Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Спорт

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылғы І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі облыстық спорт басқармасының күнтізбелік жоспарын негізге ала отырып, аудандық спорттық іс-шаралар жоспары жасалынып, аудан әкімінің орынбасарының қолымен бекітілді. Жоспарда облыстық спорт басқармасының ұсынған рейтингілік жарыстарына сәйкес аудандық жарыстар және мемлекеттік тапсырмаларға байланысты (Елбасының тестілері, бұқаралық спортты көтеру, ұлттық спорттық ойындарын, мүгедектер спортын дамыту) өткізілетін спорттық іс-шаралар көрсетілді. Сонымен қатар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жоспарында аудандық Егде жастағы тұрғындар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ішкі істер есебінде тұратын кәмелетке толмаған жасөспірімдер, аудандық ішкі істер  бөлімі мен ҚАЙ мекемесі, үкіметтік емес ұйымдар:  аудан ардагерлері кеңесі, «Нұр Отан», «Отан» ҚБ, әріптес ұйымдар-Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Жалағаш ауданындағы бөлімшесімен  аудандық комиссариат мекемелері мүддесіне сай спорттық іс-шаралар өткізу қамтылған.

2017 жылдың 6 сәуір күні Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқына арналған дәстүрлі Жолдауы аясында «Еңбек және тыл» аудан ардагерлері арасында тоғызқұмалақ жарысы, 7 сәуір күні –Дүниежүзілік денсаулық күніне орай аудандық Қаракеткен-Шәменов жүгіру акциясы, 13-14 сәуір күні «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай қазақ күресінен «Алтын белбеу» жарысы, 26 сәуір күні «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай аудандық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында найза лақтыру және ядро итеру жарысы, 27 сәуір күні «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай аудандық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында стол теннисінен жырыс, 28 сәуір күні 7 сәуір Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсымыз ұранымен «Көктем-2017» әскериленген дала жарысы, 7 мамыр –ҚР-ның Қарулы Күштері күні және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен футбол жарысы, 18 мамыр күні 7 мамыр –ҚР-ның Қарулы Күштері күні және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен ұлттық спорт түрі көкпар ойыны, Мүмкіндігі шектеулілер арасында аудандық спартакиада, «1 маусым Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған үстел теннисінен мектеп оқушылары арасында біріншілік, «1 маусым Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған мүмкіндігі шектеулі балалар арасында аудандық спартакиада, Ұлттық спорт түрін дамыту мақсатында Асық ату, Бес асық, Жіми, Ләңгі ойындары, удан ардагерлерінің шахмат біріншілігі, Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ «Біз нашақорлыққа қарсымыз! » ұранымен  маргинал жастар спартакиадасы, 26 маусым –Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күніне орай «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен Шәменов ауылы- Жалағаш кенті насихат жүгіру жарысы және т.б спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізілді. 

2017 жылы ХХХІ –ші облыстық ауыл спортшыларының «Алтын күз-2017» спартакиадасы ауданымызда өтеді. Қазіргі таңда спорт түрлері бойынша өтетін жарыстардың орындары белгіленіп, спартакиаданың іс-шара жоспары дайындалып, жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан құрама командасы дайындық үстінде. Аудан құрама командасын шыңдау мақсатында  командаларды оқу-жаттығу жиынындарына жіберілуде. «Алтын күз-2017» ауыл спортшыларының спартакиадасы ауданымызда өтуіне байланысты 2017 жылғы арналған аудан бюджетінде спорт саласының базалық қаржысына қосымша қаржылар бөлінді. Спорттық жарыстарды құрал-жабдықтармен, киіммен қамтамасыз етуге аудан бюджетінен 12 млн. теңге, облыстық спорттық жарыстарға 5,445 мың теңге  қаржы аудан бюджетінен бөлінді.

«Наркескен» спорт клубына ұлттық және бұқаралық спортты дамытуға тұрақты түрде 18 штат бірлікпен жұмыс жасауға спорт нұсқаушыларға аудан бюджетінен 23,2 млн. теңге қаржы бөлінді.


Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылғы І тоқсанда атқарған жұмыстары туралы анықтама

  Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі облыстық спорт басқармасының күнтізбелік жоспарын негізге ала отырып, аудандық спорттық іс-шаралар жоспары жасалынып, аудан әкімінің орынбасарының қолымен бекітілді. Жоспарда облыстық спорт басқармасының ұсынған рейтингілік жарыстарына сәйкес аудандық жарыстар және мемлекеттік тапсырмаларға байланысты (Президенттік тестілер, бұқаралық спортты дамыту, ұлттық спорттық ойындарын, мүгедектер спортын дамыту) өткізілетін спорттық іс-шаралар көрсетілді.

Сонымен қатар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жоспарында аудандық Егде жастағы тұрғындар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ішкі істер есебінде тұратын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында спорттық іс-шаралар өткізу қамтылған. Ол шаралар аудандық ішкі істер бөлімі мен қылмыстық атқару инспекциясы мекемесі, үкіметтік емес ұйымдар, аудан ардагерлері кеңесі, «Нұр Отан», «Отан» ҚБ, әріптес ұйымдар-Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Жалағаш ауданындағы бөлімшесі, аудандық әскери комиссариат мекемелерімен бірлесіп өткізіледі.

Күнтізбелік жоспарда 1 республикалық, 8 облыстық, 62 аудандық жарыс өткізілу жоспарланған. Қазіргі таңда 2 облыстық 22 аудандық жарыс ұйымдастырылып өткізілді.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің салалық инфраструктурасына бөлімнің тікелей бағынысындағы «Наркескен» спорт клубы, №14 Мәдениет ауылының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі.

Аудан бойынша қысқы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілері өткізіліп оған-10426 адам қамтылды.

Аудан бойынша 2016-2017 жылы спортпен тұрақты айналысатын тұрғындар саны 9606-26,1%

2017 жылдың ақпан айында облыстық спорт басқармасының тапсырмасына сәйкес аудандық мектепаралық «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты көңілді ойындар сайысы өткізілді. Жеңімпаз № 34 орта мектеп командасы облыстық жарысқа жолдама алды. 2017 жылдың 15 наурыз күні Қызылорда қаласында өткен облыстық «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты көңілді ойындар сайысында аудан командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.

2017 жылдың 17 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні -22 наурыз мерекесіне орай, аудан әкімдігі және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Наурыз-думан» атты айтулы шара өтті.

2017 жылы ХХХІ –ші облыстық ауыл спортшыларының «Алтын күз-2017» спартакиадасы ауданымызда өтеді. Қазіргі таңда спорт түрлері бойынша өтетін жарыстардың орындары белгіленіп, спартакиаданың іс-шара жоспарының жобасы дайындалып, жұмыстар жүргізілуде.


Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі облыстық спорт басқармасының күнтізбелік жоспарын негізге ала отырып, аудандық спорттық іс-шаралар жоспарын жасап, аудан әкімінің орынбасарының қолымен бекітілді. Жоспарда облыстық спорт басқармасының ұсынған рейтингілік жарыстарына сәйкес аудандық жарыстар және мемлекеттік тапсырмаларға байланысты (президенттік сынама, бұқаралық спортты көтеру, ұлттық спорттық ойындарын, мүгедектер спортын дамыту) өткізілетін спорттық іс-шаралар көрсетілді. Сонымен қатар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жоспарында аудандық Егде жастағы тұрғындар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ішкі істер есебінде тұратын кәмелетке толмаған жасөспірімдер, аудандық ішкі істер бөлімі мен ҚАЙ мекемесі, үкіметтік емес ұйымдар: аудан ардагерлері кеңесі, «Нұр Отан», «Отан» ҚБ, әріптес ұйымдар-Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Жалағаш ауданындағы бөлімшесімен аудандық комиссариат мекемелері мүддесіне сай спорттық іс-шаралар өткізу қамтылған.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің салалық инфраструктурасына бөлімнің тікелей бағынысындағы «Наркескен» спорт клубы, №14 Мәдениет ауылының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі және облыстық бағыныстағы №13 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі.

Аудандық «Наркескен» спорт клубында 8 үйірме, стол теннисі т.б 24 топ, оған 444 тәрбиеленушілер бар ,оған қосымша ыңғайластырылған фитнес зал бар. «Наркескен»спорт клубында 8 жаттықтырушы, 1 директор, 1 әдіскер, 1 медбике, 10 тез қызметкер жұмыс жасайды. Сонымен қатар кент орталығы және Дәуімбай елді мекенінің жастары мен ересектері құралған «спорттық-сауықтыру» топтарына 131 әуесқой спортшылар қамтылған;

2009 жылдан бастап ауылдық жерлерде облыстық «Қайнар» спорт клубының есебіндегі нұсқаушылар болып келіп, 2015 жылдан аудандық «Наркескен» спорт клубының есебіне енді. Қазіргі таңда 25 нұсқаушы ауыл округтері мен кент мекемелерінде өз жұмыстарын жүргізуде.

2017 жылдың қаңтарынан бастап спорт нұсқаушылардың айлық табыстары аудан әкімдігінің шешімімен аудандық бюджеттен қаржыланатын болып отыр. Барлығы 18 штат бірлігі бекітіліп, оның 3(үшеуі) кент орталығына, 13- і - 13 ауыл округітеріне , оның ішінде 2(екеуі) – Аққұм ауылы округіне бекітілді. (оның біреуі «көкпар» ат спорты спорт нұсқаушылығына).

Мәдениет ауылындағы №14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2009 жылы құрылып ашылды. №14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2009-2014 жылдар аралығында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бағынысында болып, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бағынысына берілді. Мектепте спорттың 8 түрінен (волейбол, таеквандо, самбо, бокс, дзюдо, қазақ күрес, еркін күрес, гандбол) 490 тәрбиеленуші бар олармен 13 спорт маманы және 11 техникалық қызметкер жұмыс істейді.

Облыстық спорт басқармасына бағынысты №13 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 7 секцияда 754 бала спортпен айналысады, жаттықтырушылар саны 23.

Аудандық спорт бөлімінде 82 мекеменің спорттық бастауыш ұйымы тіркелген. (мектептер 20, ауыл округі 14, бөлімдер 14, балабақша 12, мекемелер 22).

Ауданда спорттық материалдық техникалық база 1 стадион (1500 орындық) 27 спорт зал, 93 жазық алаң нақтылағанда: 1 спорттық ядро 62 қарапайым жазық алаң 25 жасанды төсенішті алаң, 6 футбол алаңы, 11 ыңғайластырылған ату тирі, 9 ыңғайластырылған спорт бөлмесі барлығы 142 ғимарат тіркелген.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі 2016 жылы дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған іс- шара жоспарына сәйкес ауданда 1 республикалық, 7 облыстық, 53 аудандық және 144-тай ауыл аймақтық жарыстар өткізу белгіленген. Жыл қорытындысында 1 республикалық, 8-облыстық, 83 аудандық, 170-тей ауыл округтерде жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Өткізілген спорттық іс-шараларға барлығы 14350 спортшы қамтылды.

Аудан бойынша қысқы президенттік сынама өткізіліп оған-10261 адам қамтылса, ЖИАК колледжі студенттері 115 (36,5%), мекемелермен ауыл округтарындағы спортпен айналысушылар саны 5210, спорт клубтармен қызығушылықтар клубтарында спортпен айналысушылар саны 571 (Наркескен спорт клубы- 444 адам, мүгедектер қоғамы - 37 адам) спорт мектептерінде айналысушылар саны - 1244.

Жаздық президенттік сынамаға 10267 адам қатыстырылды.

Аудан бойынша 2015-2016 жылы спортпен тұрақты айналысатын тұрғындар саны 9606-26,1% оның ішінде 2162 оқушы (барлық оқушы санының 34 %) индустриалдық – аграрлық колледжінің спортпен айналысушылар саны жалпы аудан тұрғындарының 24,9 % пайызын құрайды.

2016 жылы ауданда бұқаралық спорт дамыту мақсатында аудан әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес аудандық спартакиада өткізілді. Ауданымызда бұқаралық спорттың дамуына жаңа сипат беру мақсатында Спартакиада 2 сатылы түрде өткізілді.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі оқушыларды салауатты өмір салтына тарту мақсатында аудандық білім бөлімімен бірлесіп біршама жұмыстар атқарды. Республикалық «Кока - кола -Былғары доп» кешенді футбол додасының аудандық сатысын, республикалық Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен «Бәріңде стартқа!» көңілді ойындардың аудандық сатысын және оқушылар арасында спартакиада-дойбы, шахмат, футбол, қол добы, стол теннисі, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол спорт түрлерінен бірлесіп өткізді.

Республикалық «Кока-кола-Былғары доп» кешенді футбол додасының аудандық сатысынан №123 мектеп –лицей оқушылары командасы І орын алып, облыстық «Кока - кола -Былғары доп» додасына жолдама алды және облыстық жарыстан да І-орын алып республикаға жолдама алып, Шымкент қаласында өткен республикалық «Coca-Cola-Былғары-доп-2016» жүлдесінде ауданымыздың №123 мектеп –лицей оқушылары командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бапкері Қаниев Жанқожа.

Облыстық спорт басқармасының бекіткен «Әкем, анам және мен-спорт сүйер отбасымыз» облыстық жанұялық ережесіне сәйкес 2016 жылдың І тоқсанында аудандық сайыс өткізіліп, Аққұм ауылының тұрғыны Азмахановтар отбасы І-орын алып, облыстық сайысқа жолдама алды. Облыстық сайыста жүлделі ІІІ-орынды иеленді.

2016 жылдың 12 сәуір халықаралық «Ғарышкерлер күні» мерекесі қарсаңында Байқоңыр қаласында өткен облыстық ашық марафонда аудан құрама командасының мүшесі Бітегенов Азамат ІІ- орын алды. (Бапкері М.Қарақұлов)

2016 жылдың маусым айында өткен облыстық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен облыстық спартакиадада аудан командасы жеңіл атлетикалық эстафетада командалық есепте 2 орын алды. Команда құрамында Қанатшаев Аққырбек, Ұзақбаев Нұрлан, Бисалиева Гүлзия, Тынысова Нұрсұлу. Пневматикалық мылтық атудан командалық есепте 1 орыналды. Команда құрамында Ильясов Жомарт, Абенова Индира, Ахедов Ербол. (Бапкері Ж.Қарақұлов)

5-9 қазан аралығында Қазалы ауданында облыстық ХХХ-шы ауылспортшыларының спартакиадасы өтіп, ауданымыздың футбол, тоғызқұмалақ, қазақ күресі командалары жүлделі үшінші орынды иеленді.

Қарашаның 26-28 күндері Ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы М.Шаменовтың 100 жылдығына орай «Ұлы Дала Елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбында іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес ерлер арасында волейболдан турнир, «Отбас –бақыт мекені» отбасы сайысы, қыздар арасында қол добы біріншілігі ұйымдастырылып өткізілді және 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай оқушылар арасында кіші футбол біріншілігі өтті. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында Мылтық ату жарысы ұйымдастырылып өткізілді.


Кіру