Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар Аудандық прокуратурамен алименттердің өндірілуі қамтамасыз етілуде

Аудандық прокуратурамен алименттердің өндірілуі қамтамасыз етілуде

Аудандық прокуратурамен алимент өндіру санатындағы атқарушылық құжаттарды борышкерлердің мүлкінен өндіру арқылы орындалуы қамтамасыз етілуде.
01.11.2019 12:40:02 | 25 рет қаралды

Аудандық прокуратурамен алимент өндіру санатындағы атқарушылық құжаттарды борышкерлердің мүлкінен өндіру арқылы орындалуы қамтамасыз етілуде.

Қыркүйек айында жүргізілген үйлестіру шараларымен алимент төлемдері бойынша берешегі бар борышкерлерден 1 автокөлік пен 1 тұрғын үй өндіріп алушылардың меншігіне берілді.

Мысалы, борышкер Қ.-ның өндіріп алушы Г.-ның пайдасына алимент бойынша берешегі 1 232 726 теңгені құраған. Осы қарызын өтеу мақсатында борышкердің атындағы Жалағаш кентінде орналасқан тұрғын үй алимент төлемдері есебінен өндіріп алушы Г.Азмаханованың меншігіне тіркелуі қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда өндіріп алушы мен 2 баласы осы үйде тұруда. Осыған тектес шаралармен кәмелетке толмаған 1 балаға 900 мың теңгеден аса берешегі бар борышкерден «Opel» маркалы автокөлігі өндіріп алушының меншігіне тіркелді.

Осылайша аудандық прокуратура кәмелетке толмаған балалардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуде.


Жалағаш аудандық прокуратурасы

Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz/

Кіру