Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар АУДАНЫМЫЗДА 4000-ҒА ЖУЫҚ АРДАГЕР БАР

АУДАНЫМЫЗДА 4000-ҒА ЖУЫҚ АРДАГЕР БАР

Қарттарын асыл қазына деп ардақ тұтқан егеменді елімізде қарттарымызға қашан да лайықты құрмет көрсетілуде.
02.10.2019 11:14:33 | 22 рет қаралды

1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай аудан әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан әкімі, партия филиалының төрағасы Қ.Сәрсенбаев ауданымыздың дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосқан, қазіргі таңда құрметті демалыста жүрсе де ауданымыздың мәдени-экономикалық өміріне белсене араласып жүрген бірқатар ардагерлерді қабылдады.

- Cіздерді Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. «Ауылыңда дана қартың болса, жазылып қалған хатпен тең» дегендей, Сіздер тұрғанда кейінгі ұрпақ арқасын тауға тірегендей халде болатынын айтсам артық болмас.

Дана халқымыздың үлкенді қадірлеудің игі дәстүрі өздеріңіз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болып қала бермек. Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет, - деді аудан басшысы кездесуде.

Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев, М.Шәменов ауылының тұрғыны, ардагер әже Р.Жүсіпова сөз алып, ыстық ықыластарын жеткізді.

Шара соңында аудан басшысы ардагерлерге алғыс, сый-сыяпат табыстап, естелік суретке түсті.

Ақпарат көзі: -

Кіру