Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес

Туризм

Туризм саласы бойынша 2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар


Туризм – жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты.

Туризмның  келесі түрлеріне бөлінеді:

Ø  келу туризмі – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхаты;

Ø  шығу туризмі – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаты;

Ø  ішкі туризм – Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты.

Туризммен айналысатын саяхатшылардың барлық түрлері  келушілер ретінде анықталады. Осыған байланысты «келуші» термині туризм статистикасының барлық жүйесінің негізгі тұжырымдамасын білдіреді.

Келуші – өзінің әдетте тұратын жерінің шегінен тыс орналасқан қандай-да бір негізгі орынға бір жылдан аз мерзімге кез-келген мақсатта (іскерлік сапар, демалыс немесе өзге де жеке мақсат) сапар жасайтын саяхатшы.

Өз кезегінде «келуші» термині екі санатқа бөлінеді:

турист (түнейтін келуші) – болу орнында немесе еліндегі орналастыру орнында кем дегенде бір түнеуден артық түнеген келуші;

бір күндік келуші (экскурсант) – болу орында немесе еліндегі орналастыру орнында 3 сағаттан артық болған және түнемеген келуші.

Орналастыру орындары – қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және келушілердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар.



Туризм саласы бойынша 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар


 

Наурыз айының 1 күні Юнесконың Ұлттық комиссиясының жетекшісі, Хажы Байрам Вели университетінің профессоры Огуз Ожал, ф.ғ.д. Касапоглу Хулия (Түркия Республикасы), Тюбинген университетінің профессоры т.ғ.д. Генрих Харке (Германия), Ресей Ғылым Академиясы Н.Н.Михлуко – Маклай атындағы Этнология және антропология институтының жетекші маманы Ирина Аржанцева, Түрік академиясының аға эксперті Базылхан Нәпіл, Л.Н.Гумулев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры ф.ғ.д. Шәріп Амантай Жарылқасынұлы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған «Сыр өңірінің  Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі алар орны» халықаралық ғылыми – танымдық конференциясына қатысып, Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалдық ескерткіш кешеніне барар жолда Жалағаш ауданындағы Қаңлы – оғыз тайпаларының мұрасы Жетіасар мәдениетінің Шығас асарлар тобына жататын Таң ауылы территориясындағы Домалақ, Үңгірлі, Қос обалы асарлармен танысты.

Наурыз айының 26 күні Жалағаш ауданындағы тарихи ескерткіштердің жай күйі туралы Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, Байқадамов Наурызбай Сейтжаппарұлы және Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Мира Рақымжанқызы Абуова, Қызылорда облыстық ескерткіштерді қорғау мекемесінің директоры Сапар Алиасқарұлы Көзейбайевтар ауданымызда болып Мырзабай ахун мешіт медресесі, Жетіасар мәдениетінің Шығыс асарлар топтамасындағы Ұара асардың жай күйімен танысты. Осыдан соң аудандық әкімшілікте Ауданда тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы ауыл әкімдерімен бірлескен жиынға ұласты. Нәтижиесінде Жалағаш ауданының тарихи туризімі сөз етіліп алдағы уақытта ескерткіштерімізге рестоврациялау, туристік әлеуетін арттыру мәселесі де сөз болды.

 



Туризм саласы


 

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.

Ауданға туристік және іссапармен келушілерге қызмет көрсететін 2 қонақ үй кешені жұмыс жасайды. Оның біреуі Жалағаш кентінде орналасқан жеке кәсіпкер Ж.Қазыбайұлының «Jibek» қонақ үйі. Қонақ үй бір мезгілде 25 адамды қабылдайды.  Екіншісі   «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің 1715-ші шақырымында орналасқан «С» санатты жол бойы кешені. Кешенде - 25 орындық жатын бөлмесі, 25 орындық VIP залы, 65 орындық асханасы және дүкен жұмыс жасайды.

2018 жылдың қорытындысымен Жалағаш ауданына  келген туристер саны 315 резидент. Есепті кезеңде  атқарылған жұмыс және көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 1 572,0 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда келушілердің саны 129 адамға және көрсетілген қызмет көлемі 642,0 мың теңгеге өсіп отыр. Яғни, 2017 жылдың 12 айында қызмет көрсетілген келушілердің саны 186 адамды құрап, 930.0 мың теңгенің қызметі көрсетілген.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ауданымызда 80 төсек – орны бар «Ақтерек»  сауықтыру лагері жұмыс жасауда. Лагерде 2017 жылы 402 бала тынықса, 2018 жылы 452 бала демалған.

Қазіргі таңда кентте бәсекеге қабілетті  8 мейрамхана жұмыс жасайды. 




15.08.2018  ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫ- АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨКШЕТАУ


                    ҚАЛАСЫНЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІН ТАМАШАЛАДЫ

 

21.12.2017  ОБЛЫС ӘКІМІ «БАТЫС ЕУРОПА-БАТЫС ҚЫТАЙ» АВТОДӘЛІЗІ БОЙЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ҰЗАҚОВ

                    БОЛАТТЫҢ «С» САНАТЫ ЖОЛ БОЙЫ КЕШЕНІМЕН ТАНЫСТЫ 

 

23.10.2017  «АГРО ХОЛДИНГ БАЙҚОҢЫР» ЖШС ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ БОЛЫП ӨТТІ


Кіру