Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

ҮЕҰ

Жалағаш ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдар туралы

Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 23 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 11-іқоғамдық қор болса, қалған 12-уі қоғамдық бірлестіктер. Оның ішінде 2-уі жастар ұйымдары.

10 қоғамдық бірлестік және 1 қоғамдық қор ҮЕҰ Дерекқорлар базасына енгізілді. 10 қоғамдық қор жұмыс жасамайды.  2 қоғамдық бірлестік Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалдары облыстан енгізілген.

2017 жылы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 7 500,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 6 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылуда.

         Мемлекеттік жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру шараларына 2 290,0 мың теңгеге қаржы қаралып Жалағаш ауданы жастарының "Темірқазық" қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалынып жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру бағытында шаралар атқарылуда.




Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы қысқаша ақпарат


«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін Қазақстанда ҮЕҰ Дерекқоры құрылды (түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы ҚР Заңымен енгізілді).

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

ҮЕҰ өзінің қызметі туралы мәліметтерді беру тәртібі «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен реттеледі.

Үкіметтік емес ұйымдар өзінің қызметі туралы мәліметтерді Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (ДІАҚМ) Қағидаларға қосымша берілген нысанға сәйкес (МСМ-нің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін:

2017 жылғы 1 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталында порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады.

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналады.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған(489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).

ДІАҚМ-нің ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты бөлімшесі: ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47 «жедел желі» телефондарына хабарласу қажет.

Сондай-ақ ҮЕҰ өз сұрақтарын Азаматтық қоғам істері комитетінің 74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді беру жөніндегі Нысан, Жадынама, Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ДІАҚМ сайтында (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Қазақстанның Азаматтық Альянсы сайттарында орналастырылған.

ДІАҚМ мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.




Жалағаш ауданы бойынша әділет басқармасында

тіркелген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәлімет


Р/с

Атауы

Тіркелген уақыты

Басшысы

Тіркелген орган

1

«Нұр-57» қоғамдық қоры

27.05.2009

БСН 060140015349

Алиев Садық

Жалағаш аудандық Әділет басқармасы

2

«Ардагер -2008»қоғамдық қоры

12.03.2008

БСН

080340007646

Куштаев Биржан Куштаевич

Жалағаш аудандық Әділет басқармасы

3

“Жалағаш Даму’қоғамдық қоры

03.06.2004

БСН

040640010095

Байкемелова Оразкуль

Қызылорда облыстық

Әділет департаменті

4

Жалағаш ауданы жастарының“Темірқазық” қоғамдық бірлестігі

07.05.2009

БСН 051140007100

Пірназаров Нұржұман

Қызылорда облыстық

Әділет департаменті

5

Жалағаш ауданы“Айбын KZ” жастар қоғамдық бірлестігі

28.05.2007

Қарақұлов Жандос Мақсұтұлы

Қызылорда облыстық

Әділет департаменті

6

“Жалағаш ауданы ардагерлер ұйымы” қоғамдық бірлестігі

26.03.2012

БСН

120340018166

Алиев Садық

Қызылорда облыстық

Әділет департаменті

7

“Сыр кәсібі” Жалағаш аудандық кәсіпкерлер ассоциациясы қоғамдық бірлестігі

26.01.2013

Тауыпбаев Асылбек Танырбаевич

Қызылорда облыстық

Әділет департаменті

8

Қызылорда облысы “Жалағаш аудандық мүгедектер қоғамы” қоғамдық бірлестігі

17.04.2014

БСН 140440021064

Абдраманов Асылхан Шайзадаевич

Қызылорда облыстық

Әділет департаменті

9

Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жалағаш аудандық филиалы

10.10.2012

БСН 940141001686

Мейірман Дина Нұржанқызы

Қызылорда облыстық Әділет департаменті

10

«Жалағаш аудандық Ауғанстан және Чернобыль апатына қатысушылар аймақтық соғыс ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі

25.08.2014

БСН 060140013868

Алдамбергенов Муратбек Туремуратович

Қызылорда облыстық Әділет департаменті

11

«Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігі

15.04.2016

БСН 160440018167

Мейірман Дина Нұржанқызы

Қызылорда облыстық Әділет департаменті

12

«Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігі»

19.04.2016

БСН 160440020842

Мәдиева Асия

Сауранбаевна

Қызылорда облыстық Әділет департаменті

13

«Сыр-Шапағаты» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің

23.12.2015

БСН 160140000639

Тоқмырзаева Орынтай Абдибековна

Қызылорда облыстық Әділет департаменті

14

«Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің

04.06.2012

БСН 140541014040

Биманова Мирамкүл Тоқсанбайқызы

Қызылорда облыстық Әділет департаменті



Кіру