Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Мәдениет

Мәдениет саласы бойынша 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы

 

Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі күні мәдениет саласын 4 аудандық, 33 ауылдық мәдени ұйымдар құрап отыр. Оның ішінде 18 кітапхана, 2 музей, 7 мәдениет Үйі, 9 клуб, 1 өнер орталығы халыққа қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар «Алтын- арай», «Қызғалдақтар» халық ән-би ансамбльдері, халық театры және «Үміт» мәдени үгіт тобы халықтық ұжымдар жұмыс жасап келеді.

         

Кітапхана ісі

            Қазіргі заманғы кітапхананың негізгі міндеті қоғамның ақпараттық мәдениетін, кітап оқуға, тілдерге, отандық тарих пен мәдениетке тұрақты қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта «модельді кітапхана», «мобильді кітапхана» жобалары іске асырылды.

1980 жылы салынған аудандық кітапхана ғимаратына  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 2700,0 мың теңге қаржы бөлініп, жоба сметалық құжаттары әзірленді. 2018 жылға қаржыландыруға ұсынылды.    

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі «Цифрлы Қазақстан» жобасы. Бұл жобаға сәйкес ақпараттық жүйелерді қалыптастыру, жетілдіру, азаматтардың тиісті ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1400,0 мың теңге қаржы бөлініп,  ауылдық кітапханалар толығымен компьютермен жабдықталды.

            Сонымен қатар оқырмандарға жергілікті баспадан шығатын басылымды сандық форматқа көшіру, виртуалды  анықтама, веб-сайт арқылы кітапхана сайтына кіріп қордағы әдебиеттер мен іс- шараларды қашықтықтан оқып отыруға мүмкіндік жасалған.

Өлке тарихы бойынша қорларды сақтау және пайдаланушыларды кітапхананың құнды өлкетану басылымдарымен қамтамасыз ету мақсатында «Туған өлке тарихы» тақырыбында цифрлық құжаттар көрмесі өткізілді.

     Мәдениет ауылдық кітапханасы онлайн орталағы Қызылорда облыстық тарихи өлкетану мұражайымен Skype желісінде байланысу арқылы  оқырмандарға мұражайдағы Алаш көсемдерінің мұралары таныстырылды.

Қазіргі заманғы кітапхананың негізгі міндеті қоғамның ақпараттық мәдениетін, кітап оқуға, тілдерге, отандық тарих пен мәдениетке тұрақты қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта «Оқитын өлке» жобасы іске асырылуда.

 

Музей ісі

Музей жұмысын экспонаттар қоймасы ретіндегі түсініктен арылтып, мәдениет пен ағарту орталығына айналдыру мақсатында «Жас шебер», «Мирас» жобалары құрылып, қазіргі таңда облыс көлемінде насихатталып келеді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында тұрғындардың туған өлке тарихы мен салт-дәстүріне, мәдениеті мен өнеріне құрмет көрсету және қызығушылығын арттыру мақсатында «Туған жерге саяхат» музейлік туризм жобасы іске асырылуда.  Бұл бағытта аудан көлемінде орналасқан тарихи – мәдени орындардың экскурсиялық жол картасы әзірленіп, жастарды туған өлкеміздің көрікті жерлері мен бірқатар тарих және мәдениет ескерткіштерімен таныстыру, әр ғасырларда аудан өңірінде өмір сүрген тарихи тұлғалардың өмірі мен ерлік жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге,  рухтарына тағзым ету мақсатында  экскурсиялар ұйымдастырылуда.

            Өлкетану бағытындағы бұл жұмыстарға мектеп оқушылары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері тартылуда.

            Сонымен қатар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «виртуалды тур» бағдарламасын орнату үшін 1 млн 335 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

 

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі мен мәдениет және өнерді дамыту орталығы

 

Мәдени –демалыс ұйымдарының негізгі міндеті халыққа сапалы және қол жетімді қызметтер көрсетуге, ел бірлігінің нығаюына бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Осы бағытта ауданда өткізілген ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелер ұйымдастырылып, еліміздегі жетістіктер мен адамгершілік құндылықтары насихатталды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жаңа әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастыру, ұлттық өнерді дамыту, патриоттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Далдабай ауылдық клубы жанынан «Қобыз» үйірмесі, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанынан «Мұрагер» фольклорлық этно тобы құрылса, Т.Жүргенов ауылдық мәдениет үйі жанынан  бұрынғы «Шұғыла» фольклорлық ансамблі қайта жаңғыртылды.

            «Текті сөздің төресі - терме», «Өнерлі өңір – аймақтар аламаны» жобалары іске асырылуда. Бұл бағытта ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр-терме жанрын дамыту, жаңа таланттарды насихаттау, мекемелер жанынан құрылған көркемөнерпаздар ұжымдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

            Сонымен бірге аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанынан «Ақын-жырау» класын ашу жоспарлануда.  

Биылғы жылы Есет батырдың 350 жылдық мерейтойын атап өту облыс әкімдігінің іс-шаралар жоспарына енгізіліп, қазіргі таңда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылы аудандық мәдениет Үйі ғимаратының төбе шатырын  күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 18 710,0 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен аудан тұрғындарына мәдени қызмет қызмет сапасын көтеру мақсатында жергілікті бюджеттен 24 201,6 мың теңге қаржы бөлініп, 9 100,0 мың теңгеге ЛЭД экран, 15101,6 мың теңге музыкалық аппаратура, 2115,6 мың теңгеге электр қуатын беретін генератор, 744,0 мың теңгеге концерттік костюмдер алынды. 

Осал объектілер қатарына жататын аудандық мәдениет үйі ғимаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 бейнебақылау камералары орнатылды.

Мәдениет елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құылысы жүргізілуде.  Жоба құны  160 451 203 теңге. Жеңімпаз мердігер  «СК и Монтаж-Строй» ЖШС. 

Кіру