Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АЛА ДОП АЛАМАНЫ

АЛА ДОП АЛАМАНЫ

Ш.Ермағамбетова атындағы №246 орта мектепте қоғам өміріне етене араласып, жақсы қасиетімен артында өшпес із қалдырған белсенді жас Әлішер Бохановты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.
21.09.2018 12:14:19 | 836 рет қаралды


Жарысқа кент және барлық ауылдан 16 команда қатысты. Жасыл алаңға шыққан ойыншылар бұған дейін де талай спорт бәсекесінде топ жарып, ала допты ырығына бағындырған шеберлер. Олар бұл жолы да бір-бірінен оза шабуға тырысты. Кезек-кезек допты қақпаға көздеп, гол соғып жатты. Нәтижесінде, үздік өнер көрсеткен «АгроХолдингБайқоңыр» командасы І орынды иеленсе, ІІ-ІІІ орын «Қаракеткен» мен ИП «Баят» командаларына бұйырды.
Айта кетейік, жерлесіміз Ә.Бохановты еске алу тур­нирінің жоғары деңгейде өтуіне марқұмның сыныптастары мен жора-жолдастары демеушілік жасады.
Жарыс соңында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Жамалатов жеңімпаз командаларға арнайы кубок табыстап, қаржылай сыйлықпен марапаттады.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz/

Кіру