Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар АУДАНЫМЫЗДА АЛҒАШ РЕТ «ZHALAGASH LIFE» ЖАСТАР ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

АУДАНЫМЫЗДА АЛҒАШ РЕТ «ZHALAGASH LIFE» ЖАСТАР ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

2018 жылдың 13-15 тамыз аралығында Халықаралық жастар күніне орай Жалағаш ауданы жастарының «Zhalagash life» жастар лагері өз жұмысын жүргізді.
16.08.2018 09:21:01 | 170 рет қаралды

Лагерьге кент және ауылдық округтардан 60–қа жуық жастар қатысып, аудан жастарының шығармашылық әлеуетін тиімді дамыту мақсатында қатысушыларға пайдалы шеберлік сабақтары мен тренингтер, спорттық және шығармашылық жарыстар өткізілді.

 






Жастардың көпшілігі үшін лагерь қызықты өмірлік тәжірибе ғана емес, сонымен қатар, өзінің жаңа қыры ашылатын, пікірлестерімен танысып, аймағымыздың бірқатар тұлғаларымен кездесетін орынға айналды десек болады.

Лагерьдің алғашқы күнінде жастар «Жұлдызбен кездесу» айдарында «Qyzylorda» телеарнасының жүргізушісі, жалағаштық жерлесіміз Талант Айымбетовпен кездесіп, пікір алмасты.

«Жаңғыруды өзіңнен баста» деп аталатын лагерьдің екінші күнінде қатысушылар «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлім меңгерушісі Арыстанбек Байқабыловпен кездесіп, дін мен дәстүрдің үндестігі, қазақстандық патриотизм және дін мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Лагерьде сонымен қатар, басқа да бағыттағы іс-шаралар, спорттық, топтық жұмыстар, семинар-тренингтер, таңғы жаттығулар, кездесулер, эстафеталық сайыстар өткізілді.




        





 

  


Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру