Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Құқық Президенттің Жолдаулары Елбасы Жолдауларын іске асыру барысы туралы ақпарат

Елбасы Жолдауларын іске асыру барысы туралы ақпарат



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының Жалағаш ауданы бойынша орындалуы туралы


Әлемдегі дамыған елдер қатарына қосылуда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел игілігіне арналған дәстүрлі Жолдаулары айқын да айнымас, сенімді бағыт болып келеді. 

Президент Жолдауы – мемлекеттің алдағы жоспарына, оның халқына және ендігі бағыт-бағдарына ерекше серпін беретін маңызды құжат болып саналады. Осы құжат арқылы еліміздің әрі қарай даму жолының бүгіні мен алдағы болашағын айқындайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнаған болатын.

Жолдау мазмұны жағынан ерекше және уақыт елегінен өткен «Қазақстан - 2050» стратегиясы, «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты, «5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі ұлт жоспары - 100 нақты қадам» құжаттарының жалғасына айналды. Елбасы Жолдауындағы негізгі пікірлер қазақстандық қоғамды жаңғыртуды жалғастыруға арналған жаңа мүмкіндіктерді көрсетті. Жолдауда еліміздің басты байлығы – адами капиталға баса назар аударып, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды салаларға тоқталды.

Елбасы Жолдауы форматы мен мазмұны жағынан бұрынғылардан ерекше. Онда нақты міндеттер мен мақсаттар белгіленді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатының өсіп, тұрмыс сапасының жақсаруына оң септігін тигізетін бастамаларды атап өтті. Әсіресе, педагог қызметкерлерінің мәртебесін арттыру туралы заң қабылдау, жастар жылын жариялау, ең төменгі жалақыны арттыру сынды идеялары жұртшылық тарапынан кең қолдау тапты.

Елбасы Жолдауын насихаттау бағытында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда.

2018 жылдың 11 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіруге бағытталған аудан әкімдігінде идеологиялық актив жиыны өткізілді.

Елбасының Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіруге бағытталған желілік кесте әзірленіп, аудандық бөлім, мекемелерде, білім беру ұйымдарында, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, ішкі істер саласы қызметкерлері, аудан жастары арасында және  барлық ауылдық округтерде талқылау өткізілді.

Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 2 қарашадағы №418 өкімімен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру жөніндегі аудандық ақпараттық-насихаттау топтары құрылды. Ақпараттық насихаттау топтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, олардың құрамына мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ардагерлер кеңесі төрағасы және аудандық мәслихат депутаттары енгізілді. Ақпараттық-насихаттау топтары Жалағаш кенті және елді мекендерге жылына екі рет 5 бағыт бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, ауданда Елбасы Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерді насихаттау бағытында республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілуде.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Қасымов                 2018 жылғы 17 қазан күні аудандық полиция бөлімі ғимаратында Жолдауда айтылған ішкі істер саласын реформалау туралы сала  қызметкерлерімен талқылау өткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов, Наталья Жұмаділдаева және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев Елбасы Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіру мақсатында 2018 жылғы 24 қазан күні Жалағаш кенті және Мәдениет ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

2018 жылдың қазан айында облыстық және аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жалағаш кенті және ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесіп тоқсанына бір рет тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-і қызметкерлері түңгі сағат 23:00-ден кейін ауылдық округ, кенттегі ойын-сауық орындарын, дүкендер мен қоғамдық демалыс орындарын аралап, құқық бұзушылыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партия филиалымен бірлесіп жалғыз басты және әлеуметтік аз қамтамасыз  етілген жалғыз басты тыл ардагеріне түрлі көмек түрлері көрсетіліп келеді.

                               

Мемлекет басшысының Жолдауында Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге өсіруді тапсырған болатын. Соған сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауданда төменгі жалақы алатын  азаматтардың жалақысы көтерілді. (қазіргі уақытта нақты қанша азаматтың, қанша пайызға өскені есептелуде)

Елбасы Жолдауында білім беру жүйесін одан әрі дамыту стратегиялық маңызды бағыттардың бірі болып белгіленді. Ең маңызды мәселелердің бірі: балабақшамен қамту, бірыңғай программаны енгізу және тәрбиешілердің сапасын көтеру.

Ауданда 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту мәселесі 100 пайыз қамтамасыз етілген. Білім беруді цифрландыруды жүзеге асыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Жолдауда қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің, зияткерлік мектептердің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құрудың маңыздылығын атап өтті.

Соған сәйкес Назарбаев зияткерлік мектептері мен өзара әріптестік жөнінде меморандум жасалып, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі таратылатын инновациялық мектептер желісіне қосылған  №31,32,123,201 мектептер мазмұнды жұмыс жасауда.

Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің келісуімен аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевпен бекітілген Жалағаш ауданында жастар жылын атап өтудің кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, барлық бөлім, мекемелерге және кент ауылдық округтерге таратылды. Кешенді жоспарда жастарды жұмыспен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, құқықтық мәдениетті арттыру, патриоттыққа тәрбиелейтін, және дарынды жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралар қамтылған.

Аудандық жастар ресурстық орталығы және Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнерді дамыту орталығының мәжіліс залында Елбасы Жолдауын талқылау және ілгерілету мақсатында кент және ауылдық округтегі жастар ісі жөніндегі мамандарымен «Жастар Елбасын қолдайды» тақырыбында кездесулер, З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте жоғары сынып оқушыларының, мұғалімдердің қатысуымен және Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде студенттермен талқылаулар өткізілді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жолдау мәтініне талдау жасау арқылы «Бәйтерек», «Әділет» базарларына және «Ақниет» сауда орталығында аудан тұрғындарына үнпарақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жолдауда Елбасы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керектігі жөнінде тапсырма берген. Осы орайда ауданда 2018  жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 10 жоба 469,6 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінен 5 жоба 90,4 млн теңгеге ішін ара кепілдендірілді. Яғни 5 кәсіпкерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы кепілдеме жүргізілді.

Сонымен қатар қазіргі таңда екінші деңгейлі банктер арқылы несие алуға ауданның 7 кәсіпкері жалпы құны 560 млн теңгені құрайтын жобалардың құжаттарын өткізіп, банк қорытындысын күтуде. Бұл жобаларды қаржыландыру 2019 жылы жүргізілетін болады.

Анықтама үшін:

-     жеке кәсіпкер С.Айнабаеваның балабақша сатып алу жобасы. 55,0 млн теңге;

-     жеке кәсіпкер Ғ.Исахановтың айналым қаражатын толықтыру жобасы. 70,0 млн теңге;

-     жеке кәсіпкер А.Қалыбекованың айналым қаражатын толықтыру жобасы. 30,0 млн теңге;

-     жеке кәсіпкер С.Сисенбаевтың спорт кешені құрылысы жобасы. 35,0 млн теңге;

-     «Бис Групп» ЖШС-нің айналым қаражатын толықтыру жобасы. 280,0 млн теңге;

-     «Таң ЛТД» ЖШС-нің айналым қаражатын толықтыру жобасы. 80,0 млн теңге:

-     «Шипа Әлемі» ЖШС-нің айналым қаражатын толықтыру жобасы. 10,0 млн теңге.

Жоғарыда аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 26 жоба 21,5 млн теңгенің грантына ие болды. Алынған гранттарға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп үнемі мониторинг жүргізілуде.

Елбасы Жолдауын тұрғындарға насихаттау бағытында аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсына атқарылған жұмыстар мен ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарының жоспарлары енгізілді. Жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетіне және «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ауданның парақшасында 208 мақала, зиялы қауым және түрлі этнос өкілдерінің пікірлері жарияланды. Жалағаш ауданы бойынша республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 23 шара ұйымдастырылып, оған 2800 адам қамтылды. Сонымен қатар барлық кент, ауылдық округтерде билбордтар орналастырылған.

Алдағы уақытта да аудан көлемінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын тұрғындар арасында насихаттау бойынша жұмыстар өз жалғасын табатын болады.



ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының

 

Өткен уақыты:  18 қазан  2018 жыл,   сағ: 11-00                                                                 

Өткен орыны: «КРЭК» АҚ Жалағаш аудандық филиланың ғимараты

Қатысқан адам саны:  мекеме қызметкерлері

  

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында «КРЭК» АҚ Жалағаш аудандық филиалы қызметкерлері арасында талқылау өткізілді.









02.06.2018 - Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылдың І жартыжылдығында Елбасы Жолдауының насихатталуы туралы

 

 Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жөнінде аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық топ құрылып 5 бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Кент орталығында  5 билборд ауылдық окруктарда 15 билборд жасалынып ілінді. Елбасы Жолдауын тұрғындарға насихаттау бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетіне 26 мақала жарияланды. Жалағаш ауданы бойынша осы уақытқа дейін республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 53 шара ұйымдастырылып, оған 3115 адам қамтылды.




Жалағаш ауданы бойынша 2017 жылдың І жартыжылдығында Елбасы Жолдауының насихатталуы туралы



 ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жөнінде халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізіу мақсатында кент орталығында  5 билборд ауылдық округтерде 15 билборд жасалынып ілінді.

Жалағаш ауданы тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 15 ақпанда №66 өкімімен аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.

 2017 жылдың 31 қаңтар күні кент және ауылдық округтерде, бөлім, мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне Жолдауды теледидардан тікелей көрсетілім арқылу көру ұйымдастырылды.

Елбасы Жолдауын тұрғындарға насихаттау бағытында аудандық ақпараттық насихаттық топ құрылып, топ құрамына аудандық маслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызметшілер, жастар көшбасшылары, ҮЕҰ-дың жетекшілері және БАҚ өкілдері енгізілген.

2017 жылдың 8 ақпан күні республикалық ақпараттық топ өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Ералиев, А.Смағұлов, М.Айсина, М.Махамбетов, Н.Жұмаділдаевалар Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен кездесті.

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев, Жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Алдабергеновтер Елбасы Жолдауын аудан жастарына түсіндірді.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ким, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова, Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Р.Нұртаев бастаған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері 2017 жылдың 13 наурыз күні кент және ауылдық округтерде Елбасы жолдауына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жалағаш ауданы бойынша осы уақытқа дейін республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 65 шара ұйымдастырылып, оған 3200 адам қамтылды.

Сонымен қатар, ауданда Жолдауды кеңінен насихаттау мақсатында желілік кесте жасалып кент және ауылдық округтерде медицина саласында 2, білім саласында 7, бюджеттік мекемелерде 4, тұрғындар арасында 15 кездесу ұйымдастырылып, барлығы 1100 адам қатысты.

                Жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетіне 34 мақала жарияланды.



25.02.2017 - Жалағаш аудандық мәдениет Үйі қызметкерлерінің қатысуымен Елбасы Жолдауы талқыланды


24 ақпан күні аудандық мәдениет Үйі қызметкерлерінің қатысуымен Елбасы Жолдауы талқыланды. Кәсіпорын басшысы А.Қожанияз Елбасымыздың жыл сайынға халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауын еліміздің даму жолындағы маңызды құжаттың бірі болып табылатындығын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, көркемді жетекші Ә.Шілдебаев ІТ технологиясы жайында да сөз қозғап, оның ел дамуында алар орнының ерекше екендігін, жастардың білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдылануын, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен атқарылып жатқан қыруар істердің барлығы болашағымыз үшін жасалып жатқан жұмыстар екендігін айтып өтті.

  




02.02.2017 -

Елбасы Жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Жалағаш ауданы тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жалағаш ауданы бойынша осы уақытқа дейін республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 65 шара ұйымдастырылып, оған 3200 адам қамтылды.

Елбасы Жолдауына байланысты «Жалағаш жаршысы» газетінде 12 мақала жарияланды. Жолдаудың басым бағыттары мен міндеттері бойынша қоғамдық пікір қалыптастырушылардың мекеме басшыларының, мәслихат депутаттарының, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар ұйымдары жетекшілері, кәсіпкерлердің, еңбек адамдарының лебіздері аудандық, облыстық басылымдарға жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында 5 аудандық ақпараттық топ құрамы жасақталған. Бекітілген іс-шараға сәйкес, Жолдаудың басымдықтарын талқылау, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіліп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы қа
ңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу

КЕСТЕСІ

Аудан атауы

Ант мүшелерінің саны

Жүргізілген ақпараттық жұмыстар саны

Қамтылған

тұрғындар

саны

БАҚ ақпараттандырылуы

1

Жалағаш ауданы

6

65 (кездесу)

3200

12 мақала жарияланды

Өңірлік ақпаратық топтардың өткізген іс-шаралары мен оларға қатысқан

адамдардың саны туралы кестелік

АҚПАРАТ

Жалағаш ауданы

Тоқсан

АТ жалпы мүшелеренің саны

АТ өткізілген іс-шаралар саны

Қамтылған тұрғындар саны

БАҚ-та жарияланған материялдар саны

сюжеттер

мақалалар

барлығы

Жалағаш ауданы

I-тоқсан

6

65

3200

-

12

12

Барлығы


6

65

3200

-

12

12

Кіру