Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АУДАН БАСШЫСЫ АУДАНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУҚЫМДЫ ШАРАЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ АУДАНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУҚЫМДЫ ШАРАЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлының төрағалығымен Жалағаш ауданында өткізілген «Алтын дән-2018», мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық, Ілияс Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойлары және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай өткізілген Жалағаш ауданының Қызылорда қаласындағы Өнер күндері аясындағы шараларды қорытындылау жөніндегі жиналыс өтті.
26.10.2018 09:43:07 | 135 рет қаралды



Жиналысты аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып,  аудан көлеміндегі ауқымды шараларды жоғары деңгейде өткізіп, ұйымдастыруына  үлес қосқан ардагерлерге,  шаруа қожалықтарына, ұжымдарға, кент және ауылдық округ әкімдеріне, мәдениет саласы қызметкерлеріне, шаралардың басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын білдірді.



 

-    Барлық кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, мәдениет саласы қызметкерлері мерейтойларды жоғары деңгейде өткізуге өз үлестерін қосты. Аудан ардагерлері де өткізілген барлық шараларға қатысып, әлі де белсенді екендіктерін көрсетті.




Бүгін осы мерейтойларды өткізуге белсенді түрде атсалысқан бірқатар ұжымдар мен азаматтарды марапаттап, алғыс білдірсем деп отырмын – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Шара соңында аудан әкімі шаруа қожалықтарының төрағаларына, бөлім, мекеме ұжымдарына, мәдениет саласы қызметкерлеріне алғыс хат және естелік сыйлықтар табыстады.






Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру