Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ

2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ

Биылғы оқу жылында жалағаштық 770 бүлдіршін оқу табалдырығын аттады. Биылғы жылғы бір ерекшелік, 1-класқа балаларды қабылдау және мұғалімдерді жұмысқа қабылдау механизмі автоматтандырылды.
06.09.2019 16:47:02 | 307 рет қаралды



Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы 1 қыркүйек – Білім күніне орай кенттегі З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте өткен салтанатты жиынға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.


- Білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау – біз үшін қашан да ең басты міндеттердің қатарында. Біз білімге басқа бірде бір саламен салыстыруға келмейтін қолдау көрсетіп келеміз. 2019 жылы сала бюджеті 5 млрд. 392 млн теңгені, яғни аудан бюджетінің 50 % құрады. Соңғы 5 жылда 1 жаңа мектеп құрылысы салынса, 6 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді.  Ауданымыз Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде облыста аудандар арасында екінші орынды иеленді. Тестілеуге қатысқан 203 бітірушінің 197-і мемлекеттік грант жеңіп алса, 37-сі «Серпін» бағдарламасы негізінде мемлекеттік грантын иеленді. Бұл - ең әуелі біздің мұғалімдеріміздің еңбегі, - деді аудан басшысы.  


Білім күні Қайратбек Әубәкірұлы бірінші сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыстап, мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты. 


Атап өтейік, З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте өткен оқу жылында 519 оқушы білім алып, 17-сі мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. 14 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 79,8 пайыз көрсеткіш көрсетті. 15 бітіруші түлек жоғары оқу орнына, 2-еуі арнаулы оқу орнына мемлекеттік грантты жеңіп алды. 


Биылғы оқу жылында 67 бүлдіршін аталмыш мектепке 1- сыныпқа қабылданды. 


Сондай-ақ, үстіміздегі жылы №202 мектепке үнемделген қаржыдан 2400,0 мың теңгеге цифрлы «3D STEREO» кешенімен кабинет жабдықталды.  


Ақпарат көзі: -

Кіру