Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АУДАН ӘКІМІ "Б КОРПУСЫ" ЖАЙДАРМАНШЫЛАР КОМАНДАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ "Б КОРПУСЫ" ЖАЙДАРМАНШЫЛАР КОМАНДАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жас мемлекеттік қызметшілердің арасында өткізілген көңілді тапқырлар сайысында өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленген Жалағаш ауданы әкімдігінің "Б корпусы" командасын қабылдады.
25.12.2018 16:57:39 | 162 рет қаралды


Аудан басшысы жастарға ұтымды әзілмен, сүбелі сөзбен xалықтың көңілінен шығып, жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдірді.Өз кезегінде жайдарманшылар аудан әкіміне алғыстарын білдіріп, сенім үдесінен шығуға уәде берді.

Айта кетейік, 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай Мемлекеттік Қызмет Істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда КВН филиалының ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбындағы жас мемлекеттік қызметкерлердің арасында көңілді тапқырлар сайысына Қызылорда облысынан 11 команда қатысып, нәтижесінде Жалағаш ауданы Әкімдігінің "Б корпусы" командасы жүлделі ІІ орынды иеленген болатын.

Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру