Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ӘСКЕРИ -ПАТРИОТТЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ ХІІІ АУДАНДЫҚ СЛЕТІ ӨТКІЗІЛДІ

ӘСКЕРИ -ПАТРИОТТЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ ХІІІ АУДАНДЫҚ СЛЕТІ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін орталық алаңда Жалағаш ауданы мектептері әскери –патриоттық клубтарының Отан қорғаушылар күні мерекесіне және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына арналған аудандық слеті өтті.
08.05.2019 22:44:09 | 73 рет қаралды


Слетке кент және ауылдық округтерден 200 оқушы қатысты.

Ең алдымен аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев бастаған басшылық құрам мен бір топ ауған соғысының ардагерлері орталық алаңда орналасқан «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтардың рухына құран бағыштап, бір минут үнсіздікпен еске алды. 






         Салтанатты шара орталық алаңда мектептердегі әскери-патриоттық клуб мүшелерінің қатысуымен өткен саптық байқауға ұласты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін слеттің маңыздылығына тоқталған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, салтанатқа қатысушыларды, сарбаздарды айтулы мерекемен құттықтады.




-    Аталарымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен осы ұланғайыр жерді қорғап, бізге мұраға қалдырды. Аудан жұртшылығы бүгінгі күні еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін  қорғауға лайықты үлесін қосуда, - деді аудан басшысы.

Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, қоян-қолтық ұрыс әдіс-тәсілдері көрсетіліп,салтанатты шеруге ұласты.







Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру