Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА VI РЕТ БАЛЫҚ АУЛАУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА VI РЕТ БАЛЫҚ АУЛАУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Елорда күніне орай Шіркейлі каналының су таспасы жанындағы «Иіркөл» көлінде аудан ардагерлері арасында балық аулау жарысы өтті. 2014 жылдан бері жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан ардагерлер арасындағы балық аулау жарысын аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, құрметті демалыста жүрсе де ауданның мәдени-экономикалық, қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген қазыналы қарттарымызға алғысын жеткізді.
11.07.2019 10:42:00 | 83 рет қаралды

- Сіздер ауданымыздың өркендеуі мен дамуы үшін өз қажыр-қайраттарыңыз бен ақыл-кеңестеріңізді аямай келесіздер. Сіздерді өмірде әрқашан азаматтық пен адамгершіліктің үлгісі, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білген азамат ретінде танимыз. Сіздерді бұдан әрі де арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, еліміздің игілігі үшін қоғам өміріне белсене араласады деп сенемін, - деді Жағыпар Айтбайұлы өз сөзінде.

Жарысқа кент және ауылдық округтерден 40-қа жуық ардагер қатысты. 

Жарыс нәтижесінде І орынды Жалағаш кентінен Балтабай Исламов иеленсе, ІІ, ІІІ орынды Жалағаш кентінен және Қаракеткен ауылынан келген ардагерлеріміз өзара бөлісті. Жарыс соңында жеңімпаздарға қоғамдық бірлестіктің арнайы дипломдары, қаржылай сыйлықтары, сондай-ақ, ең үлкен балық ұстаған және ең жасы үлкен ардагерлерге арнайы ынталандыру сыйлығы табысталды. 

Айта кету керек, ауданымызда қазіргі таңда 3769 ардагер бар. Олар 79 бастауыш ұйымдарында есепте тұрады. Оны 11 адамнан құралған аудандық ардагерлер кеңесі басқарады. 1500-ге жуық батыр аналарымыз бар.

Ақпарат көзі: -

Кіру