Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар «АҚТЕРЕК» ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«АҚТЕРЕК» ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

10 маусымда аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен Жалағаш ауданындағы «Ақтерек» тынығу лагерінің бірінші маусымы салтанатты түрде ашылды.
13.06.2019 11:01:22 | 144 рет қаралды

10 маусымда аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен Жалағаш ауданындағы «Ақтерек» тынығу лагерінің бірінші маусымы салтанатты түрде ашылды.

- Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қазірден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын болмақ, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Ашылу салтанатында жиылған жұртшылық, лагерь тынығушылары аудандық әуез мектебі өнерпаздарының өнерлерін, бүлдіршіндердің қойылымдарын тамашалап, түрлі ойындар ойнады.

Айта кету керек, былтырғы жазғы маусымда «Ақтерек»  лагерінде 5 ауысымда 402 оқушы қамтылса, биылғы жылы 6 ауысымда 482 баланы қамтылады.

Сондай-ақ, ауданымызда оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында биылғы жылы 1-10 сынып аралығындағы 6349 баланың жазғы демалыспен, саяхатпен 5392-і, яғни 84,9% қамтылады деп жоспарлануда.

Ақпарат көзі: -

Кіру