Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Жалағаш ауданы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде бүгін «Жаңғыру жолындағы Жалағаш жастары» атты аудандық жастар форумы өтті.
29.11.2018 11:56:22 | 146 рет қаралды



Форум аясында Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде «Кәсіпкер болу – табысты болу», Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте «Ақпараттық технологияны меңгеру – заман талабы» Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа тетіктері» атты секция жұмыстары жүргізілді.





 

Секция жұмыстары аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде пленарлық отырыспен қорытындыланды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнінен бастау алған пленарлық отырыстың алғы сөзін алған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев алып, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына өз үлестерін қосып жүрген, бірқатар белсенді жастарды марапаттады.



 

-              Мемлекет жастар үшін барлық қажетті жағдайды жасап келеді. Әсіресе, Сыр елінде жастарды қолдаудың ерекше үлгісі қалыптасқан. 2014 жылдан бастап Мәскеу мен Санкт-Петербургтің озық оқу орындарында 452 қызылордалық студент Ресей федерациясы Үкіметінің гранты есебінен білім алуда. Мұны облыстағы айрықша бастамалардың бірі ретінде атап өтуге болады. Ресейде білім алып жатқан жастардың 13-і жалағаштық өрендер екенін атап өткен дұрыс. Олардың алғашқы легі елге келіп жұмыс жасап, алған білімдері мен жинаған тәжірибелерін өңірді өркендету үшін жұмсауда. Олардың қатарында жалағаштық Бижұма Самғат сынды болашағынан зор үміт күттіретін азаматтың да бар екенін біз мақтан тұтамыз, -деді аудан басшысы өз сөзінде.

 

Пленарлық отырыста Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы Серіков Жасұлан, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Намурадин Айсана, «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасының жеңімпазы Молдаш Абай, «Жас Отан» Жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысы Серәлі Нарбота сөз сөйлесе, Жалағаш жастары атынан Нұржан Амандық форумның үндеуін жариялады. 





Айта кетейік, үстіміздегі жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн. 77 мың теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22% артып отыр. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2 млн. 290 мың теңгеге 1 жоба жүзеге асырылса, 2018 жылы 4 млн. 580 мың теңгеге 4 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Салыстырмалы түрде атап өтсек, өткен жылы ауданда 186 жас кәсіпкер болса, биыл олардың саны 243-ке жетіп отыр. Сондай-ақ, жыл басынан бері “Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында  20 маманға – 3 млн 367 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, 47 маманға –  163 млн 890 мың теңге тұрғын үй несиесі берілді. 


Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру