Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

26.07.2018 18:01:37 | 309 рет қаралды


 

"Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің және «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалымен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында кент орталығындағы жалғызбасты тыл ардагерінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Акция аясында И.Ерімбетов атамыздың отбасына барған «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінің міндетін атқарушы А.Кенжебаев, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының мақсаты ардагерлерді құрметтеу, жастарды еңбек етуге, үлкенге құрмет көрсетуге баулу екенің айтып, ардагерлерге деген қамқорлық үнемі партияның бақылауында екенің айтты.

Қарт атамыз игі іске бастама болған «Нұр Отан» партиясына және Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы мен белсенді жастарға алғысын білдіріп, жұмыстарына құт-береке тілеп, ақ батасын берді.


Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру