Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АЛҒЫС АЙТУ - ПАРЫЗ

АЛҒЫС АЙТУ - ПАРЫЗ

2018 жылдың 28 ақпан күні Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту- парыз» атты кездесу өтті.
01.03.2018 01:19:51 | 557 рет қаралды


2018 жылдың 28 ақпан күні Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту- парыз» атты кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы, аудандық соттың бас маманы Ж.Қоңырбаев, «Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» РММ аға инженері А.Арапбаев, ауылдық округ әкімдері, түрлі этнос өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында түрлі этнос өкілдерінің қолөнер бұйымдарынан жасалған көрме, кітаптар көрмесі қойылды. Жиылған қауымды аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов айтулы күнмен құттықтап, аудандағы қоғамдық келісім мен этносаралық бірліктің нығаюына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Алғыс хатымен марапаттады.

 Шарада сөз алған «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Мирман барша азаматтарға алғыс білдіріп,  «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің атынан Ризалық хат және арнайы сыйлықтар табыстады.

Ал, шешен этносының өкілі А.Орсиханова  ыстық ықыласын білдірсе, кәріс этносының өкілі М.Цой аудандағы барлық түрлі этнос өкілдерінің атынан елге, аудан әкімдігіне зор алғысын білдіріп, арнайы қолдан жасалған қолөнер бұйымын аудан әкімдігіне табыстады.

Кеште аудандық мәдениет Үйінің өнерпаздары өнер көрсетті. 







Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру