Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

2018 жылдың 22 тамыз күні Жалағаш ауданы әкімінің төрағалығымен аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы кеңейтілген мәжілісі өтті.
24.08.2018 09:29:28 | 141 рет қаралды


Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі екендігін айта кеткен аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы:

 

- Келеңсіз әрекеттерге жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде және қоғамның барлық салаларына сенім арттыруға бағытталған бірлескен шаралар атқаруды күшейтуіміз қажет- деді өз сөзінде.

 

Кеңейтілген мәжілісте Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Қалыбаев Шарабан аудан бойынша мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Жакудаев Нұғман мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптарында хабарлама жасады.

 

Мәжіліс соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлиев Садық пікір білдіріп, аудан басшысы тиісті басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.










Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру