Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс 40-ші сессиясы болып өтті.
30.04.2019 19:43:11 | 132 рет қаралды

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс 40-ші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі - Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі - Сатлабаев Мирамбек Ахметұлы,  аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және арнайы шақырылған кісілер  қатысты. Сессия жұмысы барысында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша мамандар баяндама жасап, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, 2018  жылға арналған аудандық, кент және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы жайлы жылдық есепті бекіту туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы Н.Маратқызы баяндама жасап, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуынан жүзеге асқан көп жұмысты сөз етті. Сонымен қатар, сессияға арнайы қатысып отырған облыстық тексеру  комиссиясының мүшесі М.Сатлабаев  аталған мәселеге қатысты тексеру қорытындысын жария етіп, орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау үшін кейбір ұсыныстарға назар аудартты. Әрі қарай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханова Жалағаш ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндама жасады. Жоғарыда айтылған мәселеге байланысты аудандық мәслихаттың экономикалық даму, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы К.Сүлейменовтың қорытынды баяндасы тыңдалды.

Күн тәртібіндегі аудандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі және оның алдын алу мәселелері бойынша аудан әкімінің орынбасары -Ж.Тажмахановтың және сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ мүшесі - М.Жамановтың есептері тыңдалып, жемқорлықтың алдын алудағы атқарылып жатқан  жұмыстарға депутаттар тарапынан тисті бағалар берілді.

Бұдан бөлек күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес кейбір сайлау учаскілерінін өз еркімен өтініш берген және ауданнан тыс жерге көшіп кеткен бірнеше мүшелерді шығару туралы шешім қабылданды.

Сессия соңында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев қорытындылап, атқарушы билік тарапынан ауданда атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер жайлы егжей-тегжей баяндады.


Ақпарат көзі: -

Кіру