Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АРДАГЕР АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

АРДАГЕР АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен гүл көктемнің ең жүрекке жылы мейірімді мерекесі - 8-наурыз Халықаралық əйелдер күніне арналған "Ана-өмірдің гүлі" атты мерекелік шара өтті.
12.03.2018 10:37:13 | 453 рет қаралды

    Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен гүл көктемнің ең жүрекке жылы мейірімді мерекесі - 8-наурыз Халықаралық əйелдер күніне арналған "Ана-өмірдің гүлі" атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік думан жастық жігерін, қажыр қайратын еліміздің өсіп өркендеуіне арнаған, бүгінде сол бейнеттің зейнетін көріп отырған ардақты ардагер, "Батыр аналарымыздың" қатысуымен өтті.

Шараны аудан əкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, ең алдымен айтулы мерекедегі алғашқы сый-құрмет салтанат төріндегі ардақты аналарымыздың құрметінен басталғандығын айта келе, жер бетінде тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақталған шағынан ізгіліктің дəнін сепкен аналарды мерейлі мерекесімен құттықтады.

 Думан барысында қоғамның қалаулысы, елінің елеулісі болған бір қатар аналарымыз сөз алып, осы кешті ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын жеткізді.

 Салтанатты шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев қорытындылап, шараға қатысушы əзиз əжелерді, аналарды, ару қыз-келіншектерді мерейлі мерекесімен құттықтады. Кеш барысында əн-жырдан шашу шашылып, ардагер аналарымызға естелік сыйлықтар табысталды.

 











Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру