Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар 4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ.

4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ.

08.06.2018 12:52:42 | 174 рет қаралды

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылы дәл осы күні Мемлекеттік Рәміздер туралы заңға қол қойған еді. Осы бір маңызды датаны жалағаштықтар биыл ерекше түрде атап өтті. Ертемен жиналған аудан жастары мен аудандағы бірқатар мекеме, ұйым қызметкерлері, «Жасұлан», «Жас қыран» ұйымының оқушылары, оқу үздіктері, олимпиада жеңімпаздары, спортшылар, мәдениет саласының  мемлекеттік туымызды көтеріп, мерекелік шеруге шықты.

200-ге тарта жиналған жалағаштықтар Абай көшесімен бойлай жүріп, орталық Желтоқсан көшесіне бұрылды. Рәміздер алаңына жиналған қауымды аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев құттықтап, елдің елдігін танытатын рәміздеріміз хақында тебіреніске толы сөз сөйледі. Аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің «Арай» халықтық мәдени-үгіт тобы қойылым қойып, концерттік бағдарлама ұсынды.










Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру