Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АЗ ЕМЕС, АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ОДАН ДА КӨП

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АЗ ЕМЕС, АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ОДАН ДА КӨП

Бүгін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев қоғамдық кеңес алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
22.01.2019 23:09:22 | 355 рет қаралды

Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар негізінен әлеу­­меттік саланы дамытуға, ең әуелі әлеуметтік мін­дет­темелерді уақытылы орындауға, шағын және орта кәсіп­керлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға, аудан экономикасын әртараптандыруға бағытталған басым жобаларды іске асыруға, инфрақұрылымды дамытуға ба­ғыт­талған. Экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты.

Өнеркәсіп өнімдеріне талдау жасалып, өткен жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібі 104,9 пайыз, ауыз су 144,4 пайыз, электрмен жабдықтау 105,0 пайызға орындалды. Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 2018 жылдың 11 айында 5 млрд 339 млн теңгені құрап (2017 жылы 4 млрд 345 млн теңге), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырмалы бағаммен алғанда 14,9 пайызға артты.

Құрылыс жұмыстары да қарқын ала бастады. Мәдениет елді мекенінде 90 орындық балабақша ғимараты, 150 орындық клуб, Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі ғимараты, Мәдениет елді мекенінде спорттық кешен, Мырзабай ахун елді мекенінде ауыл әкімі аппараты ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді.  Сондай-ақ, Еңбек елді мекенінде шағын маркет пен мейрамхана ашылып, халықтың қуанышын еселей түсті.

Жалағаш ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір қазынасының ұлғаюына айтарлықтай үлес қосып келеді. Егін шаруашылығында да алға ілгерілеушілік бар. Ау­дан диқандары рекордтық өнім алуды дәстүрге айналды­рып, қамбаны қазынаға толтыруда.

2018 жылдың 11 айында 14 662,4 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Өткен жылы барлығы 36391 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өнім толық жиналды. Ауа райының қолайсыздығына, судың тапшылығына қарамастан диқандар ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, 22382 гектар күріштің әр гектарынан 56,6 центнер немесе 126587 тонна өнім алынды. Сонымен қатар, егілген 401 гектар жаздық бидай, 4559 гектар жаңа жоңышқа, 4456 гектар ескі жоңышқа, 641 гектар картоп, 1000 гектар бақша, 2200 гектар мақсары дақылдары толық жиналды.

Облыс әкімі 2018 жылдың басында облыс бойынша 2018-2020 жылдарды жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жариялауына байланысты кәсіпкерліктің дамуы алдыңғы қатарға қойылып, аудан бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның кәсіпкерлік саласында 1076 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, бюджетке 155 млн теңге салық түсті. Ауданда 2344 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.




Денсаулық, білім, мәдениет саласының жұмыстарында да ілгері өрлеуге бет бұрыс жасалуда. Білім беру сапасы жылдан-жылға жоғарылап келеді. ҰБТ қорытындысымен өткен жылы облыс бойынша аудандар арасында бірінші орынды иеленді. Ауданның көрсеткіші 87,5 балды құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 5,9 балға өскен. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ауданымыз облыста алдыңғы қатарда. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіші бойынша да Жалағаш аудандар алдында екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Мәдениет, спорт саласындағы қол жеткен жетістіктер де баршылық. Аудан орталығында бірқатар республикалық жарыстардың өтуі өрелі де өнегелі істің нәтижесі.

Жалағаш жері – қашанда толайым тірліктер атқарылатын, елдегі шараларды назардан тыс қалдырмайтын өлке.  Еліміздің бас шаһары – Астана қаласының 20 жылдығы, Алаштың анасы атанған – Қызылорда қаласының қос ғасырлық мерейтойының кең көлемде аталып өтілуі осының дәлелі. Сонымен қатар, саналы ғұмырын мемлекетіміздің өркендеуіне, туған жеріміздің көркеюіне арнаған тұлғаларды дәріптеу мақсатында мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргеновтің – 120, Ілияс Қабыловтың – 115, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың – 90 жылдық мерейтойлары жоғары деңгейде өткізілді. Мерейтойлар аясында кенттегі «Жеңіс паркі» қайта жаңғыртылып, «Тағзым» аллеясы болып атауы өзгертілді. «Тағзым» аллеясына мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың бюсттерімен қатар, 1930 жылдардағы әміршілдік жүйеге қарсы бағытталған Қарақұм көтерілісіне арналған монумент-ескерткіш және Невада-Семей, Ауған соғысы, Чернобыль техногенді апатының салдарын жоюға қатысқандарға арналған белгі қойылды.

Жалағаш кентіндегі Дәуімбай елді мекеніне қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби философ Ілияс Қабыловтың ескерткіші орнатылды. Мерейтой аясында республикалық ақындар айтысы, ғылыми-тәжірибелік конференция, қазақ күресі, эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өткізілді. Сонымен қатар, ауданымызда «Жаңғыру жолындағы Жалағаш жастары» атты жастар форумы, «Ана – қоғамның ұйытқысы» атты ІІІ аудандық әйелдер форумы, облыстық ауыл жастарының слеті, Еңбек ауылдық округіндегі «Батыр Аналар» ансамбілінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара және тағы басқа көптеген ауқымды шаралар өткізілді.

Осы негізде баяндама жасаған аудан басшысы бұл жетістікпен тоқмейілсімей, Жалағашты көркейту мақсатында әлі де жұмыс жасай беретінін жеткізді.




Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру