Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АУДАН ӘКІМІ 2018 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ 2018 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін Қ.Қазантаев атындағы аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы халық алдындағы есепті кездесуі өтті.
24.01.2019 19:45:28 | 310 рет қаралды


Есепті кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Тілешев Нұрлан, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев,  Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов, облыстық тексеру комиссияның мүшесі Сатлабаев Мейрамбек, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудан тұрғындары және аудан активі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.




-    Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар негізінен әлеуметтік саланы дамытуға, әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы орындауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аудан экономикасын әртараптандыруға бағытталған.

Экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізілді. Нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Сондай-ақ, аудан басшысы есепті баяндамасында ауданның әр саласындағы жетістіктерге, көрсеткіштерге тоқтала отырып, бұл жұмыстың барлығы аудан халқының бірлігінің арқасында жүзеге асып отырғандығын жеткізді.

Есепті жиында аудан тұрғындары ұсыныс-пікірлерін айтып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.





Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру