Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар 30 МАМЫРДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

30 МАМЫРДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 30 мамырында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41-ші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
05.06.2019 13:16:44 | 138 рет қаралды

Ағымдағы жылдың 30 мамырында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41-ші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың  депутаттары, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияда мынадай мәселелер қаралды:

1. «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №34-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

2. 2019 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы.

3. «Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы №22-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құрамын  бекіту туралы» Жалағаш  аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы №22-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 қаңтардағы №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6. «Жалағаш аудандық мәслихат  аппараты» мемлекеттік мекемесінің  штаттық құрылымын бекіту туралы.

Күн тәртібіндегі барлық шешімдер бірауыздан мақұлданды.

Сессия соңында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев қорытындылап, атқарушы билік тарапынан ауданда атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер жайлы баяндады.

Ақпарат көзі: -

Кіру