Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар "АЛТЫН ДӘН": ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ - "ҮЗДІК АУДАН" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ

"АЛТЫН ДӘН": ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ - "ҮЗДІК АУДАН" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Жылдағы дәстүр бойынша "Алтын дән" мерекесі аясында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан арнайы келген шаруашылықтар өз өнімдерін тұрғындарға арзан бағамен ұсынды. Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жәрмеңкені аралап көріп, тұрғындармен сұхбаттасты.
14.10.2019 18:17:06 | 50 рет қаралды

Қызылорда облысының шаруалары жәрмеңкеге 1700 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін – көкөніс, бақша және сүт өнімдері мен балық, ет алып келген. Айта кетейік, барлық өнім нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен сатылды. Сонымен қатар, жәрмеңке алаңдарында өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  
Мұнан соң, «Алтын дән» мерекесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылып, аймақ басшысы ауылшаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады.
 «Қазіргі таңда облыстың аграрлық секторында серпінді даму динамикасы қалыптасып келеді. Кейінгі жылдары аграрлық секторда өндірілген өнім көлемі 1,5 есеге өсті. Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 46 есеге, тамақ өнімдерін өндіруге салынған инвестиция 10 пайызға ұлғайды. Биыл облыс бойынша барлығы 183,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, жалпы егіс көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артты. Әртараптандыру бағытында мал азықтық дақылдар 8 мың гектарға, майлы дақылдар 7 мың гектарға, ал, күріштен басқа дәнді дақылдар көлемі 3,7 мың гектарға ұлғайды. Сондай-ақ, биылдан бастап облыста алғаш рет 3 шаруашылықта соя 50 гектарга егіліп, жақсы нәтиже көрсетті. Алдағы жылы соя егісін 500 гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз,- деді аймақ басшысы.
"Үздік аудан" номинациясын биыл Жалағаш ауданы жеңіп алды. Егін шаруашылығы саласында жетістікке жеткен Шиелі ауданы "Озат аудан" номинациясын иеленіп, ал мал шаруашылығында Жаңақорған ауданы озат атанды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде жеткен жетістіктері үшін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев марапатталды.  Мұнан бөлек аймақ басшысы сала еңбеккерлеріне Ауыл шаруашылығы саласының үздігі және Ы. Жахаев атындағы төсбелгілерін тапсырды.
"Алтын дән-2019" шарасында "Мағжан и К" ЖШС өзінің үздік қызметкерлеріне 7 автокөліктің кілттерін, сонымен қатар, "Достық-жер" ЖШС 6 автокөліктің кілттерін табыстады. Ал, "Жан-Арай жем" ЖШС үздік деп тапқан қызметкерлеріне 1 млн. теңге және 500 мыңның екі сертификат тапсырды.  

Ақпарат көзі: -

Кіру