Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АЛТЫНШЫ ОРЫН АБЫРОЙ ЕМЕС НЕМЕСЕ КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА ҚАШАН КӨШ БАСТАЙМЫЗ?

АЛТЫНШЫ ОРЫН АБЫРОЙ ЕМЕС НЕМЕСЕ КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА ҚАШАН КӨШ БАСТАЙМЫЗ?

Ауданның бір перзенті облыстық, республикалық, халықаралық, қалаберді әлемдік додаларда топ жарып жатса, төбең көкке бір елі жетпей тұрғандай күйде боласың.
16.10.2019 11:40:38 | 56 рет қаралды


Ауданның бір перзенті облыстық, республикалық, халықаралық, қалаберді әлемдік додаларда топ жарып жатса, төбең көкке бір елі жетпей тұрғандай күйде боласың.Бұл тұрғыда жалағаштық жастар жерлестерін жерге қаратып жатқан жоқ. Аллаға шүкір, бұрын кент орталығынан шыққан таланттылар байрағымызды биіктен желбіретуге тырысса, қазір олардың қатарын ауылдық елді мекендерден түлеп ұшқан өрендер толықтыруда. Бұл нәтиже – Жалағашта жергілікті билік тарапынан ауылдық елді мекендерде де спортты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанының жемісі. Кешегі Әлем біріншілігінде ел қоржынына Тілеген Тынарбай Қола салса, Жеңісбек Жақсыбек, Сымбат Махамбетқали, Қызжібек Әбілда, Сәпи Есенкелді сынды іні-қарындастарымыз да дүбірлі додаларда ел намысын шама-шарқынша қорғап келеді.

Біз мұндай жастармен мақтанамыз. Сөз жоқ, жекелеген спорт түрлерінен өңір өрендері күн сайын жағымды жаңалықтарымен қуантуда. Бірақ бір әттеген-ай дейтініміз, командалық сайыстарда біздің жетістігіміз көңіл көншітпейді. Естеріңізде болса «Жалағаш жаршысы» газетінің өткен жылғы кезекті санында жергілікті тұрғынның аудан спортына қатысты бір мақаласы жарияланған еді. Автор өз сөзінде спорттан қаражаяу емес екенін айта отырып, қазіргі өңір спортының жағдайы үшін алаңдайтынын жеткізген еді. Мақаладан хабары бар көзі қарақты оқырман аудан азаматының алаңдауына негіз барын айқын аңғаруы керек. Себебі жекелеген спорт түрлерінен қаншама жас жүлделі орындардан көрініп жатса да, біздің командалық ойында өзге өңірлерге есе жіберуіміз соңғы жылдары дәстүрге айналды. Бір өкініштісі, осы үрдіс биыл да жалғасын тауып отыр.

Былтыр әлгі мақала жарыққа шығы­сымен бұл еңбектің қатысы бар ма, жоқ па білмеймін, жұмыс бабымен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы облысқа қызмет ауыстырған еді. Одан бері де тізгінді қолына алған жаңа басшының нәтиже шығаратын уақыты болды деп ойлаймын. Бірақ биыл тағы да ауыл спортшыларының облыстық спартакиадасында Жалағаш ауданы алтыншы орыннан бой көрсетті. Былтырғы жете алған межеміз IV орын болған.

Автор дұрыс айтады. Қазір салауатты өмір салтын ұстанамын деген жанға, спортты дамытуға жұмыс жа­саймын деген белсенділер үшін де мемлекет бар жағдайды жасап қойған. Бірақ күткен нәтижең алдыңнан шықпайтыны өкінішті. Командалық сайыста былтырғы жіберген қателіктерінен сабақ алып, биыл оң қорытындыға қол жет­кізіп жатқан аудандарға қарап сүйсінесің.

Мына қызықты қараңыз, өткен жылы Шиелі ауданында ұйым­дастырылған ауыл спорт­шыла­ры­ның спартакиа­дасында ең соңғы орынға жайғасқан Қармақшы ау­даны биыл көш бастады. Соңғы орыннан алғашқы орынға бірден секіру деген үлкен нәтиже емес пе? Біз жауапты мамандарға «Бірден осындай жетістікке көзімізді жеткіз» деуден аулақпыз. Он екі айда оң қорытынды шығармақ түгілі турнирлік кестедегі былтырғы орнымызды таба алмай қалдық. Қалай ойлайсыздар, сонда біздің жалағаштықтардың спортқа деген қабілеті төмен болғаны ма? Менің ойымша мүлде олай емес. Егер осындай көзқарас маңызды рөл атқаратын болса, өткен жылы жетінші орынға жайғасқан Қармақшы биыл неге көш бастады? Демек спорт саласында атқарылған жұмыста ақсап жатқан тұсымыз әлі де баршылық.

Біз мұнымен не айтпақпыз? Оны қалың оқырманның өзі де байқап отыр деп есептеймін. Біреуге зия­нымызды тигізіп, не біреуді жұ­мы­сынан айыру мақсатымыз емес. Арифметиканың тілімен айт­сақ, осы­ған дейін қосыл­ғыш­тар­­дың орны өзгерді ғой. Бізге ке­регі ол емес, олардың мәні. Жеке­леген спорт түрлері бойынша бірқатар жетістігіміз бар екенін сөзіміздің басында айтып өттік. Бұл оң нәтижеде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің де өз үлесі бар шығар. Десе де бір жыл бұрын тізгінді қолға алған жаңа басшы сыннан сабақ алып, алдағы өтетін командалық сайыстарда оң нәтиже шығарса дейміз.

Ақпарат көзі: -

Кіру