Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында өткен дәстүрлі V малшылар слеті аясында аграрлық саланың ең үздік қызметкерлерін 11 номинация бойынша марапаттау рәсімі өтті. Олардың қатарында жалағаштықтар да бар.
14.06.2019 11:34:50 | 96 рет қаралды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында өткен дәстүрлі V малшылар слеті аясында  аграрлық саланың ең үздік қызметкерлерін 11 номинация бойынша марапаттау рәсімі өтті. Олардың қатарында жалағаштықтар да бар.

Атап айтар болсақ, Жалағаш ауданы бойынша Таң ауылдық округіндегі «Доспанов КС» ЖК Доспанов Кенжебек Сағалұлы «Үздік бақташы» номинациясымен марапатталды. 2018 жылы 189 мүйізді ірі қара болса, биылғы жылы мүйізді ірі қара басын 197-ге жеткізген. Барлық алынған бұзау саны 108 бас. Әр 100 аналыққа есептегенде 90 бас. Өткен жылы 135 цн ет өндірген. 99,8 пайыз мал басын аман сақтап қалған. 

Сонымен қатар, Аққыр ауылдық округіндегі «Туған жер» ШҚ Мадираимов Айтуар Әбдімәлікұлы «Үздік шопан» номинациясымен марапатталды. 2018 жылы қой саны 680 болса, биылғы жылы 750-ге жетіп отыр. Барлық алынған қозы саны 660. Әр 100 аналыққа есептегенде 110-нан. Өткен жылы 185 цн ет өндірген. 99,7 пайыз мал басын аман сақтап қалған.

Үздіктер қатарында Қаракеткен ауылдық округіндегі «Сыр сыйы» ШҚ Биманов Нұрлан Тоқсанбайұлы да бар. Ол «Үздік жылқышы» номинациясымен марапатталды. Өткен жылы жылқы саны 210 болса, биылғы жылы 293-ге жетіп отыр. Барлық алынған құлын саны 120 бас. Әр 100 аналыққа есептегенде 80 бас. 2018 жылы 280 цн ет, 700 цн сүт өндірген. 100 пайыз мал басын аман сақтап қалған.

Слетте, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бақтыбаев Әбдісаттар Тобжанұлы ІІІ дәрежелі еңбек Даңқы төсбелгісімен, Жаңадария ауылдық округінен «Қожық Ата» ШҚ басшысы Ильясов Кенжебек Өмірзақұлы Қазақстан Республикасы АШМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақпарат көзі: -

Кіру