Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Құқық Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы


Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

 «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту» жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш кентінің батыс бетінен 22 гектар жер телімі белгіленіп, «Серпін» индустриялды аймағы құрылды.

2018 жылғы 12 желтоқсанындағы Жалағаш кенті әкімінің №209 шешімімен «Серпін» индустриялды аймағының атауы «Серпін» аграрлы-индустриялды аймағы болып өзгертілді.

2014 жылы инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін республикалық бюджеттен 271,7 млн теңге және облыстық бюджеттен 30,0 млн теңге қаржы бөлініп, автожол, телефон, ауыз су және электр желілері толық жүргізілді.

Берілген 22 гектар жер телімінің 5 гектар жеріне инженерлік-инфрақұрылым жүйелері жүргізілген, қалған 17 гектар жер телімінің 12,7 гектары кәсіпкерлерге табысталған. Бос тұрған 4,3 га жер учаскесіне құрама жем түйіршіктерін өндіру және темір бұйымдарын өңдеу цехтарын орналастыру үшін жер телімдерін табыстау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Серпін» аграрлы-индустриялды аймағының 3,5 гектар жерінде бүгінгі күнге жалпы құны 297,0 млн теңгені құрайтын 8 өндіріс орындары іске қосылып, 79 адам жұмыспен қамтылған.

«Серпін» аграрлы-индустриялды аймағына жалпы құны 431,0 млн теңгені құрайтын 9 жобаны жүзеге асыру үшін 9,2 гектар жер телімдері табысталды. Аталған жобалар толыққанды пайдалануға берілген уақытта қосымша 70 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Қазіргі таңда бұл жобалардың ішінен құны 136,0 млн теңгені құрайтын 4 жобаның құрылыс жұмыстары басталды. Қалған 5 жобаның құрылысы 2020 жылы басталатын болады.

2013 жылы «Қызыл мия тамырын өңдеу зауыты» Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізіліп, 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

Жоба Қытайлық «Борихунда» компаниясы және «Бис Групп» ЖШС есебінен жүзеге асырылған. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде зауытты орналастыру үшін 8,75 га. жер телімі табысталды.

2017 жылы зауытқа құны 115 мың АҚШ долларын құрайтын қондырғылар орнатылып, сол жылы алғашқы 20 тонна және 2018 жылы 13,6 тонна өнімін (қара ұнтақ глицирризин қышқылы) Қытай мемлекетіне экспорттады.

2018 жылы өндірілетін өнімнің құны әлемдік нарықта төмендеп кетуіне байланысты зауыт басқа өнім (сусындарға, тамақ өнімдеріне қосылатын тәтті ұнтақ) өндіруді қолға алып отыр. 

Осыған орай, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысынан шикізат қорын жинау жұмыстары жүргізілуіне байланысты зауыт жұмысы уақытша тоқтатылып тұр.

Сонымен қатар, өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу үшін жеке кәсіпкер Т.Жұмабекқызының жалпы құны 115,2 млн теңгені құрайтын «Мал бордақылау және ет өңдеу цехының» құжаттары ұсынылды. Қазіргі таңда қажетті құжаттары жинақталып, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына ұсынылды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы.


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 10 жоба 327,4 млн теңгеге қаржыландырылып, пайыздық ставкасы бағдарламаның шартына сәйкес субсидияланды. Оның ішінен 3 жоба 47,9 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді.


Кәсіпорын атауы

Қаржыландыру саласы

Несие сомасы

(млн.теңге)

Кепілдік сомасы

(млн.теңге)

1

ЖК «Айнабаева С.»

Балабақша сатып алу

55,0

2

«Таң ЛТД» ЖШС

Күріш өсіру

60,0

23,7

3

«Таң ЛТД» ЖШС

Күріш өсіру

60,0

23,7

4

ЖК «Жапабаева П.»

Жылжымайтын мүлік сатып алу

30,0

5

ЖК «Д.Дүйсебаева»

Айналым қаражатын толықтыру

20,0

6

ЖК «Ажибеков»

Айналым қаражатын толықтыру

32,0

0,5

7

ЖК «Нұрдәулет»

Айналым қаражатын толықтыру

8,0

8

ЖК «Қазыбайұлы Ж.»

Қонақ үй кешені

6,3

9

«Кумколь-Сервис» ЖШС

Айналым қаражатын толықтыру

46,1

10

ЖК «Мырзагалиев Б»

Айналым қаражатын толықтыру

10,0

Жиыны:

327,4

47,9


Сонымен қатар, аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 7 жоба 2 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болып, жеке кәсіптерін ашты.


Кәсіпорын атауы

Қаржыландыру саласы

Жоба құны

(теңге)

1

ЖК "Нұрдәулет"

Шөп түйіршектерін өндіру цехын

500 000

2

ЖК "Айжан"

Сұлулық салонын ашу

300 000

3

ЖК "Erzhan"

Қоғамдық монша ашу

200 000

4

 ЖК "Узбаева"

Фаст  фуд,гриль дайындау

500 000

5

ЖК «Нұрхан»

Құс асыраумен айналысу

340 000

6

ДК «Бақытбек»

Массаж орталығы

400 000

7

 ЖК "Диас"

 Сүт өнімдерін өндіру

140 000

Жиыны:

2 380 000

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Жалағаш ауданы бойынша 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егiсі барлығы 36 665 гектарға агротехникалық талаптарға сай орналастырылды.

Оның ішінде негізгі дақыл күріш 21800 га, жаздық бидай 306 га, арпа 50 га, мақсары 2200 га, жаңа жоңышқа 3530 га, ескі жоңышқа 6079 га, картоп 500 га, көкөнiс 1000 га, 1 200 гектар бақша дақылдары.

Күріш егісіне қажетті 6562 тонна аммоний сульфаты, 3100 тонна карбамид, 2272 тонна аммофос минералдық тыңайтқыштары алынып, егістікке себілді.

21800 гектар күріштің 19125 гектары арамшөптерге қарсы гербицидтермен, 8550 гектары ауруларға қарсы фунгицидтермен өңделіп, 16000 гектары азот минералдық тыңайтқышымен үстеп қоректендірілді.

Себілген күріш тұқымының көлемі 5500 тонна, оның ішінде Янтарь 627 тонна, Лидер 4789 тонна,  84 тоннасы Фаворит сорттары.

Егін жинау қорытындысы бойынша 1 гектардан: күріштен 65,8ц/га, жаздық бидайдан 11,1 ц/га, арпадан 6,5 ц/га, мақсарыдан 6,7 ц/га, жаңа жоңышқадан 12,0 ц/га, ескі жоңышқадан 50,4 ц/га, картоптан 109,9 ц/га, көкөністен 169,2 ц/га,  бақшадан 212,6 центнерден өнім алынды.

2019 жылы суармалы суды жеткізіп беру қызметтер құнын арзандатуға тек күріш дақылына 160 шаруашылықтарға 78,8 млн теңге, минералдық тыңайтқыштар құнын сусбсидиялауға 150 шаруашылыққа 448,7 млн теңге, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер құнын субсидиялауға 90 шаруашылыққа 135,8 тмлн теңге, басым дақылдарды субсидиялауға 75 шаруашылыққа 291,1 млн теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2 тұқым шаруашылығына (Таң ЛТД ЖШС, Ер-Әлі ШҚ) 26,2 млн теңге субсидия алынды. 2019 жылы егін саласы бойынша 160 шаруашылық әр түрлі субсидияның түрі бойынша барлығы 980,6 млн теңге субсидия алды.

2019 жылы ауданның шаруашылық құрылымдары 49 дана ауыл шаруашылығы техникаларын 1 839,5 млрд теңге қаржыға алды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан алған 30 дана бағасы 1 514,5 мрлд теңге, «ТехноЛизинг» ЖШС-нен лизингке алған ауыл шаруашылығы техникалары 1 дана  бағасы 68,7 млн теңге, өз қаражаты есебінен 18 дана бағасы 256,2 млн теңге. Бүгінгі күнге статистикалық органға тіркелгені 46 техника бағасы 1 792,4 млрд теңге.

Аудан бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына  барлығы  3805,6 тн (тірілей салмақта) ет, 11258,4 тн сүт, 220,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 102,0 пайызға, сүт 100,8 пайызға, жұмыртқа 102,0 пайызға артқан.

Аудан бойынша 2019 жылы агроөнеркәсіп кешені саласында бірнеше инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Аққұм ауылдық округінен «Бақдаулет-57» ШҚ құны 364 млн теңге тұратын күріш ақтау зауыты құрылысы салынып, жұмыс жасауда.

Жалағаш кенті «Серпін» индустриалдық аймағынан «Есаханов» ЖК құны 100 млн теңге тұратын күріш ақтау зауыты салынып, жұмыс жасауда.

Таң ауылдық округінде құны 111 млн тенге тұратын «Агролидер Таң» ЖШС ет өнімдерін қайта өңдеу цехы ашылды. Цех тәулігіне 800 кг, жылына 120 мың тонна ет өнімдерін (консерві) өңдейді.

«Айбике-2018» АӨК сүт өнімдерін өңдеу цехы ашылды. Цех жылына 15 тонна сүт өнімдерін өңдейді. Қазіргі таңда тәулігіне 100 литр сүт өнімдерін халыққа сатуда.

Еңбек ауыл округінен «Диас» ЖК құны 2,0 млн тұратын бақша өнімдерін егетін жылыжай кешенін салып, пайдалануда. 2019 жылы екі кезең қияр отырғызылып, әр кезеңде 0,2 тоннадан өнім жинады.

Аққыр ауылдық округінен «Алихан Айдан» ЖК құны 32,0 млн тұратын 6 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен «Ред Чив» сортты алма көшетін орналастыруды бастады. 2019 жылы 2 гектарға барлығы 2025 түп  алма ағашы орналастырылды.

Мәдениет ауылдық округінен «Мәдениет» ШҚ құны 15,0 млн теңгеге 2 гектар жерге алма бағын орналастырды.

Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша индикативтік көрсеткіштерге сәйкес 3 мүйізді ірі қара шаруашылығы ашылып, жергілікті 150 бас МІҚ, 16 қой шаруашылығына 7800 бас қой сатып алу, 6377 бас МІҚ аналығын тұқымдық түрлендіруге қатысуын және бордақылау алаңына 1535 бас бұқашық өткізу тапсырмасы белгіленді.

«Сыбаға» бағдарламасымен Ақсу ауыл округінен «Киясов Еркебулан» ЖК Ресейден 100 бас асыл тұқымды қалмақ сиырын сатып алып, жұмыс жасауда. Қаракеткен ауылдық округінен «Береке» ШҚ «Ауыл кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы 90 млн тенге несиеге Ресей Федерациясынан асыл тұқымды қалмақтың 144 бас мүйізді ірі қарасын сатып алды.

Қой малын сатып алу жоспарына сәйкес ауданның барлық ауылдық округтері бір-бірден қой шаруашылығын құрып, 600 бастан қой сатып алу қажет болса, Қаракеткен округінен «Қаншайым» ШҚ-ы «Агронесие корпорациясы» АҚ-нан 11 млн 875 мың тенге несие алып, өз қаражатын қоса отырып 805 бас жергілікті қой аналығын және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданынан 11 бас, «Бақдаулет-57» ШҚ-нан 22 бас қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты қойының қошқарын сатып алып, жұмыс жасауда.

Жаңадария ауылдық округінен «Хадиджа»  және «Ханшайым» ЖК-і «АШҚҚҚ» АҚ-нан  10 млн теңгеден несие алып, алынған несиеге  664 бас жергілікті қой малы мен 22 бас асыл тұқымды қошқар сатып алып, жұмыс жасауда.





Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

         2019 жылдың 27 желтоқсанындағы ҚР Үкіметінің №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың   2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген негізгі индикаторлардың орындалуы қамтамасыз етілді.

         2019 жылы білім саласының бюджеті 5,2 млрд теңгені, яғни аудан бюджетінің 50% құрады. 1 оқушыға бір жылға кеткен шығын орташа есеппен 2019 жылы 457 мың теңгеге құрады (2018 жылы 443 мың теңге).

Аудан бойынша 36 (2018 жылы - 38) мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішінде 10 мемлекеттік бөбекжай, 18 жекеменшік балабақша (2018 жылы - 17),  мектеп жанынан ашылған 8 шағын орталық (2018 жылы 11). Аудан бойынша 1-6 жас аралығында 2043 бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтылып отыр (2018 жылы - 2027). Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 294 тәрбиеші бар. Олардың 9-ы (3%) жоғарғы санатты, 42-сі (14,2%) І санатты, 87-сі (29,5%) ІІ санатты, 156-сы (53%) санаты жоқ тәрбиеші.

2019–2020 оқу жылында 20 мектепте барлығы 6829 оқушы бар. Сынып комплектісінің саны 410 (орташа класс сыйымдылығы 17 оқушы). Бірінші сыныпқа 764 оқушы қабылданды. Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың құжаттары mektep.sitcen.kz порталы арқылы жүргізілді.

М.Шаменов ауылындағы апаттық жағдайдағы №34 орта мектепің орнына 140 орындық жаңа мектеп салу үшін 2019 жылы бастапқы 100,0 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Жобаның жалпы құны – 689,4 млн теңге.

Аудан орталығындағы №201 мектеп-лицейінің ғимаратына «Ауыл Ел бесігі» жобасы шеңберінде барлығы 379,7 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстарына 18,0 млн теңге қаржы бөлінді. Қысқы от жағу маусымына сұйық отын мен қатты отынға 323,9 млн теңге қаралды.

Аудан мектептерінің оқушыларын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамту үшін жергілікті бюджеттен 93,0 млн теңге қаржы бөлініп, барлығы 55 394 дана оқулықтар сатып алынды.

Аудан бойынша 1171 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде жоғары білімді 1077, арнаулы орта білімді 94. Санаты бойынша жоғары санатты 269, І санатты 440, ІІ санатты 274, санатсыз 188 мұғалім бар.

Жаңа форматта аттестациядан өткен педагогтар саны 372. Оның ішінде педагог-зерттеуші 138, педагог-сарапшы 139, педагог-модератор 95.

Мұғалімдер арасында 17 түрлі кәсіби аудандық деңгейдегі байқауға 291 педагог, 3 спортық байқауға 600-ге жуық педагог қатыстырылды. Облыстық кезеңге 30 педагог қатысып, 19 жүлделі орын иеленді. Республикалық кезеңге 2 қатысып, 1 мұғалім («Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында №123 мектептің биология пәні мұғалімі Төлегенова Ғайни) І орын иеленді.

Оқушылар арасында аудан деңгейінде ұйымдастырылған 38 түрлі байқау мен жобаларға 1682 оқушы, 17 спорттық сайыстарға 3383 оқушы қатысты. 9 байқау бойынша республикалық кезеңге 25  оқушы қатысып, 18-і жүлделі орындарға ие болды.

Аудан бойынша білім беруді цифрландыруды жүзеге асырудың жол картасы әзірленіп, ауқымды жұмыстар атқарылуда, мектептердің инфрақұрылымы дамуда.

Аудан мектептері 100 пайыз кең жолақты интернет желісіне қосылған. Барлық мектептегі интернет нүктелеріне WI-FI  роутерлері орнатылды. 

2019 жылы №123, 201 мектеп-лицейлерінде және аудандық оқушылар үйінде “IT STEM” класс платформасы ашылды.

Аудандағы №202 орта мектеп жерігілікті бюджет есебінен 2400,0 мың теңгеге 3D STEREO бағдарламасымен және құрылғылармен жабдықталды.

2018-2019 оқу жылында 287 оқушы 11 сыныпты аяқтады. 226 бітіруші ҰБТ-ға қатысты. Бұл барлық бітірушілердің 78,7 пайызын құрады (2018 жылы 71,5%).  Бітірушілердің 212-і қазақ тілінде, 14-і орыс тілінде тест тапсырды.

2019 жылғы ҰБТ-ның орташа балы – 85,6 балл болды (2018-87,6 балл).

Бітірушілердің 231-і (80,5%) жоғары оқу орындарына, 55-і (19,2%) колледждерге, 1-і (0,3%) дайындық курсына түсті. Жоғары оқу орындарына түскен бітірушілердің 186-ы мемлекеттік грант (80,5%), 3-і облыс әкімінің гранты (1,3%), 5-і әскери грант (2,2%), 2-і ректорлық грант (0,9%) есебінен оқуларын жалғастыруда.  Барлық бітірушілердің орналасуы бойынша жеке-жеке талдау жүргізіліп, мониторинг жасалды. Жалпы барлық бітірушілердің 100%  университеттер мен колледждерде оқуларын жалғастыруда.

2019-2020 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары оқу жылының басынан бастап жоспарға сәйкес жүргізілуде.

2020 жылы 273 оқушы 11 сыныпты аяқтайды. Оның ішінде 232 (85%) оқушы маусым айындағы ҰБТ-ға қатысады. Қазіргі таңда 42 бітіруші «Алтын белгіге», 16 бітіруші «Үздік аттестатқа» үміткер.

Жыл бойы жұмыс жасайтын «Ақтерек» лагерінде 70 (25,6%) бітіруші (2 лек) қосымша дайындық курстарынан өтті.

Қазіргі таңда мектептерде үйден оқытуға қорытынды алған 67 оқушы бар.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептер қатарында кент орталығындағы №201 мектеп лицейі жатады. Мектеп-лицей базасындағы логопедиялық пункті 2017 жылы ашылған және арнайы мамандармен қамтылған. Қазіргі уақытта 20 білім беру ұйымының 8 мектебінде (№31, 32, 33, 116, 118, 201, 202, 246) арнайы (дефектолог, логопед) мамандармен қамтылған (5 штат аудандық бюджеттен, 3 штат облыстық бюджеттен шешілген). 2020 жылы облыстық бюджеттен мектептерді 3 штат арнайы маман, 2 инклюзивті кабинет және 4 логопедиялық кабинетпен жабдықтау жоспарлануда. Мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау мақсатында Нұрәділ, Жасқанат, Жасұлан, Меруерт, Балнұр, Ақбалжан, Кәусар, Зейнеп, барлығы 8 балабақшасында 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап дефектологтар  жұмыс жасайды.

Қосымша біліммен қамту көрсеткіші бойынша  Оқушылар Үйіне - 14 үйірмеге 390 бала, №202 мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығына 4 үйірмеге  185 бала, Балалар өнер мектебінде 7 класқа 85 бала, мәдениет саласында 75 үйірмеге 874 бала, балалар  мен жасөспірімдер спорт мектептеріне 16 үйірмеге 1314 бала қамтылған  (42,9  пайыз).

Кент сыртындағы «Ақтерек» сауықтыру  лагерінде 6 ауысымда 482 бала демалдырылды (402 бала міндетті оқу қоры есебінен). 2019 жылы ағымдағы жөндеуге жұмыстарына 1 320,0 мың теңге бөлініп, әктеу сырлау жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы  жалпы міндетті оқу қорына 81,6 млн теңге қаржы бөлінді. Жоспар бойынша 1341 оқушы ыстық тамақ, 972 оқушы киім-кешекпен қамтамасыз е,тіліп, 861 оқушы лагерьде тегін демалды.

Тамақтану сапасын көтеру мақсатында 2019 жылы қосымша 26,2 млн теңге бөлінді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны көбеюіне байланысты қосымша 342 баланы киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін 3,3 млн теңге  қаржы бөлінді.

«Мектепке жол» республикалық акция аясында 901 балаға  8,1 млн теңгеге көмек көрсетілді.

2019 жылы жалпы аз қамтылған, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларынан 1341 баланың ішінен 861 бала (64,2%) демалыс лагерлеріне, 305 (22,7%) бала мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлеріне, 175 бала экскурсиялармен (13%) қамтылды.



«Ақпаратты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы


  Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 10 қаңтарында «Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.

2019 жылы «Жалағаш жаршысы» газетінің таралымы 3153 дана болды.

2019 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 8,2 млн теңге бөлініп, толық игерілді.

         Жалағаш ауданы туралы БАҚ және интернет кеңістігінде 2019 жылы шыққан мақалалар саны – 811. Оның ішінде:

- республикалық, облыстық, аудандық газеттерге, интернет газеттерге шыққан мақалалар саны – 261;

- республикалық, облыстық, аудандық сайттарға, әлеуметтік желілерге шыққан мақалалар, посттар саны – 525;

- республикалық, облыстық телеарналарға шыққан материалдар саны – 25.

         Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 10 қаңтарында «Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді

Аудан жаңалықтары негізінен аудан әкімі аппаратының ресми сайтына, Facebook, Instagram, Twitter, Youtube әлеуметтік желілеріндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасына, республикалық сайттарға, облыстық «Qyzylorda» телеарнасына, республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық», «Айқын», облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт апталығы», «Ақмешіт жастары», «Сыр дидары», «Ел тілегі» газеттері, басылым сайттарына, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне және газет сайтына тұрақты түрде жарияланып келеді.

Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті.

Интернет желісінде 1 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар («Жалағаш жаршысы» газеті).

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы

2019 жылы Жалағаш ауданында діни ахуал тұрақты. Ауданда діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және ҚМДБ қарасты аудан көлемінде 14 мешіт жұмыс атқаруда. Демеушілер арқылы барлық мешіттердің жағдайларын қалыпты ұстап отыру мүмкіндіктері қарастырылған.      

 2019 жылы Шаменов, Мырзабай ахун ауылдық округінде жаңадан мешіт салынып, шілде айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда аталған мешіттердің заңға сәйкес құжаттары рәсімделу үстінде. Ал қалған 12 мешіттердің барлығы әділет органдарында тіркелген.

Жоспарға сәйкес 2019 жылғы ақпан айынан бастап, ай сайын ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері "Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңын іске асыра отырып, терроризмге қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша мақалалары жарияланып келеді.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 10 материал жарыққа шықты. Оның ішінде жергілікті "Жалағаш жаршысы" газетіне – 3, интернет ресурстар және әлеуметтік желілерге – 7 ақпарат жарияланды.

Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің қаупін көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы алдын алу мақсатында «Қаурыт желі -114», «Терроризмге жол жоқ» секілді тақырыптарда аудан бойынша 7 билборд орнатылды

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы 2019 жылға арналған әлеуметтік тапсырыс негізінде 1 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 2000,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес «Сыр алаңы» қоғамдық қорымен келісім шарт жасалып, жұмыс жоспары бекітілді.

Жыл басынан бастап аудан көлемінде діни экстремиз және терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 86 шара ұйымдастырылып (51 кездесу, 8 семинар-тренинг, 2 "дөңгелек-үстел", 1-конференция, 14 акция, 10 мәрте жеке кездесу), оларға 5200 аудан тұрғындары қамтылды. Бұл бағыттағы атқарылған шаралар БАҚ-да, әлеуметтік желілерде ақпараттандырылып, халықтың қолдауын табуда.

Жалағаш ауданында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2019 жылы атқарылған жұмыстары туралы


Жалағаш ауданында мемлекеттік бағдарламаның бірнеше бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Мемлекеттік тілді  меңгерген тұрғындар саны жыл сайын өсіп келеді.  «Регион Юг-Запад» қоғамдық бірлестігі арқылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша респондеттердің 99,1%-ы қазақ тілін, 50%-ы орыс тілін,  15%-ы ағылшын тілін және 12%-ы үш тілді қатар меңгергендерін  атап көрсеткен.  

Бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін оқыту шаралары облыстық тілдерді оқыту орталығы арқылы жүргізілуде. Мемлекеттік тілді оқығандар саны - 84, ағылшын тілін оқығандар саны - 132, орыс тілін оқығандар саны –72 адам.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік тілді насихаттауға 200,0 мың теңге қаржы бөлініп, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

         Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу мен оның пайдалану аясын кеңейту мақсатында ауданда бұқаралық мәдени, спорт және өзге де қоғамдық шаралар өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану қамтамасыз етіліп келеді. Аудан бойынша 1833 бұқаралық мәдени, спорт және өзге де қоғамдық іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізілген.

Жастар арасында мемлекеттік тілдің құндылығын арттыру мақсатында «Руханият» әдебиет бірлестігі ашылып, жұмыс жасауда. Бірлестік мүшелері аудандық, облыстық жазба ақындар мүшәйраларына қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп «Латын әліпбиін енгізудің ұйымдастырушылық міндеттері» тақырыбында семинар-тренинг, сондай-ақ, білім беру мекемелерінде «Ұлттық әліпби – болашақтың бағдары», «Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» тақырыптарында тәрбие сағаттары мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Ағымдағы жылдың 27-31 мамыры аралығында мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерін «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын оқыту» тақырыбында 40 сағаттық оқу-семинары ұйымдастырылды.

Мемлекеттік тілді қолдау бағытында аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті мен әлеуметтік желілерге жыл басынан бері 19 мақала жарияланып, өткізілген іс-шаралар аудан әкімдігінің интернет-ресурсына тұрақты түрде ақпараттандырылып келеді. 

Ономастика саласы бойынша тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылауға қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттары сақталып келеді. 

Жалағаш ауданы бойынша 32 әкімшілік-аумақтық бірлік, 214 көше,  9 әлеуметтік нысан атауларының бүгінгі идеологиялық талаптар үйлесімділігіне талдау  жасалды.

Аудандағы 32 әкімшілік-аумақтық бірліктердің 24-і географиялық атаулармен аталса, 8-іне, сонымен қоса 9 әлеуметтік нысанға мемлекет және қоғам қайраткерлерінің есімдері берілген. 

Беймәлім тұлғалар мен белгісіз тарихи оқиғаларға байланысты, рулық қайшылықтар тудыратын атаулар мен атауы жоқ елді мекендер орын алмаған.

Аудан көлеміндегі 214 көшенің 137-сі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды ұлықтау мақсатында кісі есімдерімен аталса, 56-сы тарихи атаулармен,  2 көше шартты белгімен белгіленген, 5 көшенің атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген, 8 көшенің атауы қайталанған.

Осы орайда тарихи географиялық атауларды сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ азаматтардың байырғы халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыру, әкімшілік-аумақтық бірліктерді, көшелерді жаппай кісі есімімен атауға жол бермеу мақсатында кент және ауылдық округтерде ақпараттық-түсіндіру, әдістемелік жұмыстары жүргізілді. 

Кент және ауылдық округ әкімдері тарапынан ескірген және қайталанған атауларды қайта атау бағытында жұмыстар жүргізіліп, шартты белгімен белгіленген 5 көше, идеологиялық тұрғыдан ескірген 4 көше, қайталанған 3 көшенің атауы өзгертілді. 

Тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылауға қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттары сақталып келеді.

Көрнекі ақпараттың пайдалануын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі басты назарда. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған «Таза тіл» еріктілер тобы бірлесіп мемлекеттік тілді насихаттау бағытында 6 кездесу, 4 акция ұйымдастрыды.

Сонымен қатар меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпкерлік субъектілерге «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында әдістемелік құралдар, жаднамалар әзірленіп таратылды. 

Аудандағы жарнамалар мен көрнекі ақпараттарда кемшіліктердің орын алмауын алдын алу мақсатында Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен жарнама агенттіктерінің арасында екі жақты меморандум жасалған. Соның нәтижесінде көрнекі ақпараттарда өрескел қателіктерге жол берілмей отыр. 

Есепті кезеңде «Таза тіл» тобы 21 объектіге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, салондар, т.б.), 3 объектінің жарнамасында кемшіліктер анықталды. Қазіргі таңда жарнама кемшіліктері заң талаптарына сәйкестендірілді.


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Емханаға тіркелген 33944 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, 2 ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

         Жол картасы аясында емдеу және алдын алу ұйымдарындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың 2016-2019 жылдарға арналған перспективалық жоспарына сәйкес сала мамандары біліктілігін арттырды.

         2019 жылы 7 жоғары білімді дәрігерлер жұмыспен қамтылды (1 - жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 травматолог дәрігер, 1 педиатр дәрігер, 2 терапевт дәрігер, 1 стоматолог дәрігер, 1 анестезиолог – реаниматолог дәрігер).

         2019 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында 6 - жоғары білімді дәрігерлер тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

         2019 жылы Жалағаш аудандық денсаулық сақтау саласына бюджеттен 1480,5 млн теңге қаралды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1450,3 млн теңге, облыстық бюджеттен 30,2 млн тенге теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 14,3 млн тенге, санитарлық автокөлік алуға 15,8 млн тенге қаралды. СКПН-ге 46,3 млн теңге бөлінді. Мекеме өз қаржысы есебінен 4,8 млн теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алды.

Негізгі статистикалық көрсеткіштер

Медициналық қызметтің нәтижесін демографиялық көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. 2019 жылы аудан бойынша 775 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 22,8 промильді құрады (2018 жылы 729 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 20,6 промильді құрады). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш – 2,2  промильге өскен. Сәби өлімі 2019 жылы 9 жағдай тіркеліп 9,2% пайызды құрады (2018 жылы 7 жағдай тіркеліп 9,6%). 2019 жылы аудан бойынша жалпы 186 өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 5,5% (2018 жылы 185 – 5,2%). Соңғы 3 жыл көлемінде ана өлімі тіркелмеген. Табиғи өсім көрсеткіші 2019 жылы 17,4 құрады (2018ж.-15,3).

2019 жылы аудан бойынша 186  өлім жағдайы тіркеліп, 5,5% құрады (2018 жылы 185-5,2%).

Өлім - жітім себептері бойынша     

Негізгі көрсеткіштер

2018 жыл

2019 жыл

1

Жалпы қайтыс болғандар саны

185-5,2%

186-5,5%

2

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

49-26,5%

52-27,9%

1

Үйден қайтыс болғандар

130-70,3%

141-75,8

2

Ауруханадан қайтыс болғандар

48-30%

41-22,0

3

Өзгеде себептермен

7-3,8

4-2,2


Оның ішінде:

2018 жыл

2019 жыл 

1

Жүрек қан тамыр аурулары

53-28,6%

46-24,6%

2

Қатерлі ісік аурулары

17-9,2%

25-13,4%

3

Жарақаттар

9-4,9%

10-5,3%

4

Тыныс алу жолдары

27-14,5%

24-12,9%

5

Жұқпалы аурулары

0

0

6

Туберкулез

3-1,6

0

7

Ас қорыту ағзалары

10-5,4%

11-5,9%

8

Несеп жолдары

5-2,7%

4-2,2%

9

Ішкі секреция жүйесі

2-1,1%

4-2,2%

10

Жүйке жүйесі аурулары

7-3,8%

10-5,4%

11

Кәрілік

12-6,5%

12-6,5%

12

Тағы басқа

40-21,6%

40-21,5%

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамту барысында аудан бойынша «Д» есепте тұратын 8228 науқастарға 189,2 млн теңгеге 35773 рецепт жазылды. Бөлінген дәрі-дәрмектер 100% игерілді.


Туберкулездің алдын алу, анықтау тәсілдері.

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №994 бұйрығына сәйкес «Туберкулез бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты» басшылыққа алып, аудан бойынша туберкулезге қарсы жұмыстар жүргізілді.


Емдеуге жатқызу бюросы бойынша

2019 жылы ауруханаға емханадан жоспарлы түрде портал арқылы 2020 науқас жатқызылған (2018ж.-2365). Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 14,6%-ға төмендеген. Сонымен қатар шеттетілген науқастар-22 (2018 жыл-20). Шеттетілген науқастардың себебі бойынша: ауруханаға жатқызуға қарсы көрсетілім болғаны үшін 3, отбасылық жағдайына байланысты жазбаша түрде бас тарту бойынша 12, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны 4, себепсіз келмей қалу жағдайы бойынша 2, ауруханаға жатқызуға көрсетілім болмауына байланысты 1. Алматы және Астана қаласының ғылыми зерттеу орталықтарына жолданған науқастар саны 145.


Мүгедектік туралы

Бірінші рет мүгедектікке шыққандар саны 2019 жылы-54 адам тіркелген.  (2018 жылы - 88). Жалпы мүгедектердің саны 1018 құрайды (2018 жылы-1051). 10 мың тұрғынға шаққанда 299,9 (2018-297,5). Алғаш рет мүгедектікке шыққандардың ішінде 46-і ересектер (2018 жылы-53). Мүгедектер тобы арасында I топтағы мүгедектер 11-23,9% (2018 жылы 9-17,0%), II топтағы мүгедектер-19-41,3% (2018-31-58,5%), III топтағы мүгедектер 16-37,8% (2019 жылы 13-24,5%) құрайды.

Стоматологиялық қызмет

Аудан тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде стоматологиялық  қызмет көрсету үшін жұмыстар жүргізілді. Аудан  бойынша стоматологиялық қызметті жақсарту мақсатында 3 дәрігер стоматолог, 5 тіс дәрігері аудан халқына қызмет етеді және Мақпалөл елді мекенінде 1 дәрігер стоматолог жұмыс жасайды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап (№201 мектеп-лицей, №202 мектептерінде)  стоматологиялық  кабинеттер ашылып, мамандармен қамтамасыз етілді. 2019 жылдың көлемінде барлығы 11814 науқас ем алды.

Ауруханада көрсетілген көмек

Қазіргі таңда аудандық аурухана бойынша 130 төсек орын жұмыс жасайды. Оның ішінде 110 төсек-орын кент орталығында, 15 төсек жұқпалы аурулар бөлімшесінде, 15 төсек-орын  терапия бөлімшесінде, 15 төсек-орын хирургия бөлімшесінде, 25 төсек-орын перзентхана мен гинекология бөлімшесінде, 10 төсек-орын Реабилитация бөлімшесі 20 төсек-орын балалар бөлімшесінде, 10 төсек-орын мейірбикелік күтім, 20 төсек-орын ауылдық ауруханалар (Аққұм  және Мәдениет ауылдары).

Аурухана құрамында күндізгі аурухана 50 төсек-орын жұмыс жасайды. 20 төсек-орын кентте, 30 төсек-орын Ақарық, Аққыр және Қаракеткен ауылында. 2019 жылы №981 «Облыс көлемінде төсек-орындарды қайта құрылымдау туралы» бұйрығының негізінде Қаракеткен 10 төсектік күндізгі стационар және Аққыр 10 төсектік күндізгі стационар болып ауыстырылды.

Стационарлық көмек көрсету ұйымының қабылдау бөлімшесінде шұғыл медициналық көмек көрсетілетіндерді алға тарта отырып, келіп түскен науқастарды топтарға (триаж жүйесі бойынша)  медициналық іріктеу үздіксіз жүргізілуді іске асыру үшін қосымша пост ашылды.


 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі бойынша

Жалағаш ауданы әкімінің 26.02.2019 жылғы  №78 өкімімен аудандық штаб қайта құрылып, штаб құрамы, ережесі және бірыңғай коммуникациялық жоспары бекітілді. Бекітілген жоспар бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» коммерциялық емес Акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалының бас маманының қатысуымен 2019 жылы 3 рет  Жалағаш аудандық аурухана қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 119 қызметкер қатысса, түсіндірме жұмыс тобымен медицина қызметкерлері арасында 608 медицина қызметкеріне семинар жүргізілді. Жалағаш кенті мекемелері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізу басталып, аудан орталығындағы мектеп-лицей қызметкерлеріне 13.03.-20.03.2019ж аралығында семинар өткізіліп, 571 адам қамтылды.  Сонымен қатар,өзектендірілмеген ,өзін өзі қамтып отырған тұрғындар бойынша  бірыңғай халық тіркелімі порталы бойынша тұрғындардың әлеуметтік мәртебелерін нақтылау бағытында жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі таңда МӘМС қорының бірыңғай CALL орталығы 1406 нөмерлі тегін қызу желі іске қосылған, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңа мәтінде 15 баннер, 5 билборд қайта жасалып,халық көп шоғырланған жерлерге ілінді, жалпы саны 16000 жадынама жаңартылып ,таратылды. Сонымен қатар, 03.10.2019жылы аудан әкімшілігі арқылы бағыныстағы барлық мекемелер мен жеке меншік кәсіпкерлік ұйымдарға жеткізіліп, халыққа қол жетімді орында көрініс табуына, халыққа көрініс табатын жерде баннерлер ілінуін қамтамасыз етуге және жасалынған ақпараттарды фото және видеоесептермен бірге аурухананың электронды мекен-жайына ықпал жасауға арнайы хат жолданып, жұмыстар жүргізілді.

2019 жылы Жалағаш жаршысы газетіне 16 рет мақала жарияланды және әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм) 250 рет МӘМС бойынша хабарлама таратылды.        

Аудан әкімшілігінің аппараттық мәжілісінде міндетті әлеуметтік медициналық жүйесін енгізу бойынша аудан әкімінің қатысуымен 4 рет талқыланып, тиісті сала мамандарына тапсырламалар берілді (кент, ауылдық округ әкімдеріне, Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына).

МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты денсаулық сақтау саласы бойынша барлық нормативті-құқықтық актілер жаңартылып, Қазақстан Республикасы Үкіметімен 20.06.2019 жылы №420 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің №421 қаулылары бекітілді. Мекеме бойынша медициналық қызмет сатып алу жұмыстары жүргізілді. Жалағаш аудандық  аурухана медицина қызметкерлерін МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты аттестациялау мақсатында қайта түсіндіру-семинар жұмыстары жүргізілді.



Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша орындалуы: файл: *.docx  (14,6 кб)


«Ақпаратты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы: файл: *.docx (15,6 кб)




Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  Жалағаш ауданы бойыншаорындалуы: *.docx (15,6 кб)




Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша орындалуы: *.docx (15,6 кб)




Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша орындалуы: *.doc (15,6 кб)





Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша орындалуы: *.docx (15,6 кб)




Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша орындалуы: *.docx (15,6 кб)



Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша орындалу: *.docx (15,6 кб)



Кіру