Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Құқық Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында аудан әкімдігімен қабылданған шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында аудан әкімдігімен қабылданған шаралар туралы

 

Жалағаш ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы

 

Жалағаш ауданы әкімдігі және тиісті құзырлы органдармен бірлесіп "Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысын іске асыру мақсатында Жалағаш ауданыны бойынша іс-шара жоспары  бекітіліп біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, аудан көлемінде 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 47 семинарлар, 29 дөңгелек үстелдер, 7 кездесулер, 26 отырыстар барлығы 109 шара өткізілген.

“Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Мемлекеттік сатып туралы” Заңдарының талаптарының орындалуына және құқық бұзушылықтың алдын алу қызметкерлердің құқықтық сауаттылыңын арттыру мақсатында құзырлы органдарды қатыстырып семинар дөңгелек үстелдер өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 2017 жылы 31 мақала жарияланды.

 Жалағаш кентіндегі көшелерде, кент ауылдық округінде және Халыққа Қызмет Көрсету орталығы Жалағаш бөлімінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтар мен кернеулер орналастырылған. (кент ауылдық округтерде 11 билборд, 2 кернеу барлығы 13)

 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылған. Орнатылған жәшіктерге мекемеде арыз-шағымдармен жұмыс жасайтын жауапты қызметкерлер бекітіліп, күнделікті қадағаланып отырылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталып өткен мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланған.

Сонымен қатар, азаматтардың арыз-өтініштері бойынша жолданатын жауап хаттардың, анықтамалардың және өзге де ақпаратты тарату материалдардың артқы беттеріне мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының талаптарының бұзылуы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефоны көрсетілген хабарламалар жазып жолданып ортырады.

Ақпараттық жүйелердің қолданылуына, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамалары бойынша қызметкерлерге тиісті дәрістер  тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді және осы бағытта сынақ қабылдау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі. 09.05.2016 жылы “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” тақырыпта  кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдердің жауапты қызметкерлерін қатыстыра отырып семинар-кеңес өткізілді. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар жалғасын табады.

Аудан бойынша арыз-шағымдардың тіркелуі мен қаралу мерзімдерінің қолданыстағы заңнамалық актілердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кент, ауылдық округі әкімдерімен және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына өтініштермен жұмыстың жай-күйіне тоқсан сайын талдау жүргізу үшін Жалағаш ауданы әкімінің 2015 жылғы 18 наурыздағы іс-шара жоспары бекітіліп тиісті тапсырмалар беріліп, қадағаланып отыр.

Аудан әкімі аппаратында бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Қабылдау кестесі қолжетімді жерге ілініп, бұқаралық ақпарат кұралдарында жарияланған.

Қабылдау барысында азаматтарға толық ақпарат және заңға сәйкес түсініктеме беріледі.

Жалағаш ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясы 2010 жылдың 7 желтоқсанында Жалағаш ауданы әкімдігінің №423 қаулысымен құрылып комиссияның отырысы тоқсан сайын тұрақты түрде өткізілуде. (2017 жылы 3 рет 2016 жылы 4 рет өткізілген)

Жалағаш ауданы әкімдігінің «Жалағаш ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ТАЛДАУ жұмыстары жүргізілді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, жалпы сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі 2015 жылы орын алған, ал 2016 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар төмендеген. 2015 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беретін құқық бұзушылықтар үшін аудандық прокуратураның ұсынысымен 3 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылса, 2016 жылы мемлекеттік қызметшілердің арасында «мемлекеттік қызметке кір келтіретін» құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

       Білім бөлімі және бөлімге қарасты білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында  2016-2017 жылдарында мектеп оқушыларының ата-аналарынан, мектеп ұстаздарынан ақша жинамау туралы білім бөлімінің арнайы бұйрығы бекітіліп, білім беру мекемелерінің басшыларына таныстырылды. Сонымен қатар іс-шара жоспарының арнайы бекітілген тармақтары бойынша оқушылар арасында, білім бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруы бойынша семинар кеңестер өткізіліп, видеороликтер көрсетілді.

Сонымен қатар жиналыс барысында  тиісті мектеп қызметкерлері  немесе басқа да тұлғалардан пара ретінде ұсынылатын ақшаны, сыйлықты алмау және заңдылықтарға сәйкес алынған сыйлықтарды өткізу туралы және, білім бөлімінің қызметкерлеріне жұмыстағы іскерлігінен бөлек, оның қоғамдағы, тұрмыстағы күнделікті жүріс-тұрысына қадағалау, күнделікті тұрмыста өзін-өзі ұстауы, халық арасында орынсыз сынға ұшырамауы туралы қатаң түрде тапсырылды.

Қазіргі уақытта  білім саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер арнайы бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес рәсімделуде. Іс-шара жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, білім беру ұйымдарына таныстырылды. Сонымен қатар қаңтар-ақпан айларында білім беру ұйымдарында 2016-2017 оқу жылдарында оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін және мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында іс-шара жоспарлары бекітіліп, ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Атап айтар болсақ, №202 орта мектепте мектеп әкімшігі тарапынан сыбайлас жемқорлық   ұғымын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу фактілерін болдырмау мақсатында “Біз мемлекетті қорғаймыз”, “Адам құқығы-ата-бабалар өсиетті” тақырыптарында семинар кеңестер өткізілді. Білім беру ұйымдарында материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз етуге қатысты және де басқа да түрлі себептермен педагог және оқушылар мен ата-аналардан қаржы жинауды болдырмау аясында мектеп басшылығы тарапынан арнайы хаттамаланып, таныстырылды. Білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында азаматтылыққа, отансүйгештікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгештікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында үнемі жаңартылып тұратын “Парасатты азамат” бұрышы жасалды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру  мақсатында барлық мектептерде  2016-2017 оқу жылынан бастап “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубы жұмыс жасауда. Бұл мектеп клубына аудан бойынша 239 мүше қабылданған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында “Адал ұрпақ” мектеп клубы мүшелерінің   ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес тәрбие сағаттары, танымдық шаралар өткізілуде. Ақпан айында аудандық деңгейде “Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам-жарқын болашақ кепілі” атты эссе байқауы, сурет-шығарма конкурстары, флешмоб байқаулары өткізілді.

 

 

Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі








Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданының іс-шаралар ЖОСПАРЫ

 

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Интернет-ресурстарға ақпараттар енгізу

Жалағаш ауданы әкімінің аппараты (жинақтау), Жалағаш аудандық Ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), Кент, ауылдық округі әкімдері

2015-2017 жылдар

4-тоқсан

2.

Кәсіпкерлерге жануарлардан алынған өнімдердің (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, сондай-ақ, ара шаруашылығының өнімдері) қауіпсіздігін растайтын құжатты (өнімнің түрін, санын, иесінің Т.А.Ә, межелі обьектісін көрсете отырып, сараптама актісінің телнұсқасы) базарларда жұмыс істейтін ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханаларынан тікелей алуға мүмкіндік беру арқылы жеке және коммуналдық базарлардың қызметіндегі әкімшілік кедергілерді алып тастау.

Шаралар қабылдау

Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі (жинақтау), Жалағаш аудандық ауылшаруашылық бөлімі, Жалағаш аудандық тұтынушыларын қорғау басқармасы (келісім бойынша), Жалағаш аудандық ветеринариялық қадағалау басқармасы, Кент, ауылдық округі әкімдері

2016 жылғы 4-тоқсан

3.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету

Ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастыру

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдары бөлімі (жинақтау), Жалағаш аудандық қаржы бөлімі

 

4.

Далалық жұмыстарды жүргізу үшін жанар-жағармай материалдарды жеткізудің бірыңғай операторын айқындау

Шаралар қабылдау

Жалағаш аудандық ауылшаруашылық бөлімі (жинақтау), Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдары бөлімі, Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі, Кент, ауылдық округ әкімдері

Жыл сайын

5.

Далалық жұмыстарды жүргізу үшін жанар-жағармай материалдары көлемдерін айқындау және бөлу

Жанар-жағармай материалдарын жеткізу және көлемін бөлу кестесі

Жалағаш аудандық ауылшаруашылық бөлімі (жинақтау), Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдары бөлімі, Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі, Кент, ауылдық округ әкімдері

Жыл сайын

6.

Кондоминиум обьектісіне қызмет көрсететін ұйымдардың халық қаражатын жұмсау тәртібін регламенттеу

бұйрық

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдары бөлімі(жинақтау), Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

2015 жыл

7.

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеу

Жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша, жинақтау), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен Кент, ауылдық округі әкімдері

тұрақты

8.

Жастар ұйымдарын тарта және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

Жұмыс жоспары, оқу бағдарламалары

Жалағаш аудандық білім бөлімі (жинақтау), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша), Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі, Кент, ауылдық округі әкімдері, “Нұр-Отан партиясы” (келісім бойынша), үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша)

Жыл сайын

9.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын  халықаралық ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу

Тиісті ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша, жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, кент, ауылдық округі әкімдері, “Нұр-Отан партиясы” (келісім бойынша), үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша)

тұрақты

10.

Тұрғындар тарапынан сыртқы бағалау және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жарияланымдар

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей

11.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-та орналастыру

есеп

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей

12.

Сауда базарларын заманауи форматқа кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі мәселені пысықтау

ақпарат

Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі (жинақтау), Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі,

2015 жыл

13.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында БАҚ арқылы материалдар (айдарлар, теледидар бағдарламалары, радиохабарламалар, бейне роликтер т.б) жариялауды жалғастыру

БАҚ-та материалдар жариялау

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша), Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

тұрақты

14.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралыҚазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстар енгізу

Ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша, жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2015 жылғы 3-тоқсан

15.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты шаралардың тиімділігін айқындау бойынша әлеуметтік сауалнамалар жүргізу

Сауалнамалар жүргізу

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша)

Жарты жыл сайын

16.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын жүйелі және мақсатты қалыптастыруымен айналысатын азаматтық қоғам субьектілеріне қолдау көрсетуді жалғастыру

ақпарат

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

тұрақты

17.

“Сенім телефоны”, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшіктерінің жұмыс жасауын жалғастыру

Ақпарат ұсыну

Жалағаш ауданы әкімінің аппараты (жинақтау), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

тұрақты

18.

Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізуді жалғастыру

Кездесулер өткізу

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі (жинақтау), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық бөлімі (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

тұрақты

19.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын жандандыру

Комиссия отырысынң хаттамалары

Жалағаш ауданы әкімінің аппараты (жинақтау), Кент, ауылдық округ  әкімдері мен мүдделі мемлекеттік органдар

2015 жыл

20.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық  жоспарларды бекіту

Тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту, ақпарат

Жалағаш ауданы әкімінің аппараты (жинақтау), Кент, ауылдық округ  әкімдері мен мүдделі мемлекеттік органдар

2015 жыл

21.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды өз деңгейінде жүргізбеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау

Шаралар қолдану

Жалағаш ауданы әкімінің аппараты (жинақтау), Кент, ауылдық округ  әкімдері мен мүдделі мемлекеттік органдар

тұрақты

Кіру