Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!

Республикамыздың барлық өңірінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін орталық алаңда балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті.
02.06.2018 12:51:00 | 318 рет қаралды


ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ШАРАЛАРЫМЕН, САЯХАТПЕН 5016, ЯҒНИ 82,5% БАЛА ҚАМТЫЛАДЫ

 

Республикамыздың барлық өңірінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін орталық алаңда балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті.

Мерекелік салтанатты шеруге балалар әуез мектебі, оқушылар үйі және кент орталығындағы мектеп оқушылары қатысты.  Салтанатты шараны аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, айтулы мерекемен аудан бүлдіршіндерін құттықтап, лайым елімізде сәбилердің күлкісі сыңғырлап, Отанымыздың мақтанышы, жас өскелең ұрпақтың аман болуына өз тілектестігін білдірді.

Және де  жетістікке жетіп жүрген, көп балалы отбасының оқушыларына, атап айтқанда 18 оқушыға Көкшетау қаласына, 452 оқушыға «Ақтерек» сауықтыру лагеріне, 100 оқушыға  Жаңақорғандағы «Талдысу» лагеріне, 20 оқушыға Астана қаласына туристік саяхатқа жолдама берілді. 

































Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру