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторлары басқа сала қызметкерлерімен бірлесіп жастардың арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуда ескерту сақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізіп келеді.

 

Мемлекеттік жастар саясатының ақпараттандырылуы, әлеуметтік желілердегі жұмыстар


«Жастар ресурстық орталығы» әлеуметтік желілер және интернет желілері, блог-платформалардағы жастардың пікірлері бойынша сараптамалық жұмыстарын жүргізу мақсатында vk.com, facebook.com, instagram.com арнайы аккаунттар ашып, жастардың әлеуметтік желілердегі ахуалы мен көңіл-күйін сараптау, қоғамдық қабылдау жүргізу, өткізілген шараларды ақпараттандыру және сауалнама жүргізу арқылы да байланыс орнатылды. Қазіргі таңда "facebook" (5000), "Вконтакте" (2773), instagram (1656) парақшасына жазылушылар ақпараттандырылуда. Мекеме ішінен аудан жастармен тығыз байланыс орнату мақсатында тегін компьютерлік қызметті пайдалану, көшірме жасау, қағаз басып шығару т.б секілді қызмет түрлері көрсетілуде.

 

Кіру