Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар 21 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

21 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалында 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында «Бастау» жобасы негізінде кәсіпкерлерді оқыту жалғасуда.
10.06.2019 18:17:08 | 114 рет қаралды

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалында 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында «Бастау» жобасы негізінде кәсіпкерлерді оқыту жалғасуда.
         Бұған дейін үміткерлер үшін тестілеу ұйымдастырылып, емтихан қорытындысы бойынша 34 адам оқуға қабылданды. Оның ішінде 19-ы кәсіп бастауға ынталы жастар болып отыр. Оқуға қатысушыларға бизнес-тренер Арыстан Молыбаев дәріс беруде. 
         Айта кеткен жөн «Бастауға» жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтар және өз ісін кеңейтуді көздейтін кәсіпкерлер қатыса алады. Оқуға өтінім беру ауыл әкімдігі мен аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданады. Жуырда палатада оқыған 21 адамның барлығы 252 мың теңге қайтарымсыз гратқа ие болды.
         Бұған дейін «Бастау» жобасы бойынша оқыған 39 адамға сертификат табысталып, бизнес жобасын сәтті қорғап шықты. Ал, оқу курсын кеше аяқтаған кәсіпкерлер бизнес жобасын қорғап, қажетті құжаттарын жинақтап жатыр.

Ақпарат көзі: -

Кіру