Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АУДАНДА ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

АУДАНДА ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Бүгін «Айбибі» салтанат сарайында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерекше жағдайдағы балалардың Жаңа жылдық шыршасы өтті.
28.12.2018 10:18:51 | 142 рет қаралды


Мерекелік шараның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов алып, барша жұртшылықты және балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ауданның ағымдағы жылғы жетістіктеріне тоқталып, Жаңа жыл әрдайым жақсылығымен келсін деп өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, салтанатты шарада кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Ә.Мадиева сөз алып, бүлдіршіндерді Жаңа жылдарымен құттықтады. Кеш барысында ән шырқалып, шараға қатысушылар өз өнерлерін Аяз Ата мен Қаршақызға көрсетіп, түрлі сыйлықтарға ие болды. Шыршаны айнала билеген бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Жаңа жылдық шырша аясында салтанатты дастархан жайылды. Жаңа жылдық шыршаға қатысқан 100-ден аса балаларға тәтті-дәмділер үлестіріліп, әр балаға сыйлықтар берілді. 

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі 200 балаға сыйлықтар таратылатын болады. Ерекше жағдайдағы балалардың Жаңа жылдық шыршасына қолдау білдіріп, қол ұшын созған барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі:

Кіру