Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Құқық Президенттің жолдауы МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жалағаш ауданы бойынша 2017 жылдың І жартыжылдығында Елбасы Жолдауының насихатталуы туралы

 ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жөнінде халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізіу мақсатында кент орталығында  5 билборд ауылдық округтерде 15 билборд жасалынып ілінді.

Жалағаш ауданы тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 15 ақпанда №66 өкімімен аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.

 2017 жылдың 31 қаңтар күні кент және ауылдық округтерде, бөлім, мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне Жолдауды теледидардан тікелей көрсетілім арқылу көру ұйымдастырылды.

Елбасы Жолдауын тұрғындарға насихаттау бағытында аудандық ақпараттық насихаттық топ құрылып, топ құрамына аудандық маслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызметшілер, жастар көшбасшылары, ҮЕҰ-дың жетекшілері және БАҚ өкілдері енгізілген.

2017 жылдың 8 ақпан күні республикалық ақпараттық топ өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Ералиев, А.Смағұлов, М.Айсина, М.Махамбетов, Н.Жұмаділдаевалар Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен кездесті.

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев, Жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Алдабергеновтер Елбасы Жолдауын аудан жастарына түсіндірді.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ким, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова, Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Р.Нұртаев бастаған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері 2017 жылдың 13 наурыз күні кент және ауылдық округтерде Елбасы жолдауына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жалағаш ауданы бойынша осы уақытқа дейін республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 65 шара ұйымдастырылып, оған 3200 адам қамтылды.

Сонымен қатар, ауданда Жолдауды кеңінен насихаттау мақсатында желілік кесте жасалып кент және ауылдық округтерде медицина саласында 2, білім саласында 7, бюджеттік мекемелерде 4, тұрғындар арасында 15 кездесу ұйымдастырылып, барлығы 1100 адам қатысты.

                Жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетіне 34 мақала жарияланды.



Жалағаш аудандық мәдениет Үйі қызметкерлерінің қатысуымен Елбасы Жолдауы талқыланды


24 ақпан күні аудандық мәдениет Үйі қызметкерлерінің қатысуымен Елбасы Жолдауы талқыланды. Кәсіпорын басшысы А.Қожанияз Елбасымыздың жыл сайынға халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауын еліміздің даму жолындағы маңызды құжаттың бірі болып табылатындығын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, көркемді жетекші Ә.Шілдебаев ІТ технологиясы жайында да сөз қозғап, оның ел дамуында алар орнының ерекше екендігін, жастардың білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдылануын, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен атқарылып жатқан қыруар істердің барлығы болашағымыз үшін жасалып жатқан жұмыстар екендігін айтып өтті.

  




Елбасы Жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Жалағаш ауданы тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жалағаш ауданы бойынша осы уақытқа дейін республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 65 шара ұйымдастырылып, оған 3200 адам қамтылды.

Елбасы Жолдауына байланысты «Жалағаш жаршысы» газетінде 12 мақала жарияланды. Жолдаудың басым бағыттары мен міндеттері бойынша қоғамдық пікір қалыптастырушылардың мекеме басшыларының, мәслихат депутаттарының, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар ұйымдары жетекшілері, кәсіпкерлердің, еңбек адамдарының лебіздері аудандық, облыстық басылымдарға жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында 5 аудандық ақпараттық топ құрамы жасақталған. Бекітілген іс-шараға сәйкес, Жолдаудың басымдықтарын талқылау, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіліп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы қа
ңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу

КЕСТЕСІ

Аудан атауы

Ант мүшелерінің саны

Жүргізілген ақпараттық жұмыстар саны

Қамтылған

тұрғындар

саны

БАҚ ақпараттандырылуы

1

Жалағаш ауданы

6

65 (кездесу)

3200

12 мақала жарияланды

Өңірлік ақпаратық топтардың өткізген іс-шаралары мен оларға қатысқан

адамдардың саны туралы кестелік

АҚПАРАТ

Жалағаш ауданы

Тоқсан

АТ жалпы мүшелеренің саны

АТ өткізілген іс-шаралар саны

Қамтылған тұрғындар саны

БАҚ-та жарияланған материялдар саны

сюжеттер

мақалалар

барлығы

Жалағаш ауданы

I-тоқсан

6

65

3200

-

12

12

Барлығы

6

65

3200

-

12

12

Кіру