Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Құқық Құқық бұзушылық профилактикасы

Құқық бұзушылық профилактикасы

Жалағаш ауданы бойынша құқық бұзушылықтар профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары ...

Толығымен қарап шығу (көшіріп алу) файл: 2017-03-03_jospar_tozbeushilik_2017-2019.rar (37,0 кб )




Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 2016 жылдың 8 айындағы құқық бұзушылық профилактикасының жағдайы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 2016 жылдың 8 айындағы құқық бұзушылық профилактикасының жағдайы және Жергілікті полиция қызметінің қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылық профилактикасын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралары туралы

Қызылорда облысында 2015 жылмен салыстырғанда қылмыстылықтың саны 2016 жылғы 8 айындағы көрсеткіштерде біршама төмендегені байқалады. Атап айтатын болсақ:

-Арал ауданында 2016 жылы – 232 (2015ж-346) -32,9%;

-Қазалы ауданында 2016 жылы – 481 (2015ж-507) -5,1%;

-Қармақшы ауданында 2016 жылы – 204 (2015ж-300) -32,0%;

-Жалағаш ауданында 2016 жылы – 207 (2015ж-250) -17,2%;

-Сырдария ауданында 2016 жылы – 256 (2015ж-256) -0%;

-Шиелі ауданында 2016 жылы – 347 (2015ж-472) -26,5%;

-Жаңақорған ауданында 2016 жылы – 318 (2015ж-461) -31,0%;

-Қызылорда қаласында 2016 жылы – 4387 (2015ж-5427) -19,2%;

-Облыс бойынша барлығы 2016 жылы – 6438 (2015ж-8024) -19,8%:

Жалағаш ауданында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан көлемінде тіркелген қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 250-ден 207-ге, яғни -17,2 пайызға төмендеген. Атап айтқанда:

- қылмыстың ауыр түрі (13-ден 10-ға) -23,1 пайызға

- ауыр дене жарақатын салу (4-тен -0-ге) - 100,0 пайызға

- тонау қылмысы (5-тен 0-ге) -100,0 пайызға

- алаяқтық қылмыстары (9-ден 2-ге) -77,8 пайызға

- пәтер ұрлығы (23-тен 18-ге) -21,1 пайызға

- қоғамдық орында жасалған қылмыстар (35-ден 18-ке) -48,6 пайызға

- көше қылмыстары (29-дан 16-ға ) -44,8 пайызға

- мас күйінде жасалған қылмыстар (27-тен 12-ге) - 55,6 пайызға

- бөтен мүлік ұрлығы (127-ден 120-ға) -5,5 пайызға

- жасөспірімдермен жасалған қылмыс (2-ден 1-ге) -50,0

                - отбасы тұрмыстық ортада жасалған қылмыстар (1- ден 0-ге) 100 пайызға төмендесе,

- қорқытып талап ету қылмыстары мен қарақшылық

-қылмыстары 0-ден 0-ге болып бір деңгейде қалып отыр.

Жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесіне қарамастан аудан көлемінде өсім алған қылмыстар;

- қылмыстың аса ауыр түрі (2-ден 3-ке) 50,0 пайызға

-топтасып жасалған қылмыстар (7-ден 18-ге) 157,1 пайызға

- бұзақылық (5-тен 7-ге) 40,0 пайызға

- зорлау (4-тен 8-ге) 100,0 пайызға

- бұрын сотты болғандармен (12-ден 53-ке) 341,7 пайызға,

- мал ұрлығы (52-ден 54-ке) 3,8 пайызға:

Қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында есепті мерзімде 6 рет жергілікті газетке мақала жарияланып, онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік», «Қоғамдық орынды ластаушы», «Тұрмыс», «Құқық тәртібі» қағидатын жүзеге асыру, отбасы тұрмыс саласында, жасөспірімдер қылмысының алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарға түсіндірмелер жүргізіліп, учаскелік полиция инспекторлары және ювеналдық полиция инспекторларымен орта оқу орындарында басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, алкоголизмнің, есірткі құмарлықтың, уытқұмарлықтың зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі бағытында аудан көлеміндегі 14 жастан жоғары жасөспірімдер арасында 23 рет құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек стөлдер өткізілді.

Сонымен бірге, әр аптаның сенбі жексенбі күндері аудандық білім бөлімінің кент орталығында орналасқан мектеп мұғалімдер мен бірлескен түнгі кезекшіліктер, рейдттер ұйымдастырылуда. Білім беру ұйымдарында ата-аналарына «кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдерді жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау және жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу бағытында, алаяқтыққа жол бермеу мақсатында» лекциялары оқылып жиналыстары өткізіліп, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне осы тақырыптар бойынша мақалалары жарияланған.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен суық қару тәрізді, үшкір өткір заттарды сақтап алып жүргендері үшін барлығы 11 дерегі анықталса, бөлімнің жол-патрульдік полиция тобымен 3, учаскелік полиция инспекторларымен 8 деректері анықталып заңға сәйкес шешім қабылданған.

ЖПҚ-нің қызметкерлерімен барлығы 1828 әкімшілік хаттаманың салынған айыппұлдар саны – 970, соммасы – 10 048 872,5 (10млн 48 мың 872) теңге. Өндірілген айыппұлдар саны – 592, соммасы – 5,145 121 (5млн 145мың 121) теңгені құрап, жыл басынан бері өндіру көрсеткіші–51,2% көрсетуде.

Анықталған құқық бұзушылықтарын талдап көрсететін болсақ:

- ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) 203, (2015 ж.-186),

- ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (қоғамдық орындарға масаң күйде жүру) 93 (2015ж. – 72)

- ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабымен (жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегу) 72 (2015 ж. – 62)

- ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуы) 1 (2015 ж- 0)

- ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабымен (алкоголь өнімін өткізу талаптарын бұзу) 6 (2015 ж -0)

- ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен (белгiленбеген орындарда сауда жасау) 69 (2015ж. - 61)

- ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) 273 (2015 ж -273)

- ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен (Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бұзу) 116 (2015 ж – 115)

- ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) 20 (2015ж-17)

- ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен (Тыныштықты бұзу) 54 (2015 ж – 53)

- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабынің 1 бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) 1 (2015 ж 0)

- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабынің 2 бөлігімен (жасөспірімдердің заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы) 78 (2015 ж – 75)

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстарының алдын-алу, оған жол бермеу мақсатында ІІО-ның профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын маскүнемдер саны 180, нашақорлар -8, бұрын сотты болғандар -18, формальді түрде қадағалауға жататындар 12, қоғамға қауіп төндіретін жүйке аурымен ауратындар -2, тұлға болса, олармен үнемі профилактикалық жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде маскүнемдер есебінде тұратын 180 тұлғаның ішінен еріксіз емдеу мекемесіне 2015 жылы 5 маскүнем жатқызылса, 2016 жылы 12 маскүнем аудандық сот арқылы жатқызылды. Сонымен қатар формальді түрде қадағалауға жататындар есебінде тұрған тұлғалар арасынан жүйелі түрде бір жыл көлемінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін бір тұлғаға Заңның «В» тармағымен әкімшілік қадағалау орнатылды.

Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері ағымдағы жыл басынан барлығы 29 қылмысты өз ынталарымен ашса, оның ішінде қылмыстық теріс қылық 27, оларды саралайтын болсақ:

Жол патрульдік полиция тобымен ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен 3 қылмыстық теріс қылық анықталып, сотқа дейінге тергеудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, аудандық сотқа жолданған.

Ювеналды полиция тобымен барлығы: 3 қылмыстық теріс қылықтары анықталып, оның 1-уі, ҚР ҚК-нің 140 бабы 1 бөлігімен сотқа дейінге тергеудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, аудандық сотқа жолданса, 2-і қылмыстық теріс қылықтары ҚР ҚК-нің 140 бабы 1 бөлігімен қысқартылған.

Учаскелік полиция инспекторлары тобымен барлығы: 19 қылмыстық теріс қылықтары анықталып, оның ҚР ҚК-нің 340 бабының 2 бөлігімен 9, ҚР ҚК-нің 187 бабының 1 бөлігімен 8, қылмыстық теріс қылықтары анықталып аудандық сотқа жолданған.

Табиғатты қорғау тобымен: барлығы: 2 қылмыстық теріс әрекеті анықталып, ҚР ҚК-нің 337 бабының 1 бөлігімен 1-і және ҚР ҚК-нің 340 бабының 1-бөлігімен 1 қылмыстық теріс қылықтары анықталып, қазіргі танда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Азаматтардан ішкі істер органдарында тіркелмеген, заңсыз сақтаудағы 9 (2015 ж -7) атыс қарулары анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, аудандық сот арқылы шаралар көрілсе, қарулары тәркеленді, тіркеудегі аңшы мылтықтарын сақтау және қайта тіркеу ережесін бұзғаны үшін 6 азаматқа хаттама толтырылса, оның 1-і қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін, 7-і қарудың қайта тіркеу ережесін бұзғаны үшін толтырылған.

Ювеналды полиция тобы саласы бойынша:

Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерімен бірлесіп, жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуда ескерту сақтандыру мақсатында біршама жұмыстар жүзеге асырылды.

Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу ескерту және сақтандыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 1/1 болып отыр.

2016 жылдың 8-айында АІІБ-нің ЮПт-ның қызметкерлерімен 95 (2015 -88) қоғамдық тәртіпті бұзушылық жасөспірімдер анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзушы жасөспірімдердің әр-қайсысына талдау жасайтын болсақ, маскүнемдікке қарсы заңды бұзған жасөспірім анықталған жоқ, ҚР ӘҚБтК-нің 437 бабы (азаматтардың қалыпты демалысы мен тынығуына кедергі келтіретін түнгі уақыттағы тыныштықтын) -0, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлігімен 77, (2015 -68) ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1 бөлігімен 1 (2015 -1), ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігімен 1 (2015 -0), ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабы 1 бөлігімен 1 (2015-0) жасөспірім анықталып олардың ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылып шаралары көрілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы бойынша 12 (2015-10) жасөспірім, ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабы 3 (2015 -7) құқық бұзушылық анықталса, 10 жасөспірімге ерекше талап қойылып, (2015 - 7) 11 жасөспірімнің үстінен қорғау нұсқамасы қойылған (2015- 8)

Сонымен қатар, ата-ананың қараусыз жүрген жасөспірім 10 (2015 - 6) жасөсіпірім анықталған.

Қазіргі уақытта 30 отбасы қолайсыз отбасы ретінде, 30 жасөспірім әкімшілік полиция бөлімшесінің ювеналды полиция тобында тізімдік, бақылау есебінде тұрады.

Орта оқу орындарында басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, алкоголизмнің, есірткі құмарлықтың, уытқұмарлықтың зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі т.б. «Құқық бұзушылық білместікпе, Жасөспірім Заң қауіпсіздік» тақырыптарда 15 рет әнгіме лекциялар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, кездесулер т.б. жұмыстар жүргізілсе, учаскелік полиция инспекторларымен «Жасөспірім Заң қауіпсіздік» тақырыбында 28 лекциялары өткізілген.

Осылайша мектеп оқушылары арасында сауалнамалар жүргізіліп, біршама жұмыстар атқарылды.

«Мектепке жол» акциясы аясында Жалағаш ауданы № 246 мектептің 7 сынып оқушысы Ұлтан Жарқынбекке аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан көмек көрсетілді.

ҚР ҚҚ-нің 140 бабы бойынша 8 айында 6 (2015 - 1) қылмыстық теріс қылықтары анықталып, оның біреуі аудандық соттан өтті.

Табиғатты қорғау тобымен жыл басынан 60 (алпыс) құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 10-азаматқа заңсыз ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін 3 азаматқа заңсыз аң аулаған үшін қылмыстық іс қозғалған, ҚР-ның ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігімен 30-азаматқа (былтыр-29) әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалса, /Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу/ ҚР-ның ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен 17-азаматқа (былтыр-12) әкімшілік хаттама толтырылып 360570 теңге айыппұл салынып салынған айыппұл толығымен өндірілді /Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық/

Жол-патрульдік полиция саласы бойынша: 519 құқық бұзушылық анықталса, оның

Қауіпсіздік белдігін тақпай көлік құралын басқарушылармен (593 б) –223 (2015ж – 221),

Ұялы телефонмен сөйлесіп көлік құралын басқарушылармен (591 б) – 92 (2015ж – 102),

Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамай, көлік құралын басқарушылармен (602 б)– 30 (2015ж – 12),

Көлiк құралына көрнеу жалған мемлекеттік белгі орнатқан (590,3) – 1 (2015ж – 0),

Қоғамдық орында, яғни кент орталығындағы автовокзал маңында такси қызметін көрсетушілері тиісіп мазалап өтініш білдіргені үшін 14 (2015ж -14) такси жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабымен шара көрілді.

Жаяу жүргіншілермен (615 б) 26, (2015ж – 8), әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заңға сәйкес шаралар көрілсе, 32 азаматқа ескерту жасалды.

Көлік құралын еш құжаты жоқ күйінде басқарған 71 құқық бұзушы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабына сәйкес хаттама рәсімделді.

Мас күйінде көлік құралын басқару бойынша (2015/28), ағымдағы жылы 30 жүргізуші анықталып, оларға әкімшілік іс-құжаттар дайындалып, аудандық сотқа жолданды.

Сонымен қатар құжатсыз автокөліктерін, немесе алкогольдік ішімдіктерін ішкен күйде көлік құралдарын басқарғандары үшін және тағы басқа да жол көлік оқиғаларын жасағаны үшін арнайы айыппұл автотұрағына 73 автокөлік қойылса, оның 41-і еш құжатсыз басқарғандары үшін, 23-і автокөлікті масаң күйінде басқарғандары үшін және 9-і жол көлік оқиғаларын жасағаны үшін қойылған.

Ағымдағы жыл басынан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан көлемінде ОІІД-нің нұсқауымен «Құқықтық тәртібі», «Қауіпсіз жол», «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!», іс-шаралары өткізілді.

2016 жылдың 8 айда аудан көлемінде тіркелген жол-көлік оқиғалары бойынша: былтырғы жылмен салыстырғанда, жол көлік оқиғалары – 15, (2015-4), жарақат алғандар саны – 23, (2015-9), болса, қаза тапқандар – 6, (2015-0).

Жол белгілері бойынша:

2015 жылы аудан бюджетінен қаралған 997,9 мың теңгеге кенттегі 87 орынға әр түрлі нысандағы жол белгілері орнатылды.

889,0 мың теңгеге “Төрешқұдық” шекара заставасына ақпараттық жол белгілері орнатылып берілді.

Сол сияқты, 177,0 мың теңгеге 436 метр болатын жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолдарына арналған жолақ сызықтар сызылды.

2016 жылы аудан бюджетінен 1206,0 мың теңге қаралып, қаралған қаржыға сәйкес Жалағаш кенті орталығындағы қажет ететін көше бойларына және Жалағаш кенті мен Ақсу, Мәдениет, Шаменов ауылдарындағы білім беру ұйымдарының (мектеп, балабақша) алдына, көше бойларына тиісті қажетті 133 дана жол белгілері орнатылды және 210,0 мың теңгеге жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолдарына арналған жолақ сызықтар сызылды.

Сондай-ақ, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бағытанда республикалық (1133,0) және облыстық (755,0) бюджеттерден қаралған барлығы 1888,0 мың теңгеге Жалағаш кентіндегі Бұқарбай батыр-Н.Алмағанбетов көшелерінің қиылысына тиісті сілтегіштер мен дыбыстық қондырғылар (звуковой светофор) орнату жұмыстары жоспарланып (қазан айының 30-на дейін) отыр.


Жалағаш   аудандық   ішкі   істер   бөлімінің Жергілікті    полиция   қызметінің  бастығы А.  Ералиевтың 2016  жылдың  6-ай 20 күнінде аудан әкімі мен мәслихат депутаттары алдында атқарылған жұмыстары жәйлы есебі

         Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен аудан көлемінде Қазақстан Республикасының заңдарын, ІІМ-нің және ОІІД-нің бұйрықтарымен нұсқауларын басшылыққа ала отырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуда, қылмысқа қарсы күресте, азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғауда біршама профилактикалық жұмыстарды жүзеге асырылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 6 айында аудан көлемінде тіркелген қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 170 тен 150-ге, яғни -11,8 пайызға төмендеген. 

  - қылмыстың ауыр түрі   (7-ден  2-ге)    -71,4 пайызға 

  - ауыр дене жарақатын салу (3-ден -0-ге)  - 100,0 пайызға

  - тонау қылмысы  (2-ден 0-ге)   -100,0 пайызға

  - алаяқтық  қылмыстары (9-дан 3-ке)  -66,7 пайызға  

  - оның ішінде, пәтер ұрлығы (15-ден  9-ға) -40,0 пайызға

  - қоғамдық орында жасалған қылмыстар  (22-ден  13-ге)  -40,9 

  пайызға

   - көше қылмыстары  (14-тен 11-ға ) -21,4 пайызға 

   - мас күйінде жасалған қылмыстар  (13-ден  3-ке)  - 76,9    

  пайызға  төмендесе,

  - қорқытып талап ету қылмыстары мен қарақшылық  

  қылмыстарына  0-ден 0-ге ,

  - отбасы тұрмыстық ортада жасалған қылмыстар (0- ден 0-ге),

болып бір деңгейде қалып отыр.

       Жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесіне қарамастан аудан көлемінде

  - қылмыстың аса ауыр түрі   (0-ден 1-ге) +100 пайызға

  - жасөспірімдермен жасалған қылмыс (2-ден 1-ге) 100   

  пайызға

  -топтасып жасалған қылмыстар (5-тен 14-ке) +180,0  

  пайызға

  - бұзақылық (1-ден 5-ке)  +400 пайызға

  - зорлау  (3-тен 6-ға)  +200,0 пайызға 

  - бұрын сотты болғандармен (4-тен 34-ке)  750,0 пайызға,

  -  бөтен мүлік ұрлығы (92-ден  94-ке)  -2,2 пайызға

  - оның ішінде;  мал ұрлығы (41-ден 55-ке)  +34,1 пайызға

  өсім алған.

2016 жылдың 6 айында орын алған барлық қылмыстары бойынша талдаулар жасалып, қылмыстың орын алу себеп-салдары анықталып, алдағы уақытта аталған қылмыстардың алдын алу барысында нақты іс шаралар қабылданып жүзеге асырылып келеді.

 Талдау көрсеткендей, ауданда орын алған қылмыстардың 34,1 пайызын бөтен мүлік ұрлықтары қылмысын құрайды.

 Оның ішінде басым бөлігі мал ұрлығы, бұл маусымдық қылмыстар қатарына жатады.

Ауданда 85 805 мал басы тіркеуге алынған,

- оның ішінде жылқы – 6221 бас,

- ірі қара – 27640 бас,

- түйе - 356

- уақ мал – 51588 бас. 

        Бұл бағытта Қызылорда облысы әкімінің № 282-Ө өкімімен бекітілген ауылшаруашылығы жануарларын ұрлауға қарсы іс-қимыл жол картасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шара жоспарының тармақтарын және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде яғни, ауылшаруашылық жануарларын бей-берекет, қараусыз жайылымға жіберу мал ұрлығының орын алуына ықпал ететіндігін, осы бағытта,  аудандық ішкі істер бөлімінің тәжірибелі  қызметкерлерінен  мал ұрлығының алдын алуға бағытталған  тұрақты 4 топ, пәтер ұрлығының алдын алу және ашуға бағытталған 1 топ құрылып, жыл басынан бері 5 рет қысқа мерзімді   және  ұзақ мерзімді  3 рет  рейдтік іс-шаралар  ұйымдастырылып жоспарлы жолға қойылған.

Талдау барысында мал ұрлығының 55 дерегі аудан тұрғындарымен малдарын кезекпен бақпай, пада ұйымдастырмау салдарынан орын алғандығы анықталған.

Бұл салада аудан көлеміндегі ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер өткізіліп,  2015-2017 жылдарға арналған бөтен мүлік ұрлығының алдын алуға бағытталған бағдарламасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

        Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстарға тоқталсақ; Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар, олардың  өсім алу салдарының бірі,  бұрын сотты болғандардың мерзімі талаптамада көрсетілмейтін, сол себепті ол қылмыстық іс бойынша сотталған болып есептелмейтін, қазіргі таңда 2016 жылдың басынан бері соттылық жөнінде мерзімі аяқталғанымен, талаптамада көрсетіліп қылмыстық  істер бойынша бұрын сотты болып есептелуде, сол себепті бұрын сотты болғандармен өсім алуда.

        Қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында есепті мерзімде 3 рет жергілікті газетке мақала жарияланып, онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру, жасөспірімдер қылмысының алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарға түсіндірмелер жүргізіліп, учаскелік полиция инспекторлары және ювеналдық полиция инспекторларымен орта оқу орындарында басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе  отырып, алкоголизмнің, есірткі  құмарлықтың, уытқұмарлықтың  зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері, жасөспірімдердің  заң алдындағы жауапкершілігі бағытында аудан көлеміндегі 14 жастан жоғары жасөспірімдер арасында 23 рет құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек стөлдер өткізілді.

     Сонымен қатар, бөлімнің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен суық қару тәрізді, үшкір өткір заттарды сақтап алып жүргендері үшін барлығы 9 дерегі анықталса, бөлімнің жол-патрульдік полиция тобымен 2, учаскелік полиция инспекторларымен 6 деректері анықталып заңға сәйкес шешім қабылданды.                     

     Анықталған құқық бұзушылықтарға тоқталсақ: ЖПҚ-нің қызметкерлерімен барлығы 1391 (2015 жылы 1210) әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, барлық салынған айыппұл соммасы 7 100 682 тенгені құрап, оның ішінде өндірілгені 3 283 923 тенге, өндірілмегені, 4 416 769 тенге яғни, өндіру көрсеткіші 46,2 пайызды құрап отыр.

       Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі құқық  бұзушылыққа  «Мүлдем  төзбеушілік» қағидатын  жүзеге  асыру бағытында  анықталған құқық бұзушылықтар 928 (2015 – 766) әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жасалған жұмыстарға  шолу жасап,  өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш  +7,2 пайызға  артқан.

        Жалпы «Мүлдем төзбеушілік» қағидатымен салынған айппұлдарға тоқталсақ, 3 193 165 теңге салынып, оның 1 121 307 тенгесі өндіріліп 35,1 пайызын құрауда.

         оның ішінде; сот арқылы қоғамдық орындарды ластағаны үшін 116 адамға, (2015 жылы 98) әкімшілік шара көріліп, оларға 1 172 913 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 450 534 теңгесі, яғни  38,4 пайызы өндірілген.

            Учаскелік полиция инспекторлары тобымен барлығы:  18 қылмыстық теріс қылықтары анықталып, оның ҚР ҚК-нің 340 бабының 2 бөлігімен 10, ҚР ҚК-нің 187 бабының 1 бөлігімен  6, ҚР ҚҚ-нің 140 бабы 1 бөлігімен 1, ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен 1 қылмыстық теріс қылықтары анықталып аудандық прокуратураға  жолданған.

       Азаматтардан ішкі істер органдарында тіркелмеген, заңсыз сақтаудағы 8 (2015 ж -7) атыс қарулары анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, аудандық сот арқылы шаралар көрілсе, қарулары тәркеленді, тіркеудегі аңшы мылтықтарын сақтау және қайта тіркеу ережесін бұзғаны үшін 6 азаматқа хаттама толтырылса, оның 1-і қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін, 5-і қарудың қайта тіркеу ережесін бұзғаны үшін толтырылған.  

      Бөлімнің Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен аудан көлемінде барлық білім беру ұйымдарында  оқитын оқушылармен, олардың ата-аналарының қатысуымен «кәмелетке толмаған оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдерді жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау және жыныстық қол сұғылмаушылықтың, алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында, жазғы мезгілде оқушыларға қатысты орын алатын төтенше оқиғалардың алдын алу бағытында» лекциялары оқылып жиналыстар өткізілді. 

 Ювеналды полиция тобы саласы бойынша:

 Ювеналды полиция тобы  инспекторлары  және бөлімнің басқа сала қызметкерлерімен бірлесіп жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу ескерту және жолын кесу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылдың   6-айында  ЮПт-ның қызметкерлерімен жасөспірімдерге қатысты 82 (2015 -45)  құқық  бұзушылық  деректері  анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзушы жасөспірімдердің әр-қайсысына талдау жасайтын болсақ,

ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы бойынша  12 (2015-3) жасөспірім,

ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабы 4 (2015 -0) құқық бұзушылық анықталса, 8 жасөспірімге сот құзырымен мінез-құлқтарына ерекше талаптары қойылған  (2015 - 5). 

       ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабымен (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын –сауық  мекемелерінде  болуы) (2015ж – 0) ағымдағы жылы 1  дерегі анықталып, Қызылорда облыстық ювеналды сотымен 45 айлық есептік көрсеткіш яғни, 95 445 (тоқсан бес мың төрт жүз қырық бес) тенге көлемінде айыппұл салынды.

   ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабымен та-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) (2015ж - 0) ағымдағы жылы 1 дерегі анықталып, аудандық сот қаулысымен жасөспірімнің ата-анасына 7 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде яғни,  14 847 теңге көлемінде айыппұл салынды.

       Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 200  бабымен 2 әкімшілік құқық бұзушылықтары  (жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізгені үшін) анықталып, әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданып,  сот  қаулысымен әр қайсына 10 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде яғни,  21 210 (жиырма бір мың екі жүз он) теңге көлемінде айыппұл салынды.

ҚР ӘҚБтК-нің 826 бабына сәйкес, анықталған әрбір құқық бұзушылықтарға байланысты, алдағы уақытта қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алып оларды болдырмау мақсатында мектеп ұжымдарына  ұсынымхаттар  жолдануда.  

      Жыл басынан Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына кәмелетке толмаған жасөспірімдердің панасыз, қадағалаусыз, еш құжатсыз ата-анасының немесе ересек адамның бақылауынсыз жүрген үшін   3  (былтыр-5) жасөспірім анықталып орналастырылды.    Қазіргі уақытта 30 адам қолайсыз отбасы ретінде бөлімде есепте тұрса, олардың барлығы аудандық емханада «маскүнем» ретінде есепте тұратын адамдар.  Осы аталған қолайсыз отбасылардың балаларын бөлімнің БДБ-ға  (біріктірілген деректер базасына)  «жайсыз отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандар» ретінде тіркеуге алып, жасөспірімдердің  қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу бағытында үнемі бақылауға алынып,  жұмыстар жүргізіліп отыр.

Аудандық білім бөлімімен, денсаулық сақтау бөлімімен бірлескен іс-жоспарды жүзеге асыру барысында  аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі тобы, аудандық прокуратурамен, «Нұр отан»  партиясының, білім бөлімімен, кент орталығындағы мектеп мұғалімдерімен, аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен  бірлесіп, кент орталығында орналасқан кафе-барлар мен демалыс парктеріне  рейдтік  шаралары   жүргізілуде, сонымен қатар иманқұл мешітінің бас имамымен, аудандық емхананың  психологтарымен  бірлесіп  кент орталығындағы мектептерге жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, бопсалау және дінге байланысты   түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Қызылорда ОІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы  күрес басқармасының қызметкерлерімен  бірлесіп кент орталығында орналасқан №31,246,201,123,202 мектептерінде «Нашақорлыққа жол жоқ» атты ақция барысында спорттық  шаралар, дөңгелек  столдар, семинар  тренингтер  өткізіліп  тұруда.

Сонымен бірге, әр аптаның сенбі жексенбі күндері аудандық білім бөлімінің кент орталығында орналасқан мектеп мұғалімдер мен бірлескен түнгі кезекшіліктер, рейдттер ұйымдастырылуда. Білім беру ұйымдарында  ата-аналарына «кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдерді жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау және жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу бағытында, алаяқтыққа жол бермеу мақсатында» лекциялары оқылып жиналыстары өткізіліп, Жалағаш жаршысы газетіне осы тақырыптар бойынша мақалалары  жарияланған.

            Табиғатты қорғау тобымен

         Бөлімінің қызметкерлерімен жыл басынан 40  (қырық) әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, қылмыстық теріс қылықтарын жасағаны барлығы 11, оның талдап көрсететін болсақ  8-азаматқа заңсыз ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін, 3 азаматқа заңсыз аң аулаған үшін қылмыстық іс қозғалған, сонымен қатар 26-азаматқа ҚР-ның ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігімен (былтыр-23) әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалса, /Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу/  ҚР-ның ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен 3-азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды /Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық/

Жол-патрульдік полиция саласы бойынша:

          Ағымдағы жылдың 6 айында  жалпы: 463 құқық бұзушылық анықталса, оның

Қауіпсіздік белдігін тақпай көлік құралын басқарушылармен (593 б) – 137 (2015ж – 170),

Ұялы телефонмен сөйлесіп көлік құралын басқарушылармен (591 б) – 80 (2015ж – 80),

          Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамай, көлік құралын басқарушылармен (602 б)– 28 (2015ж – 23),

Көлiк құралына көрнеу жалған мемлекеттік белгі орнатқан (590,3) – 1 (2015ж – 0),

     Қоғамдық орында, яғни кент орталығындағы автовокзал маңында такси қызметін көрсетушілері тиісіп мазалап өтініш білдіргені үшін  14  (2015ж -8) такси жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабымен шара көрілді.

          Жаяу жүргіншілермен (615 б) 25 (2015ж – 7), әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заңға сәйкес шаралар көрілсе, 32 азаматқа ескерту жасалды.

          Көлік құралын еш құжаты жоқ күйінде  басқарған 41 құқық бұзушы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабына сәйкес хаттама рәсімделді.

          Мас күйінде көлік құралын басқару бойынша  (2015/19), ағымдағы жылы 20 жүргізуші анықталып, оларға әкімшілік іс-құжаттар дайындалып, аудандық сотқа жолданды.

        Ағымдағы жыл басынан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының, құқық бұзушылықтардың  алдын алу мақсатында аудан көлемінде ОІІД-нің нұсқауымен «Құқықтық тәртібі», «Қауіпсіз жол», «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!», іс-шаралары өткізілді. 

 2016 жылдың 5 айда  аудан көлемінде тіркелген жол-көлік оқиғалары бойынша: былтырғы жылмен салыстырғанда, жол көлік оқиғалары – 7, жарақат алғандар саны – 9 болса, қаза тапқандар – 4.

Орын алған жол-көлік оқиғалары

2015 ж.-4ай

2016 ж.- 5ай

4

7

оның ішінде

қаза тапқандар

2

4

жарақат алғандар

9

9

Мас күйінде к.қ. басқарғандар

13

16

      

      







ЖалЖалағаш АІІБ-нің ЖПҚ-нің бастығы  полиция майоры                                                    А.Ералиев


 



2015 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша Жалағаш аудандағы қылмыстылықтың ахуалы туралы

Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында бөлімнің әкімшілік полиция бөлімшесі аудандық ішкі саясат бөлімімен, үкіметтік емес ұйымдармен, аудандық білім бөлімімен, «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп аудан орталығындағы оқушылар үйінде тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» кең көлемді акциясы ұйымдастырылып, халық арасында, оқушылар, ата-аналар қауымы арасында заң жүзінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық тақырыпта лекциялар оқылды. Іс-шара барысында «Мүлдем төзбеушілік» қағидатында аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне мақала жарияланып, жарық көрілді. Аудан көлемінде кәмелетке толмағандар арасында ұсақ құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептермен жағдайларды жою бойынша анықталған 76 дерегі бойынша оқу орындарына ұсынымхаттар жолданылып, Заңда көрсетілген 1 (бір) ай мерзімде қаралып, педогогикалық жұмыскерлер мен оқушылардың қатысуымен үнемі рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар аудан көлеміндегі оқу орындарында құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған сынып сағаттарын, әңгімелесулер, кездесулер, «дөңгелек үстелдер» өткізіліп, құқықтық тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттамаланды.

Тәртіпсіздікпен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру бойынша халық арасында бір уақытта түсіндірме жұмысын жүргізе отырып, сондай-ақ қоғамдық орындарда азаматтардың жүріп-тұру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы буклеттер таратылып, іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар аудан сотының төрағасына анықталып, жолданған құқық бұзушылықтар бойынша көшпелі көрнекті сот отырыстарын өткізу жөнінде ұсыныстар жолданды.

Кент орталығында патрульді бекет нарядтарының бөлінген бағыттарында жастармен жасөспірімдердің қандай да болмасын топтарының шоғырланып, көзге түсіп, топтасып төбелесуге бейімділігі байқалатын жағдайды анықтау, ыдырату мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Аудан орталығы мектептерге бөлінген мектеп инспекторлары оқу орындарымен бірлескен жоспары құрып, олармен тығыз байланысты мектеп оқушыларының конституциялық құқығын қорғау, олардың сыртқа қоғамға жат қылықтармен айналысатын топтармен байланысын болдырмау, алдын алу барысында ерекше көңіл бөліп, жұмыстар атқаруда.

Ағымдағы жылдың маусым айында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану барысында аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясымен, білім бөлімімен бірлесіп аптаның жұма күндері аудан орталығында орналасқан орталық стадионда әртүрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналды полиция тобының есебінде тұратын жасөспірімдер тартылды.

Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясымен, білім бөлімімен, аудандық прокуратура қызметкерлерімен, жастарды қолдау орталығымен, «Темірқазық» жастар орталығымен, аудандық «Жалағаш жаршысы» редакциясының қызметкерлерімен аптаның әр сенбі, жексенбі күндері кент орталығында кафе-барлармен ойын-сауық орындарын аралап, 128 рет рейдтер жүргізілді.

Аудан көлемінде аудан әкімдгімен Жалағаш АІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесімен 2015 жылдың 01 мамыр 30 маусым аралығында аудан көлемінде «Үлгілі аула» атты конкурсы өткізілілді.

Конкурстың басты мақсаты – аудан төңірегінің санитариялық-тазалық деңгейін көтеру, бұл оңды шараға тұрғындарды кеңінен тарту, тұрғындардың, мекеме-ұжымдардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ салу, қолдау көрсету. Іс шара аяғында «Үлгілі аула» жеңімпаздары аудан әкімшілігімен, аудандық ішкі істер бөлім бастығының құзырымен марапатталды.

Елбасымыз “Қазақстан-2050” Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында “Біз ең ұсақ құқық бұзушылық, бұзақылық, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам ты-ныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді, тәртіпсіздікпен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам”- деп атап өтті.

Осыған орай, Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” қағидатын қалыптастыру жөніндегі Жалағаш ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы №5 өкімімен бекітілген іс шара жоспарын орындау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын-алу мақсатында аудан көлемінде біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, аудандық ішкі істер бөлімімен белгіленбеген орындарда сауда жасау және кент орталығын көріктендіру ережелерін бұзуға жол бермеу, түнгі тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ету, ұсақ бұзақылық-тардың, оның ішінде ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластаудың, белгі-ленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығарудың алдын-алу бағы-тында «Тазалық апталығы» профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне 14.02.2015 жылғы №13 санында «Жасөспірімдердің құқығы мен тәртібі», «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік- әрбір адамның азаматтық борышы», сонымен қатар ағымдағы жылдың сәуір айының 1-10 күндері аралығында ОІІД-нің нұсқаулығына сәйкес аудан көлемінде «Жасөспірім» жедел іс-шарасы өткізілуіне сәйкес «Жасөспірім іс-шарасы» атты мақала беріліп, газет бетіне жарық көрілді.

Кент орталығында патрульді бекет нарядтарының бөлінген бағыттарында жастармен жасөспірімдердің қандай да болмасын топтарының шоғырланып, көзге түсіп, топтасып төбелесуге бейімділігі байқалатын жағдайды анықтау, ыдырату мақсатында жұмыстар атқарылуда, алайда аудан көлемінде ондай келеңсіз оқиғаларға жол берілген жоқ.

Сонымен бірге аудан орталығы мектептерге бөлінген мектеп инспекторлары оқу орындарымен бірлескен жоспары құрып, олармен тығыз байланысты мектеп оқушыларының конституциялық құқығын қорғау, олардың сыртқа қоғамға жат қылықтармен айналысатын топтармен байланысын болдырмау, алдын алу барысында барысында ерекше көңіл бөліп, жұмыстар атқарылуда.

Орта оқу орындарында басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, алкоголизмнің, есірткі құмарлықтың, уытқұмарлықтың зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі т.б. тақырыптарда әнгіме лекциялар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, кездесулер т.б. жұмыстар жүргізілді.

Осылайша мектеп оқушылары арасында сауалнамалар жүргізіліп, біршама жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішіп, қо-ғамдық орындарда темекі шегуіне жол бермеу, кәмелетке толмағандардың тұрғын үй-жайдан тыс жерде болуын анықтап, шара көру жұмыстары жүргізілді. “Нұр Отан” ХДП-ның Жалағаш аудандық филиалымен, аудандық прокуратура, аудндық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, аудан көлемінде “Заңсыздыққа төзбеймін” атты акция өткізілді.

Аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналды топ қызметкерлері, білім бөлімінің инспекторлары, және “Нұр Отан” ХДП-ның Жалағаш аудандық филиалының инспекторымен бірлесе отырып көңіл көтеретін орындарда және кәмелетке толмағандар болатын өзге де орындарға рейдтер өткізілді.

Тұрғындардың түнгі мезгілде қауіпсіз жүріп тұруын қамтамасыз ету мақсатында кент орталығында 18 көше жарықтандырылған.

Халық көп шоғырланатын жерлерде құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу мақсатында бейне бақылау камералар орнату жұмыстарына ұсыныстар берілдіп, қазіргі таңда орнатылып, жұмыс жасалуда.

Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында құқық қорғау органдарына ұсақ, майда құқық бұзушылыққа төзімділік танытпау, яғни мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанып, осыған қатаң шара қабылдау тапсырылған. Осыған байланысты қазіргі таңда, аудандық ішкі істер бөлімімен 2015 жылдың 8 айының қорытындысымен тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

Осы бағытта аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен ағымдағы жылдың 8 айында «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында аудандық ішкі істер бөлімінің УПИ –мен ағымдағы жылдың 8 айында барлығы 1168 (2014 жылы -855) әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш +73,2 пайызға артқан, оларға жалпы құны 2 529 032 теңге айыппұл салынып, оның 1 406 228 теңгесі өндіріліп 55,6 пайызды құраған.

Есепті мерзімде Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен барлығы 2859 (былтыр-2974) құқық бұзушылар анықталып, 1187 (былтыр-1700) құқық бұзушыға 18 548 349 (былтыр-15 595 514) теңге көлемінде айыппұл салынып, 1353 (былтыр-1558) құқық бұзушыдан 10 482 798 (былтыр-14 251 336) теңге өндірілген

Алдағы уақытта учаскелік полиция инспекторларының профилактика-лық бағыттағы жұмыстың пәрменділігін арттыру мақсатында әрбір кемшіліктерді учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе талқылап, кемшіліктерді жою бағытында шаралар қабылданатын болады.

Аудан көлемінде қылмыстың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқан азаматтарды марапаттау жайлы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы №1243 Қаулысына және №641-2004 жылғы Заңының талаптарына сай, аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға және қылмыстың алдын алуға, ашуға және заң бұзушылықтарға жол бермеуге өз үлестерін қосқан азаматтарды марапттау жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.







Кіру