Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар "АҚМЕШІТ - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ АУДАНДЫҚ ЕМХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

"АҚМЕШІТ - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ АУДАНДЫҚ ЕМХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бейсенбіде Сыр өңірінде ашылған «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері аудандық емхана ұжымымен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.
01.04.2019 14:02:49 | 93 рет қаралды


Жобалық кеңсе мүшелері тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытында баяндама жасап, көпшіліктің ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.




– Біздің жобалық кеңсе Елбасының жемқорлыққа қарсы күрестегі Астана қаласының тәжірибесін өңірлерге енгізу туралы тапсырмасына сәйкес ашылды.

Мақсат – азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін нығайтып, халықтың қауіпті кеселге қарсы мәдениетін көтеру. Сондықтан да жемқорлыққа бәріміз бірге қарсы тұруымыз керек. Басқа өңірлердегі денсаулық сақтау саласында кейбір келеңсіздіктерге жол берілген. Денсаулығына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыз парағын заңсыз және негізсіз беруден сақ болған жөн. Сонымен бірге, кейбір азаматтар жұмысқа қажетті медициналық анықтама парағын жедел рәсімдеуді өтініп, заңсыздыққа барып жатады. Осындай әрекеттерге жол бермеуге тиіспіз. Сондықтан әркім өзіне жүктелген міндетті адал атқарып, сыбайластық жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз керек, – деді кездесуде аталмыш жобаның жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов.

Мұнан соң, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы Әлішер Амангелдиев пен аудандық полиция бөлімі басшысының кадр жөніңдегі орынбасары Абзал Сералиев мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, қызмет көрсету барысында әділдікті ұстану және ұжымда заңсыздыққа жол бермеу, сыбайластыққа қарсы тұру керектігін айтты.

Жиын соңында жобалық кеңсе мүшелері емхана ішін аралап, мұндағы жұмыстарға мониторинг жүргізді. Енді олар осы мазмұндағы түсіндірме шараларын құқық қорғау, білім, әлеуметтік салаларында жалғастырмақ.

Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру