Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АУДАН ӘКІМІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы Сәрсенбаев «Иманқұл» мешітінде барша жамағатты ұлық мейрамымен құттықтады.
23.08.2018 09:19:02 | 243 рет қаралды


Қасиетті айт күндері барша мұсылман қауымы ізгілікті амалдар жасауға асығады. Әрбір мұсылман баласы айтта тек қана құрбандық шалумен шектелмей, ағайын-туысына, мүгедектер мен мұқтаж жандарға, көршілері мен жетімдерге қол ұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық таныту арқылы қоғамның тұтастығына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады.

- Бүгінгі «Құрбан айт – мерекесі» – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын ұлық мереке. Ұлық мереке құтты болсын, құрметті ағайын! Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін! Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін. Құрбан айт мүбәрак болсын,- деді аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев.

Айт намазынан кейін арнайы белгіленген орынға жамағат құран бағыштап, құрбандық шалды. Сондай-ақ, мешіт жанында қол күрес, асық ату, гір көтеру, арқан тарту секілді спорттық ойындардан сайыстар өтті. Өзіндік ойын өрнегін көрсеткен командалар мен сайысқа қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жиналған көпшілік ақ дастарқаннан дәм татып, айттан айтқа аман-есен жетейік деген жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты.





















Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру