Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АУДАН БАСШЫСЫ КҮРІШКЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

АУДАН БАСШЫСЫ КҮРІШКЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Жалағаш ауданы ауылшаруашылығы саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір қазынасының ұлғаюына айтарлықтай үлес қосып келеді.
06.09.2018 18:53:43 | 325 рет қаралды


Биыл аудан бойынша барлығы 36 314,7 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде біздің негізгі дақылымыз – күріш 22 366 гектарды құрап отыр.


 


Бүгін аудан басшысы Бұқарбай батыр ауылындағы «Байтабын» ЖШС №5 бригадасының егіс алқабындағы күрішке алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.




 


-    Биылғы егін жинау науқанына барлығы 1007 дана техникалар қатысады. Барлығы сақадай-сай. 1 ай көлемінде астықты жауын-шашынға қалдырмай, жинап алу ойымызда бар. Барша ағайынға бүгінгі дүбірлі мереке, орақ түсу мерекесі құтты болсын, еліміздің ризығы көп болсын, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

 

Рәсімде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, «Байтабын» ЖШС директоры Сапар Мыханов сөз алып, ауыл ақсақалы Ділдәбеков Мағлұм диқандарға ақ батасын берді.

 

Сонымен қатар, аудан әкімі осы күні Бұқарбай батыр ауылында «Байтабын» ЖШС-нің ықпалымен жаңадан орнатылған ауылдың кіре беріс аркасы, шаруашылықтағы Петкус күріш тазарту құрлығысымен және жаңадан салынған «Байтабын» ЖШС-нің ғимаратымен танысты.    

 




 

Анықтама ретінде: 2018 жылы 22366 гектар күріш, 401 гектар жаздық бидай, 60 гектар  арпа, 2200 гектар мақсары, 4559,3 гектар жаңа жоңышқа 635,4 гектар картоп, 678,4 гектар көкөніс, 1000,6 гектар бақша дақылдары егіліп, 4418 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды. Аудан бойынша барлығы 36314,7 гектар ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды.

2018 жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 1 тамызға 2448,8 млн. теңге өнім өндіріліп,101,8 пайызға орындалды. Оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 314,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп,100,2 пайызға орындалды.

Егін жинау науқанына барлығы 1007 дана техника қатысады. 2018 жылы шаруашылықтар «Каз Агро Қаржы» АҚ арқылы лизингке 16 техника, өз қаржысына 11 техника алды. 

«Байтабын» ЖШС былтыр күріштің әр гектарынан 67 центнерден жоғары өнім алған. Шаруашылықта 102 адам жұмыс жасайды.  Биылғы жылы құны 48 миллионды құрайтын Петкус күріш тазарту құрылғысы салынды.


Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру