Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар 1 МАУСЫМ БАЛАЛАРДЫ ҚОҒАУ КҮНІ

1 МАУСЫМ БАЛАЛАРДЫ ҚОҒАУ КҮНІ

Республикамыздың барлық өңірінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін орталық алаңда балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті.
03.06.2019 18:30:53 | 59 рет қаралды

Республикамыздың барлық өңірінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін орталық алаңда балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті. Мерекелік салтанатты шеруге балалар әуез мектебі, оқушылар үйі және кент орталығындағы мектеп оқушылары қатысты. Салтанатты шараны аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, айтулы мерекемен аудан бүлдіршіндерін құттықтады.

- Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. 1 маусым бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қазірден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын болмақ, -деді аудан басшысы.

Мерекелік шарада аудан басшысы жетістікке жетіп жүрген, көп балалы отбасының оқушыларына, атап айтқанда 482 оқушыға «Ақтерек» сауықтыру лагеріне, 120 оқушыға Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» лагеріне, 60 оқушыға Нұр-Сұлтан қаласына туристік саяхатқа, 15 оқушыға Тараз қаласындағы «USTUDY» лагеріне жолдама тапсырды.

Айта кету керек, оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында 2019 жылы 1-10 сынып аралығындағы 6349 баланың жазғы демалыспен, саяхатпен 5392 бала, яғни 84,9 % қамтылады деп жоспарлануда

Үстіміздегі жылы, мәслихат депутаттары есебінен, мекемелер демеушілігімен 95 бала, салалық кәсіподақтар тарапынан 91 бала, мектеп жанындағы лагерлерде 2021 бала, міндетті оқу қоры есебінен 725 бала демалдырылатын болса, 60 бала Нұр-Сұлтан қаласына саяхатқа баруы жоспарлануда.

Жазғы каникул кезінде аудандық Оқушылар үйінде «3D-модельдеу», «Робототехника» және цифрлық зертханада арнайы «Жайдарлы жаз – 2019» атты бағдарлама бойынша үйірмелер жұмыс жасайды және онда әр ауысымда 80 бала барлығы 482 бала қамтылады деп жоспарлануда.

Ақпарат көзі: -

Кіру