Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Жалағашта 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтті
01.06.2018 23:07:27 | 248 рет қаралды

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жиын «Халқымен қайта қауышқан есімдер» ескерткіш басына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою, құран бағыштау рәсімінен басталды. Жиын барысында жиылған қауым озбыр, солақай саясаттың кесірінен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, жазықсыз жапа шегіп, аштық көрген ата-бабаларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

       - Түрлі зобалаңды басынан кешірген қазақ елі үшін 31 мамыр – ең ауыр ұлттық қайғы күні ...Мына алдарыңыздағы құлпытасқа есімдері жазылған адал да абзал азаматтар сол бір солақай саясаттың құрбаны болғандар. Біз ешкім де ешқашан да ұмытылмайды деп өскен ұрпақпыз. Жазықсыз жазаланған ата-ағалар есімі мәңгі жасайды - деді аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу жиынының алғашқы сөзінде.

      Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, сұрапыл жылдарда жазықсыз жапа шеккен, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, өзге ұлт өкілдері де сөз алып, қасіретті жылдардың қайталанбай, әлемде баянды бейбітшілік орнап, еліміздің босағасының берік болуына тілектестіктерін білдірді.

         Шара соңы аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі «Реквием сағатына» ұласты.






 





 

Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру