Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Қоғам Туризм Қызылорда облысындағы тарихи-танымдық туризмнің даму мүмкіншіліктері

Қызылорда облысындағы тарихи-танымдық туризмнің даму мүмкіншіліктері

Қызылорда облысындағы тарихи-танымдық туризмнің даму мүмкіншіліктері  

Қызылорда облысында туризм индустриясын дамытуға арнайы бірнеше бағдарламалар қабылданған. Облыс аумағында табиғи рекреациялық және танымдық бірнеше туристік нысандар (Қамыстыбас, Байқоңыр т.б.) орналасқан. Ресми ақпараттар бойынша облыс аумағында әртүрлі тарихи кезеңдермен, дәуірлермен (неолит дәуірі,б.з.д. ІҮ-ІІІ мыңжылдық, кейінгі қола дәуірі б.з.д. ІХ-ҮІІІ ғғ. ерте темір дәуірі б.з.д. І мыңжылдықтың ортасы - б.з. І мыңжылдығы, ортағасырлар Ү-ХІХ ғғ.) мерзімделетін 500-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіштер мемлекет тарапынан қорғау тізіміне енгізілген.




Қызылорда облысының туристік маршруты  

«Қорқыт ата» әуежайы Қызылорда қаласынан 30 км. қашықтықта орналасқан. «Қорқыт Ата» әуежайы қайта жарақтандырудан өткізілген соң сағатына 500 жолаушыға дейін қызмет көрсетуге және Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен қалары мен Дубай, Ашғабат, Қытай елдерінің бірқатар қалаларына тікелей рейстер ашылатын болады. Облыс орталығы Қызылорда қаласында шет елдік туристерді қабылдауға үш-бес жұлдызды қонақ үйлермен қамтамасыз етілген. Қызылорда қаласынан «Батыс Европа –Батыс Қытай» автомагистральі арқылы Шымкент және Ақтөбе қалалары арқылы Ресей, Өзбекстан елдері бағытында қалааралық автокөлік байланысы жүргізілген. «Батыс Европа –Батыс Қытай» автомагистральінің 812 шақырымында Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Байқоңыр қаласы, Қазалы, Арал аудандарының аумағынан жүріп өтеді. «Батыс Европа –Батыс Қытай» автомагистральінің бойында орналасқан негізгі тарихи-мәдени кешендердің бірі Қорқыт ата мемориалдық кешені. Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне енгізілген нысандардың бірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы шет елдік туристердің негізгі тамашалайтын нысаны болмақ. Байқоңыр ғарыш айлағында тікелей «Крайний» әуежайы арқылы Москва-Байқоңыр әуе рейсі ұшады. 
Кіру