Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар 21 НАУРЫЗДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ СӘН-САЛТАНАТЫМЕН ТОЙЛАНДЫ

21 НАУРЫЗДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ СӘН-САЛТАНАТЫМЕН ТОЙЛАНДЫ

Орталық алаңда қаз-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлер ұлттық нақышта безендіріліп, киіз үйлер аясында ән мен күй әуелеп, ізгі тілек пен ақ бата қанаттана көтерілді.
24.03.2019 00:57:21 | 121 рет қаралды

Аудан тұрғындарына арналып дастархан жайылды, Наурыз көже таратылды. Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы жаңа күннен жаңа үміт күткен, жақсылыққа жаны құмар жалағаштықтарға жаңа тыныс ала келген Наурыз мерекесімен аудан халқын құттықтап, жылымыздың ырысы артық, ырзығы мол болуына тілектестігін білдірді.

- Сыр өңіріндегі ырысы артып, ынтымағы жарасқан, береке-бірлігі көпке үлгі болған мекеннің бірі – Жалағаш ауданы. Ауданымыз соңғы жылдары өзгерістерге толы, өсу қарқыны өркендеген аймаққа айналды.  Елдің еңсесі көтеріліп, жер ананы игеруге деген құлшынысы арта түсуде. Жүзеге асырылып жатқан игілікті істер Сіздердің көз алдарыңызда жасалып, жаңарып жатыр. Құрылыс кеңінен қанат жайды. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру арта түсті, кәсіпкерлікті дамытуға қамқорлық жасалуда. Ауылға, ауыз суға, көлік жолына кеңінен көңіл бөліне бастады, - дей келе,

- Халқымыз қашанда жаңа жылдан жақсылық күтіп, келер күннен үмітін үзбеген.Даласындай дархан халқымыз бүгінде Тәңірі берген табиғи жаңа жылын айрықша салтанатпен қарсы алуда. Әз Наурыздағы барша тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа Қыдыр қонып, бақ  дарысын, - деді.

 Театрландырылған көріністен бастау алған ұлық мереке, күміс көмей әншілердің, күйшілер мен мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасты.

















Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz/

Кіру